ЕКПА-ның 2013 жылғы қысқы сессиясы жайлы
Ақпанның 21 және 25 аралығында Страсбург қаласында сенатор О. Рахманбердиев, Парламент Мәжілісінің Комитет басшысы Р.Мукашев және депутат Е.Дошаев қатысқан Еуропа Кеңесі Парламент Ассамблеясының кезекті сессиясы орын алды.
Сессияда қарастырылған басты сұрақтар: Андора Сыртқы Істер Министрі Гилбер Сабоя Сунье мен Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің сөз сөйлеулері және де «2008 жылғы Ресей мен Грузия арасындағы соғыстың гуманитарлық салдары» тақырыбына баяндамалар мен шешімдердің қабылдануы, Еуропаның адам құқығы бойынша сотының құрамдық өзгерістері жайлы Әзербайжанның ЕК алдындағы міндеттерін орындауы туралы баяндама, және Әзербайжандағы саяси қамауға алынғындар жайында сөз сөйленді.
Одан басқа Малидегі жағдайға байланысты дереу дебаттар орын алды.
Сессияның алғашқы күні өзінің кіріспе сөзінде, Ассамблеяның қайта сайланған басшысы Ж.К.Миньон, өзінің 2013 жылға арналған президенттігінің басты мәселелеріне тоқталды, дәлірек айтқанда: конфликттік жағдайдағы парламенттің мүше мемлекеттері арасындағы диалогты қалпына келтіру.
Андораның сыртқы істер министрі Гилбер Сабоя Сунье (ЕК Министрелер Комитетінің басқарушы мемлекет), өз мемлекетінің басшылығының тақырыбы білім беру арқылы адам құқығын қорғау және демократия екенің еске түсірді. Андора демократиялық азаматтықты тәрбиелеу және адам құқығы саласында білім беру туралы ЕК Хартиясымен келісе жұмыс атқармақшы.
Грузия Президенті Михаил Саакашвили өзінің билік еткен кезеңінде мемлекетте демокартиялық өзгерістер болғаны, жемқорлықтың азайғаны және азаматтардың әл-ауқатының асқаны жайлы айтты.
М.Саакашвили Абхазия мен Оңтүстік Осетия Грузияның территориясы екендігіне қайта тоқталды. Ол Ресейдің жоғарыда айтылыған территорияларда грузиялық ауылдарды жойып және этникалық тазартуларды іске асыра отырып, өзінің әскери қатынасының күшейтіп отырғаны жайлы мәлімдеді.
Госудуманың депутаты Роберт Шегельдың Абхазия мен Оңтүстік Осетия дәрежесі жайлы сұраққа жауап бере отырып, Саакашвили: «Грузия картасының Сізде өз ңұсқаныз, ал менде өз нұсқам » - деп мәлімдеді. Рессейдің даулы территорялырды жеке мемлекеттер арқылы тәуелсіздігіне жеткізуіне тырысыуда еш өзгерістер жете алмайтындары жайлы айта кетті.
Грузия Президенті, елдің жаңа премьері Бидзина Иванишвилидың Грузияның сот жүйесі мен БАҚ-қа, әсіресе телевизиондық құралдарының қудалануы жайлы алғашқы қадамдарын дереу сынға салды. Саакашвили жаңа үкіметтің Ресеймен жақсы қарым-қатынастарын орнатуындағы құлшынысы, елдің НАТО мен ЕО-қа деген талпынысын «құрбандыққа шалмауы» керек деген ойды айтты. Жаңа үкімет «кеңес риторикасы көбірек естілетін» мәлімдемелерінің тоналдылығы, шамамен күнде ауысуда. Саакашвилидың мәлімдеуі бойынша, Ресеймен қатынастардың дұрысталуына, Ресейдің империалистік амбициялары мен территориялдық наразылықтары кедергі келтіріп отыр. Ресей делегациясының ЕКПА-дағы басшысы Алексей Пушковтың Грузиядағы адам құқықығының сансыз бұзылуы жайлы крититкалық наразылығына, Саакашвили «құқықтардың әрқашан және кең ауқымды ұстанатын» Ресейден «адам құқығын ұстануға» үйрене алатыны жайлы ирониялық мәнерде айта тоқталды.
Ассамблея қазіргі сессияның орталық сұрақтарының бірі –швед парламентариясыны Тина Акетофттың «2008 жылғы Ресей мен Грузия арасындағы соғыстың гуманитарлық салдары» тақырыбында шешімдері мен баяндамасын қарастырды.
ЕКПА депутаттары Женева халықаралық дискуссияларының бірінші жұмыс тобының шеңберінде, қақтығысқа қатысушы жақтарды мәселелерді шешуге тылсымдылық танытуға үндеп, және ЕК мониторингтық миссиясымен ұжымдаса екі жақтын әкімшілік шекарасы жайлы диалогты бастау туралы айтты.
