2012 жылғы бюджеттің есебі
Выступление Вице-Министра финансов РК

Сенатор

О.Рахманбердиевтің

Баяндамасы

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы»

Есебі

 

Құрметті Әріптестер!

 

2012 жылғы Республикалық бюджетте түскен түсімдер 4 889,2 млрд.теңгені немесе жоспарға 100,7 пайызды құрады.

Республикалық бюджеттің нақтыланған кірістері 100,7 пайызға орындалды, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша жоспар 100,8 пайызға, салықтық емес түсімдер бойынша 103,6 пайызға, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша 87,7 пайызға және трансферттердің түсімдері бойынша 100,2 пайызға орындалды.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардағы 1 081,2 млрд.теңгенің орнына 1 041,2 млрд. теңге немесе 96,3 пайыз түсті.

Қосылған құн салығы бойынша 2012 жылы 914,4 млрд.теңге немесе жоспарға 103,1 пайыз түсті

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері 2012 жылы 3 843,9 млрд.теңгеге толықтырылды және 2013 жылғы 1 қаңтарда 10 446,5 млрд.теңгені құрады.

Республикалық бюджет шығыстары 2012 жылға 5 795,7 млрд.теңгені немесе жоспарға 99,3 пайызды құрады. 2011 жылмен салыстырғанда республикалық бюджет шығыстарының өсуі 668,4 млрд.теңгені құрады.

Сонымен қатар, 2012 жылы 41,6 млрд.теңге сомасында  пайдаланылмай қалғанын көріп отырмыз. Оны Вице-Министр Лена Мағауяқызы баяндап берді қайталаудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын.

Өңірлерге келетін болсақ 2012 жылы  Республикалық бюджеттен 889,3 млрд.теңге сомаға нысаналы трансферттер бөлінген, оның 871,5 млрд.теңгесі немесе 98% игерілді. Ал 2 пайызы игерілмегенін байқап отырмыз (17,8   млрд.теңге). Ең көп игерілмеген өңірлер ол Алматы, Астана қалалары сонымен қатар Атырау, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары болып келеді. 

Жалпы бюджет тапшылығына келетін болсақ 2012 жылы 906,5 млрд.теңгені құрады.

Бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын бұзу фактілері бойынша 83,3 млрд. анықталды.

Құрметті әріптестер, жоғарыдағыны баяндай келе Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін толықтай қолдап, Сенаттың бас комитетіне жіберуіне шақырамын.

 

Назар аударғандарыңызға рахмет!