Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі К.Қ.Мәсімовке
Премьер – Министру

                                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

2012 жылы 19.09. жарияланды                    

Қазақстан Республикасының

Премьер Министрі

К.Қ.Мәсімовке

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

 

ҚР Президентінің «Қазақстан – 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде автомобиль жолдарын дамыту қажеттілігі көрсетілген.    

Аталған саладағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметімен қолдауға тұрарлық нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен бірге кідіріссіз назар аударуды талап ететін бірқатар фактілерді атап өтпеу мүмкін емес.  

Бұл жерде әңгіме көптеген адам өліміне себепші, жиі болатын ірі жол-көлік оқиғалары туралы болып отыр. Ресми мәліметтер бойынша, соңғы 10 жыл ішінде біздің елімізде жол-көлік оқиғаларынан балаларды қоса алғанда 32 мыңнан астам адам көз жұмған; 166 мыңнан астамы жарақаттар алып, мертіккен.      

Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқан қазақстандықтардың саны Ауған соғысындағы Кеңес әскерінің шығынынан екі еседен астам көп, салыстырсақ: онда осындай уақыт аралығында (10 жыл) әскери әрекеттерден 14 мыңдай адам көз жұмған.  

Сонда Қазақстан жолдарында көптеген адамдардың өліміне алып келіп жатқан күнделікті тоқтаусыз майдан жүріп жатыр деп айтуға болады. 

Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың едәуір үлесі республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарға келеді. Мәселен, 2011 жылы  жол-көлік оқиғаларынан 2707 адамның 1113-і немесе 41 %-ы осындай жолдарда қаза тапқан.  

Олардың арасынан республикалық маңызы бар «Алматы-Астана» трассасы аса ерекшеленіп отыр.

- 2010 жылғы 13 қазанда осы трассада болған жол-көлік оқиғасы кезінде  11 автобус жолаушысы қаза тапқан;

- 2011 жылғы 8 мамыр күні сонда, минивэн мен КамАЗдың соқтығысуы кезінде 16 адам қаза тапқан;

- Биылғы жылдың тамыз айында осы трассада болған жол-көлік оқиғасынан 16 адам көз жұмды.

Бұл ірі қанды мысалдар ғана.

Бір сәтте көбіне өлімге немесе адамдардың аз бөлігін мүгедектікке әкелетін жол-көлік оқиғалары аталған трассада іс жүзінде апта сайын болып тұрады.   

Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің ішінде қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кету жағдайы елеулі орын алып отыр (барлық оқиғалардың 10 %-дан астамы ). Салдарының ауырлығы жағынан және адам өлімінің ауқымы бойынша аталған себеп сөзсіз алда тұр, себебі ол жылдамдықты екі есеге дейін арттырады және сәйкесінше көліктердің соқтығысуы зақымды болады.

Жол жүрушілердің өздері айтып отырғандай, аталған «Алматы-Астана» трассасы негізгі бөлігі бойынша екі жолақты болып табылады, ол жол төсемінің енсіздігімен және бөліп тұратын тосқауылдың жоқтығымен ерекшеленеді. Ал бұл жағдай көлік құралдарының жоғары тығыздығы мен әртүрлі қозғалыс жылдамдығы кезінде көліктердің қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетуіне және ауыр апаттарға әкеліп соғады.       

Сонымен бірге «Алматы-Астана» трассасы тек аталған қалаларды ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін, бізбен көршілес мемлекеттерді байланыстыратын жалғыз жол болып табылады.  Жолаушылар және жүк тасу дүрмегі жыл сайын өсуде.

Осыған байланысты, трассаны 4 жолаққа дейін кеңейту және қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс жолақтарының арасына бөліп тұратын тосқауыл қою жолымен «Алматы-Астана» трассасын жаңғырту туралы мәселені көтеруді қажет деп ойлаймыз. 

Біз мұндай жобаның шығынды болатындығын түсінеміз, алайда Ата Заңымыздың 1 бабына сәйкес адам және оның өмірі Қазақстан Республикасындағы жоғары құндылықтар болып табылады. Және дәл осы ұсынылып отырған жаңғырту көптеген отандастарымыздың өмірін сақтап қала алады.   

Сонымен қатар, жоғарыда атап өтілгендей, автомобиль жолдарын дамыту еліміздің стратегиялық дамуының басым бағыттарының бірі ретінде танылған, ал ірі инфрақұрылымды жобалардың құрылысы қазіргі экономиканың дағдарысқа қарсы бағытталған маңызды құралдарының бірі болып табылады. 

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып Сізден, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, «Алматы-Астана» жолын жаңғырту бойынша осы үндеуімізді қарауыңызды сұраймыз.

Сауалды қарау нәтижесі және қабылданатын шаралар туралы заңда көрсетілген мерзім ішінде хабардар етуіңізді сұраймыз. 

 

 

Құрметпен,

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының  депутаттары 

  А.Перуашев

  Е. Никитинская 

А.Әбілдаев

                                                                                        Н.Жазылбеков

                                                                                    М.Қазбекова

 С.Сарсенов

         А.Тұртаев