Құжаттың қорытынды мәтінінде қақтығыс аймағындағы жағдай әлі де болса қауіпті екендігін айта кеткен, бірақ 2008 жылы соғысқа әкелген беделдей емес.
Шешім бойныша «Ресейдің Абхазия (Грузия) мен Оңтүстік Осетиядағы (Грузия) кең ауқымды әскери қатынасы бір кейіпті емес», себебі бұл Грузия мен әлемдік ұжымның көз-қарасы бойынша басқыншылыққа ұқсайды, ал Ресей мен бұл қауіпті аймақтардың үкіметтері – жаңармаған қақтығыстың гарантиясы секілді.
ЕКПА-дағы Ресей делегациясы бұл шешімге дауыс берген жоқ, себебі Абхазия мен Оңтүстік Осетия ол қарарда Грузияның құрамдас бөлігі деп көрсетілген. Одан басқа Ресейлік жақ, Абхазия мен Оңтүстік Осетия ресейлік басқыншылқта деген түзетулерді жағымсыз деп табуда.
Қарарда төрт жыл өткен сон қақтығыстың гуманитарлық салдары үлкен алаңдаушылықты тудырып отыр деп айтылған. Баяндаушының ойы бойынша, Грузияда үкімет басына жаңадан келген Бидзина Иванишвилидың «Грузия арманы» партиясы, диалогтың жаңаруына ықпалын тигізуі мүмкін.
Қарарда Грузия үкіметінің ауғындардың үй мәселесін тезірек шешуге үндеулер айтылған. Ресейдіде ауғындардың, әсіресе Оңтүстік Осетия ауғындарының үй мәселесін тезірек шешу мен 2008 жылғы соғыс қарсаңында Грузиядан қақтығыстардың салдарымен кеткен адамдардың мәселелерін шешуге үндеді.
Сессия барысында Адам құқығы жайлы Еуропа сотының (АҚЕС) құрамдас өзгерістері жайлы баяндаманың жағдайларын бірауыздан қолдап, мүше елдер үшін сәйкес қарар мен ұсыныстарды қабылдады.
Баяндаманы украиналық депутат С.Кивалов дайындаған. Баяндамашы айтқандай: «Біз мұқият анализдар жасағаннан кейін, Страсбург сотындағы істер жылдар бойы қарастырылатынына көзіміз жетті. Бұл жиі қарастырылатын істер және де орынсыз істер себеінен, дәлірек айтқанда, адам құқығы жайлы Конвенцияны бұзбайтын істердің Страсбург сотында қарастырылуы себебінен. Және бұндай істер АҚЕС-нда 90 % құрайды.
Мәселені зерттеу барысында АҚЕС жұмысына қиындықтар туғызатын, мүше мемлекеттердегі жүйелік және құрамдық жетіспеушіліктер анықталды. Атап айтқанда: ұлттық сот шешімдерінің орындалмауы, құқық қорғау органдарының қатыгездігі, сот талқыламаларының тым ұзақ уақыт жүруі, алдын ала тұтқындау мерзімінің асып кетуі және алдын ала тергеудегі ұстау жағдайларының болмауы.
Баяндамашының сөздері бойынша, ең қиыны болғаны, ол сот ісін жүргізудегі құрамдық мәселелері бойныша жоғарғы тұрған мемлекеттерді табу болды. Ақырында, тізімге кіргендер: Болгария, Греция, Италия, Молдова, Польша, Румыния, Ресей Федерациясы, Түркия мен Украина.
ЕКПА адам құқығы бойныша Еуропа сотының шешімдерінің орындалуын бақылайтын, ұлттық органдарды жасауға, мұше мемлекеттерге ұсыныс айтты.
Осы жылдың 23 ақпанында ЕКПА Әзірбайжан жайды екі есептемені қарастырды.
Бірінші есептеме Әзірбайжанның ЕК алдында міндеттерін орындауы жайлы болды. Ассамблея бұл құжатты теңдестірілген деп тауып, 196 дауысты көпшілікпен қабылдады; тек 13 делегат қарсы дауыс беріп, 16 делегат тартынған.
Педро Аргамунт (Испания) және Джозеф Греш (Мальта) оқыған баяндамада, Әзербайжанның демокартиялық институттар салаласының жұмыс істеуі үшін заң шығарушы шеңберілерінің прогрессін Мониторингтік Комитет мойындайтындығы жайлы айта кетті.
Сол уақытта, резолюцияда, Әзірбайжанды өз міндеттерінің толығымен орындауына дейін ЕКПА мониторингінің астында ұстауы керек жайлы айтылған.
ЕКПА ұсыныстарының ішіне: Әзірбайжандағы сайлауларды БДИПЧ ОБСЕ және Венециандық комиссияның дайындаған ұсыныстары бойынша жетілдіру, НПО тіркелу кедергілерін жою, МНПОға тіркелуді женілдеттіру және де парламентта оппозияциялық фракцияның пайда болуына жағдай жасау кіреді.
