«2009 жылғы 6 қазанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Француз Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша
Анықтама
Заң жобасын Комитет мүшесі О.Рахманбердиев жүргізді.
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1634 қаулысымен енгізілді. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 - V ПМ қаулысымен Сенатқа жіберілді.
Хаттаманың басты мақсаты Қазақстан Республикасының өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық мүдделеріне сәйкес Ауғанстан Ислам Республикасын қалпына келтіру мен тұрақтандыру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға жәрдемдесудегі Қазақстанның рөлін нығайту болып табылады.
Хаттаманы ратификациялау біздің республикаға өзара тиімді экономикалық салдарлар береді.
Аталған заң жобасын қабылдау қосымша қаржылық шығындарды, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық және өзге құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Келісім 2012 жылғы 21 қарашада Парижде жасалған.
2012 жылғы 27 желтоқсанында Сенаттың отырысында заң қабылданды.
2012 жылғы 27 желтоқсанда заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына жіберілді.