Жетім балалар жөнінде
Қазақстан Республикасы

11.06.13ж.

10.00

501 бөлме

 

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

БАЯНДАМА

 

Құрметті әріптестер!

 

Аталған заң жобасының мән-мағынасын ашып, қоғамға қажеттілігі  жөнінде баяндамашы толығымен айтып кетті.

          Жалпы бұл заң жобасымен екі Кодекске және қолданыстағы екі Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр.

         Заң жобаның басты мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік бейімдеу жағдайларын күшейту, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың ата-анасынан қалған тұрғын үйлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау жасаудың тиімділігін арттыру, сонымен қатар салық төлеу саласында жеңілдіктер қарастыру болып табылады.

          Заң жобасының қабылдануы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына септігін тигізетіні сөзсіз. Бұл санаттағы азаматтарымызға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қашанда өзінің жанашырлығын білдіріп, қамқорлығын көрсетіп келе жатқандығы бәрімізге мәлім. Қазақта бір жақсы мақал бар «жетім көрсең, жебей жүр» деген. Жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқор болу, оларға жақсылық жасау халқымыздың қанында бар жақсы қасиет. Бұл заңның да осы бағыттағы алатын орны ерекше, қолдауға лайық деп есептеймін. 

Сондықтан, құрметті әріптестер, осы айтылғандарды ескере келе Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын толықтай қолдап, Сенаттың бас комитетіне оң қорытынды берсек деген ұсыныс білдіремін.

Назарларыңызға рахмет.