Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры А.Х. Дауылбаев мырзаға, Кедендік бақылау комитетінің төрағасы М.Т. Есенбаев мырзаға
Қазақстан Республикасының

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

А.Х. Дауылбаев мырзаға

 

Кедендік бақылау комитетінің

Төрағасы М.Т. Есенбаев мырзаға

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!

Құрметті Мәжит Төлеубекұлы!

 

Қайта өңдеу өнеркәсіптерін, технологиялық өндірістерді дамыту салаларын қалыптастыруда еркін экономикалық аймақтар және кеден қоймасы режімі сияқты кедендік реттеудің әртүрлі нысандарының маңызды рөл атқаратыны белгілі.

Кедендік қойма рәсімі отандық өндірушілерге Қазақстан аумағында дайын өнімдерді қайта өңдеу және өндіру үшін, шикізатты және материалдарды әкелуге ерекше тәртіппен мүмкіндіктер береді. Осы тәртіптің арқасында  біздің елімізде  тамақ, машина жасау, химиялық және т.б. өнімдерді өндіретін бірқатар алдыңғы қатарлы кәсіпорындар пайда болды. Олардың көбі отандық бизнестің көшбасшылары, Президенттік «Алтын сапа» сыйлығының иегерлері болып табылады және Кедендік одақта Қазақстанның бәсекеге қабілетті маңызды факторын құрайды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Алматы қаласы және Алматы облысының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын  бірқатар қазақстандық компаниялар кеден органдарының шешімі бойынша оларды еркін қойма мәртебесінен айырудың нақты қауіпі жағдайында қалып отыр.

Мәселен, Президенттік «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты болып табылатын «Қайнар-АКБ» ЖШС-і, «Компания Фудмастер» АҚ, «Кока-кола Алматы Боттлерс» ЖШС, «DOLCE» ЖШС, «Raimbek-Agro» ЖШС,  «BosforMotors» (Босфор Моторс), «Хамле Компани ЛТД» ЖШС, «КазгеоСинтетика» ЖШС және т.б. компаниялар бойынша осындай ақпараттар келіп түсті.

Кәсіпкерлер хабарлағандай, 2012 жылы қыркүйекте ҚР ҚМ КБК-нің өкімі бойынша жоғарыда көрсетілген компанияларға еркін қойма талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізілген болатын.

Тексеру қорытындысы бойынша болмашы кемшіліктер табылған және бір ай ішінде оларды жою бойынша нұсқамалар шығарылған. Атап өту керек, анықталғандары әдеттегі кемшіліктер және оны жою қиындықтар келтірмейтін еді.

Мысалы, «Қайнар АКБ» ЖШС бойынша ескертулер жекелеген жерлерде асфальттық төсемнің жоқтығы және аумақта бейнебақылау орнатылмағаны туралы мәселелерге қатысты болған.

Бірнеше компаниялар («Дольче» ЖШС, «Кока-кола Алматы Боттлерс» ЖШС, «Райымбек Ботлерз») әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған болатын.  Кейбір жағдайларда тексеру заң бұзушылықпен жүргізілген, қазіргі уақытта кедендік органдардың әрекеттері сот тәртібімен қаралуда.

Актіде көрсетілген кемшіліктерді белгіленген мерзімде түзеткендеріне қарамастан,  одан кейін кемшіліктерді жою бойынша  компаниялар  қайтадан тексерілген, ол бұзушылықтарды жою туралы  кедендік қарау Актілерімен расталған («Қайнар-АКБ» ЖШС-і, «Фудмастер» АҚ, «КазгеоСинтетика»ЖШС және т.б.).

Бұған қарамастан, ҚР Кедендік бақылау комитетінің а.ж. 22 қаңтарындағы бұйрығымен аталған кәсіпорындардың барлығы, себебі түсіндірілместен,  еркін қойма иелері Тізілімінен алынып тасталған.  

Тағы бір айта кетерлігі, бұл оқиғалардың тек Алматы қаласы және Алматы облысының кәсіпорындарына қатысты болуы, олардың біржақтылығы мен әділетсіз қөзқарастарын айғақтап тұрған секілді.

Қазіргі уақытта тағы сол жерде отандық индустрияның тағы бір флагманы – LG-Eleсtronic зауытына қатысты үшінші апта бойы прокуратура органдарымен тексеру жүргізілуі де ойға қалдырады. Бұл кәсіпорын да еркін қойма режімін қолданады, әлемдегі LG компаниясының 28 зауытының ішіндегі беткеұстары, еркін қойма режіміндегі бірқатар кәсіпорындармен бірге жақында президенттік «Алтын сапа» сыйлығына ие болған. Алатау ауданының аумағында орналасқан осы кәсіпорынға қатысты тексеруді Бостандық ауданының прокуратурасының жүргізуі; сонымен қатар тексерудің нақты мақсаты анық белгіленбегендігі және тексерушілер компания қызметінің әуелі бір бағытына, содан соң басқа бағыттарына қатысты құжаттарды үздіксіз сұрата беруі тексеруге күмән туғызады.

Соңғы жылдары осы еркін қойма режімін пайдаланатын кәсіпорындар инвестицияның, өнеркәсіп және технологиялық өндірістердің  сәтті өсуін  көрсетіп келе жатқанын атап өтуді қажет деп санаймыз. Дағдарыс кезеңінде нақты осы сегмент қазақстан экономикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың Бағдарламасын  іске асырудағы негізгі факторлардың бірі болды.

Отандық компанияларды еркін қойма режімінен айыру оларды өткізім нарықтарын жоғалту қауіпіне әкеледі, себебі әкелінетін шикізаттарды кедендік тазалауға және өнімдерді өңдеуге кететін компанияның шығыстары күрт өседі, оның өзіндік құны көтеріледі. Оның үстіне, Кедендік одақ шеңберінде және Қазақстан ДСҰ-на кіретін кезінде қазақстандық тауар өндірушілердің  бәсекеге қабілеттілігі нақты төмендейді.

Қазақстандық индустрия үшін еркін қойма режімінің атқаратын рөлін ескере отырып, оны жабу туралы шешім көптеген жаңа озық жобаларды болдырмауға, жоспарланған инвестициялардың төмендеуіне, шығарылатын өнімдердің көлемінің кемуіне және жұмыс орындарын қысқартуға әкелуі мүмкін.

Сонысымен, мемлекеттік бағдарламаларға және Президеттің тапсырмаларына қарамастан  іс жүзінде тұтас аймақтың деиндустриаландыру туралы мәселесі қойылып отыр.

Ең болмағанда өтпелі кезеңде отандық өндірушілер үшін кедендік қойма режімін қорғау бойынша Кедендік одақ жөніндегі келіссөздер процесінде  Үкімет пен индустрия министрлігімен қаншама күш-жігердің жұмсалғанын еске сала аламын.

Бірақ та осы күш-жігерді қолдаудың орнына олар өзіміздің кедендіктердің  «аяқтан шалуына» кезігіп отыр.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде еліміздің экономикалық мүддесін және отандық тауар өндірушілерді қорғауда, олар үшін өте маңызды еркін кеден қоймасы режімінде бұдан әрі қарай кәсіпорындардың жұмыс істеуіне қатысты мәселе бойынша Сіздің араласуыңызды сұраймыз.

Сауалды қараудың нәтижесі туралы белгіленген тәртіп бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Құрметпен,

Ақ жол ҚДП

Парламенттік фракция мүшелері

А Перуашев

Е. Никитинская

А. Әбілдаев

Т. Ерғалиев

Н. Жазылбеков

М. Қазбекова

С. Сарсенов

А. Тұртаев