Сенатор
О. Рахманбердиевтің баяндамасы
Құрметті әріптестер!
Құрметті депутаттар!
Аталған заң жобасы туралы ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы толығымен айтып берді. Қайталаудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Қысқаша тоқталып кетейін:
Еліміздің экономикалық ахуалды талдау барысында 2013 жылғы түсімдердің кемуіне байланысты тиісті түзетулер енгізілді.
Басты себептер сыртқы сұраныстың қысқаруы болып отыр, оның ішінде өсімдік шаруашылығының жалпы өнімін өндірудің төмендеуі, өнеркәсіп саласында өсу қарқыны төмендеуі, мұнай мен темір рудаларын өндіру көлемдері 10 пайыздық көлемге азаюы, өңдеу өнеркәсібінің төмендеуі сондай-ақ металлургияда, химия өнеркәсібінде, тамақ өнімдерін өндіру салалары бойынша төмендеп отыр.
Жалпы 2013 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің жоспарлары трансферттердің түсімін ескермегенде 226 млрд. теңгеге азая отырып 3 588,3 млрд. теңге сомасында айқындалды.
Түсімдердің азаюы келесі параметрлер бойынша болжанады:
Салықтық түсімдер бойынша 231,1 млрд. теңгеге.
Негізгі төмендеу металдар мен мұнай емес сектордың жалпы қосылған құнының өсу қарқынының төмендеуіне байланысты корпоративтік табыс салығы бойынша (299,9 млрд. теңге) азайуы күтіледі.
Сонымен қатар, 23,8 млрд. теңге сомасында корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша түсімдер түсу жоспарлануда.
Қосылған
құн салығының төмендеуі
59,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде импорт
көлемінің және Жалпы ішкі өнімнің өсу
қарқынының төмендеуі есебінен 120,1 млрд.
теңгеге азаяды және қосылған құн салығын
қайтару сомаларының азаюы және салықтық
әкімшілендірудің жақсаруы есебінен 60,5 млрд.
теңгеге ұлғаяды. Салықтық емес түсімдер
бойынша жоспарлар
16,9 млрд. теңгеге ұлғайтыла отырып
нақтыланды, бұл 75,7 млрд. теңгені
құрайды.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 11,8 млрд. теңгеге азайтылды.
Ел басының тапсырмасы бойынша Ұлттық қордан көлік инфрақұрылымын дамытуына нысаналы трансфертен 25,5 млрд. теңгені бөліну жоспарлануда.
2013 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 121,3 млрд. теңгеге азайтыла отырып, 6 099 млрд. теңге сомасында құрап отыр.
Жұмыспен қамту жол картасына 30,1 млрд. теңге және 20,4 млрд. теңге сомасында «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыруына қосымша қаражат бөліну жоспарлануда.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасының бекітілугіне байланысты 22,2 млрд. теңге сомаға ұлғайтылды.
Бизнестің жол картасы – 2020-ның 14,0 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат көзделіп отыр.
EXPO-2017 және Универсиада іс-шараларды өткізуіне Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы сомасы 50,4 млрд. теңге (Астана – 30,4 млрд. теңге және Алматы - 20,0 млрд. теңге). қосымша қаражат бөліну болжануда.
Күтілетін шығындарды ішінара өтеу мақсатында бюджет тапшылығы 85,4 млрд. теңгеге артып, 870,6 млрд. теңге сомасында немесе Жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,5% көзделіп отыр, оның ішінде 20 млрд. теңгеге 2012 жылғы бюджет қалдықтарының тартылуы есебінен болып отыр.
Жалпы айтқанда мұндай келеңсіз жағдайлар дүние жүзіндегі экономикалық ахуалдарға байланысты өзгеріс болып тұруы заңдылық. Осы жағдайларды ескере отырып құрметті әріптестер, заң жобасын толықтай қолдап, Сенаттың бас комитетіне жіберуіне қолдау көрсетулеріңізді сұраймын.
Назар аударғандарыңызға рахмет!