Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикаcының Премьер-Министрі С.Н. Ахметовке
Қазақстан Республикаcының

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15.05.2013 жарияланды                             Қазақстан Республикаcының

     Премьер-Министрі

     С.Н. Ахметовке

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Серік Нығметұлы!

 

Жақында «Ақ жол» партиясының депутаттары Атырау облысындағы сайлаушылармен кездескенде аманат ретінде қойылған мәселенің жедел шешілуіне көмектесуді сұрайды.

Өткенге құрметпен қарағанымыз жөн.

Қазақтың қай-қай жері де қасиетті, тұнған тарих.

Осындай киелі мекеннің бірі – Қазақ хандығының астанасы – Сарайшық қаласы болып табылады.

Сарайшық  өзге қалалармен қатар, Ертістен Дунайға дейінгі Ұлан байтақ өлкені билеген, кейінірек Алтын Орда аталған империя –Жошы ұлысының кезінде салынған.

Сарайшық  Қасым ханның басшылығымен қазақ хандығының астанасы атанған.

Жібек жолының маңызды бағытында орналасқаннан кейін, Сарыайшық сол заманғы ең дамыған және сәулетті қалалардың бірі болды.

Бұл қалада XIV ғасырда Жәнібектің және Бердібектің Алтын Орданың хандық таққа отыру рәсімдері өткен.

Бұл жерде кезінде үш жүзге толықтай мойындалған жеті хан жерленген.

Қаланы XVI ғасырда Иван Грозный қиратты.

Сарайшықтың жәдігерлерін ғылыми зерттеулерінің екі ғасырдан астам тарихы бар.

Оған Еуропалық белгілі ғалымдар П.Паллас және Ф.Гебель қазба жұмысын жүргізген.

Ресей ғалымдары Рычковтың, Левшиннің, Карамзиннің шығармаларында көрсетіледі.

ХХ ғасырда қазақ археологиясының негізін қалаушы Әлкей Марғұлан зерттеу жүргізді.

Сол қалада табылған және әлі табылмаған мұралардың қазақ елі үшін орыны бөлек.

Өкінішке қарай, жыл сайын су тасыған кезде 5-10 метрге дейінгі жерін құлатып, Сарыайшық қаласының қалдығы Жайыққа жұтылып бара жатыр.

Қазір де қала орнында шашылып жатқан адамның сүйектерін көруге болады.

Егер өзен бағытын өзгертпесек, жақын арада қаладан түк қалмайды.

Ал бұл біздің өткен заманымыздың тарихына үлкен зиян.

Қаланың қалған бөлігін құтқаруға жалғыз жолы бар.

Ол - бекініс салу.

Бұл мәселе осыдан 3 жыл бұрын қарастырылған және оның бағасы есептелген.

Алайда әлі күнге дейін бұл шаруа нақты шешімін тапқан жоқ.

Сарайшық өткен тарихымыздың жарқын беттерінің бірі.

Қаланы ағыс­тан қорғайтын бекініс мәселесі жақында шешілмесе, онда ұрпақ үшін аса маңызды, құндылығын ешқандай ақшамен өлшей алмайтын тарихи жәдігермен мәңгілікке қоштасуға мәжбүр боламыз.

Сондықтан да «Ақ жол» партиясының депутаттары Үкіметті  Қазақ хандығының алғашқы астанасынан қалған асыл мұраны сақтап қалу үшін барынша күш салуға шақырып отыр.

Сауалға жауапты белгіленген тәртіп бойынша жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП

Парламенттік фракция мүшелері

 

А. Перуашев

Е. Никитинская

А. Әбілдаев

Т. Ерғалиев

Н. Жазылбеков

М. Қазбекова

А. Тұртаев