Өңір
Сенатор О

Сенатор О.Рахманбердиевтің

Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапар жөнінде есебі.

 

 

 

            Үстіміздегі жылдың 10-13 қаңтар аралығында Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын насихаттау мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан, Кентау және Шымкент қаласы Асар шағын ауылы менен Бадам ауылының тұрғындарыменен кездесулер өткізді. Кездесу барысында Сенатор Орынбай Рахманбердиев «Қазақстан-2050» стратегиясының басым бағыттарына ерекше тоқталып кетті.

            Жалпы соңғы жылдары Қазақстандықтардың өмір сұру деңгейі анағұрлым оңалып келгенін атап өтті. Және де Еуропа елдерінің экономикасы тұрақсыздығына қарамастан Қазақстан күйзеліс сындарынан алдын ала шара дайындап тұрақты өтуіне барлық жағдай жасап отырғанын мәлім етті. Осыған орай, Елбасының тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылдық республикалық бюджетте 40% жуық бөлігі әлеуметтік салаларға  бағытталғанын жеткізді.

            Сонымен қатар, Елбасының 2010 жылы ҚР Үкіметіне берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан 50 елдің озық мемлекеттің құрамына кіру міндетің қойған болатын. Алайда, аталған жоспар мерзімнен бұрын орындалғанын атап өту керек екендігін айтты. 

            14-17 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам, Түлкібас және Қазығұрт аудандарында ел қалаулары менен жүздесіп ел ішіндегі тұрған көкей тесті сұрақтарына жауап беру жоспарлануда.