Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру мақсатында генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті.
Сенатор О.Рахманбердиев кездесу барысында «Жас Ұлан» мектебінің оқу-материалдық базасымен танысып, оқу сыныптары, кітапхана, спорт залы, мұражай, жатақхана және асханасын аралап көрді.