«2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша
Анықтама
Заң жобасын Комитет мүшесі О.Рахманбердиев жүргізді.
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 1634 қаулысымен енгізілді. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 321 - V ПМ қаулысымен Сенатқа жіберілді.
Хаттаманың мақсаты екі мемлекет азаматтарының өзара сапарларының режимін одан әрі ретке келтіру болып табылады.
Осы Хаттамаға сәйкес бір Тарап мемлекетінің азаматтары шетелге шығу үшін жарамды құжаттарының негізінде баратын мемлекеттің мемлекеттік шекарасын бірінші рет кесіп өткен күннен бастап жүз сексен күн бойында тоқсан күнге дейінгі мерзімде екінші Тараптың аумағына визасыз келе алады, транзитпен өте алады, одан кете алады және онда бола алады.
Бұл ретте азаматтардың болу мерзімі әр тарап мемлекетінің қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкін.
Бір тарап мемлекетінің аумағына кірген кезде қойылған шекаралық бақылау органдарының белгісі бар көші-қон карточкасының болуы тараптардың құзыретті органдарында тіркеуден босатылуға негіз болып табылады.
Қаралып отырған Хаттама 2010 жылғы 7 сәуірде Астанада жасалған.
2013 жылғы 31 қаңтарында Сенаттың отырысында заң қабылданды.
2013 жылғы __ қаңтарында заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына жіберілді.