Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
С.Н. Ахметовке
Депутаттық сауал
Құрметті Серік Нығметұлы!
ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «2050 жылға дейiнгі Қазақстанның даму стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, сыртқы саясаттың басымдылығы айрықша прагматикалық принциптерге негізделген ұлттық мүдделерді ілгерілету болып табылады.
Сонымен бірге, ҚР Конституциясында Республика азаматы өз мемлекетінiң қорғауында болатыны анықталған.
Қазiргi уақытта азаматтардың мүліктік құқықтарын сорақы бұзу, мүмкін тіпті мемлекеттiк қорғауға мұқтаж Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделеріне қысым жасау болып жатыр.
Белгiлi болғандай, дағдарысқа қарсы шаралар барысында Кипрде бұл елдiң билiктерімен жергiлiктi банктердегi iрi депозиттерiнiң сомасынан 80% нақты тәркiлеу туралы бұрын-соңды болмаған шешім қабылданған.
Бұл шешiм, қандайда-бір сот немесе өзге де заңды шешiмдерге негiзделмеген, ал осы елдің мемлекеттiк бюджеттің тапшылығын кипрлік банктерге өз жинақтауларын сеніп тапсырған басқа елдің салымшыларының есебінен жабуын көрсетеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәлiметтерге сәйкес, қазақстандықтардың және қазақстандық компаниялардың Кипрдегі ақшалай қаржылары 1 миллиардтан астам евроны құрауы мүмкін.
Бұл қайдағы ақшалар, нақты қай біздің отандастарымызға немесе кәсiпорындарына тиесілі екендігі, олардың қаншалықты таза еңбекпен тапқаны жалпы көпшілікке әзірше белгісіз.
Осыған байланысты, бұл қаржылардың бiр бөлiгiнің шығу тегінің сыбайлас жемкорлық та болуы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды.
Солай болғанның өзінде де біздің елімізден ұрланған бұл ақшаларды Қазақстанға қайтару керек. Бұл деген жүздеген салынбаған мектеп, аурухана, балабақша, мыңдаған шақырым салынбаған жол.
Егер бизнесте таза еңбегімен табылған қаржы туралы әңгіме болса, онда біздің мемлекет өзінің азаматтарын, оларды басқа бір мемлекеттің тарапынан ашықтан-ашық тонаушылығымен бетпе-бет қалдырмай қорғауы тиіс.
Сонымен қатар, кипрлік банктердегі есепшот ұстаушылардың ішінде сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындар және ұлттық компаниялардың болуы да мүмкін. Мәселен, анықталып отырғандай бірқатар ең iрi ресейлiк мемлекеттiк компаниялардың есеп шоттары болған, сол Кипрдегі банкілер арқылы транзакция және мәмiлелер жүргізген. Сондықтан, заңсыз тәркіленген қазақстандық азаматтардың жеке қорлары ғана емес, және бiздiң мемлекетке қарасты кәсіпорындарға тиесілі қаржының да болу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды.
«Ақ жол» партиясы, Үкімет және СІМ болып жатқан жағдайлардың бетін ашып қана қоймай, оған Қазақстанының қатынасын да анықтау қажет,
әрі қазақстандық бизнестi қорғауы тиіс, сондай-ақ осы жағдайды, бұрын коррупционерлермен заңсыз шығарылған ақшаларды есепке ала отырып қазақстандық қаржыларды елге қайтару және ұлттық экономикаға құю үшiн пайдалану керек, Кипрдің пайдасына жататын тәркiлеудегі сома шамамен 160 милрд. теңгені құрауы мүмкін.
Әлбетте, көрсетілген ақшаны жұмсайтын біздің өзіміздің де проблемалар бар шығар.
Мұндай мәселені қою үшін барлық құқықтық негіздер бар, себебі 80% банк салымдарын тәркiлеу іс-әрекеті Қазақстан Республикасының Конституциясын және сол сияқты Кипр Республикасының Конституциясын, сондай-ақ халықаралық және еуропалық құқықтық талаптарды бұзады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн.
Кипр Республикасының Конституциясына сәйкес ешқандай да салық, баж немесе кез-келген түрдегі мемлекетке төлемдердің кері күші болмайды. Заң негiзiнде бiржолғы салықтарды өндiрiп алу, оған керi күштi беру туралы түсінік, Кипр Республикасының Конституциясының нормаларына қайшы келеді.
Соңында, «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының» 17-бабында әркім мүлікті иеленуге және кез-келген мүлкінен айырудан қорғауға құқығы қарастырылған.
«Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы» Еуропалық конвенцияның N 1 Хаттамасының 1-бабында әрбір жеке немесе заңды тұлғаның өз меншігін құрметтеу құқығы танылады.
Ресей Федерациясының ресми органдарының еуроаймақ елдерінің және Кипрдің шешімдерін «әдiлетсiз, кәсiби емес және қауiптi» деп атап, өз азаматтарының және өз елінің экономикалық мүдделерін қорғауға кірісуі кездейсоқтық емес.
Рессейлік БАҚ-ы бұл мәселе бойынша үкіметтің адам құқықтары жөніндегі халықаралық сотқа, халықаралық экономикалық арбитраждарға және өзге де халықаралық органдарға жүгіну ниеттері жайлы хабарлайды. Дәл осы уақытта ҚР Конституциясының 11-бабында Республика өзiнiң шегінен тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бергеніне қарамастан не қазақстандық СIМ-і, не бiздiң үкiмет болып жатқан жағдайларға көңіл аударған жоқ.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты хабарлауыңызды сұраймыз:
Қазақстандық кәсіпорындардың, банктердің, ұлттық компаниялардың және ҚР азаматтарының Кипр оффшорлық аймақтарында депозиттері бар ма, олардағы ақшаның сомасы қанша және 80% тәркілеуде олардың ішіндегі қанша сомасы Қазақстан үшін жоғалады?
Бұл ақшаларды заңсыз жолмен алынған деп бағамдауға негіз бар ма,
бiздiң мемлекеттің құқығын мәлімдеу және елімізге оларды қайтаруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдана ма?
Қазақстанның адал азаматтарының және Кипрдегі қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау үшiн үкiмет қандай шаралар қабылдауды қарастыруда?
Сауалды қараудың нәтижелері туралы жазбаша түрде, қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП
Парламенттік фракция мүшелері
А.Перуашев
Е.Никитинская
А. Әбілдаев
М.Қазбекова
Н. Жазылбеков
Т.Ерғалиев
А.Тұртаев