Неміс парламентариясы Кристофер Штрасстың даярлаған Әзірбайжандағы саяси тұтқындар туралы атты екінші құжат, мемлекетте саяси тұтқындарың саны мен орналасуы жайлы ұшқыр дискуссиялар туғызды. Бұл есептеме жайлы Резолюция қабылданбаған. (125 – қарсы, 79 – қолдаған, 20 – тартынған)
Бұл баяндаманың талқыламасы айтарлықтай дауылды болған.
Люксембургтан Анна Брассер есімді депутат Штрасстың баяндамасын қошеметтеп, Бакудың оған виза беруге бас тартқаның айыптаған. Ол Штрассты қолдайтың депутаттарды «антиәзірбайжандық лобби» деп атау жағымсыз деп айтты. Ол: «Біз тұтқындардың бір бөлігін босатуды қошеметтейміз, бірақ тізім жаңа тұтқындармен толуда. Адамдардың өз көз-қарастары үшін тұтқындалуы орынсыз» - деп айта кетті.
Норвегиялық депутат Лиз Кристоферсон, Әзірбайжанда әлі күнге дейін жиналыстар еркіндігі шектеліп, жасанды айыптармен журналисттер мен активистер қудаланып, олардың әрқашан қауіпте екендігін айтты.
Неміс депутаты Марина Шустер «Біздің Ассамблея Әзірбайжандағы саяси тұтқындар жағдайын тексеруге тапсырыс берген. Өкінішке орай ол, елге кіре алмады және біз бұған төзімділік көрсетпеу керекпіз.»
Армениядан депутат Арпине Ованисян, Мониторингтік комитеттің баяндамасы елдегі жетіспеушіліктерді жасырып, зірбайжан үкіметінің позициясын ақтап отыр деуде, карабах қақтығысы жайлы да.
Канада өкілі (Канада арнайы шақырылған мүше лауазымына ие) Корнелиу Чису, Әзірбайжандағы сайлаулар бір ретте демократиялық деп бағаланбағандықтарына алаңдаушылығын білдірді. Ол Сайлау кодексінде өзгерістердің керектігін айта кетті. Канадалық депутат Әзірбайжандағы коррупция, мемлекеттік органдардың айқындылығы бойынша күмәнділігін және саяси плюрализмнің жоқтығы жайлы айтып өтті.
Сол уақытта, баянадаманың сынаушылары, баяндама ресми инспекцияның барып келуінің нәтижесі ретінде емес, «есту арқылы» жазылғандығына көрсетті. Британдық депутат Роберт Вальтер, Штрассердің баянадамасы НПО баяндамаларына негізделген деп сынаған.
Штрассерға шынымен бірнеше рет кіру визаларына рұқсат берілмей, соңында баяндама, әзірбайжандық құқық қорғаушылар мен Amnesty International секілді халықаралық құқық қорғау органдарының негізінде жасалған.
Талқыламалардың қорытындыларын жасау барысында, Штрассер өз миссиясын атқару кезінде оны Әзірбайжанға жібермегендері, ал енді оның мемлекетке барып қайтпағаны жайлы наразылық айтып отқандары жайлы айтты. «Сіздер маған елге кіруге мүмкіндік бермедініздер, мені субъектікте айыптап отыр. Баяндама терең зерттеулер негізінде жасалған». Ол болған нәрселерді «Барлық Парламент Ассамблеясының терең жеңілісі» деп атады. Штрассер Әзірбайжандағы сот жүйесі, саяси мүдделерде қолданылатындығы жайлы толықтырып айтты, айта кеткенде «режимге қарсы активисттерді қорқыту, үндетпеу және басқа да тәсілдермен тоқтату үшін» қолданылатындығы жайлы сөйледі.
Алғашында, саяси мотивтермен әзірбайжандық түрмелерде тұтқындалған 85 адамның тізімі жасалған. Уақыт өте, президент И. Алиевпен рақымдалған, тұтқындау мерзімі аяқталған немесе түрмелерде қайтыс болған 35 адам тізімнен сызылып тасталған. Бірақ Құқықтық істер мен адам құқығы жайлы комитет отырысынан кейін тағы 10 адам тізімге қосылған.
Малидағы соңғы оқиғалар бойынша пікірталаста, ЕКПА еуропалық және африкандық мемлекеттер, ЕО және АҚШ «мемлекет территориясындағы малилық және француздық әскери күштермен бірігіп, өздерінің атсалысуларын күшейте отырып», «терроризмге негізделген, кепіл тұтқындарды ұстайтын және Сахаледегі нашақорлық пен қару-жарақ контарабандасы режимін » тоқтатып, Малидың территориялдық бүтіндігі мен конституциялық тәртібін қайта келтірулері жөн.
Дереу пікірталастардың аяқталуынан кейін, Ассамблея Ин-Аменас газдық комплексына жасалған террорлық шабуылдарды айыптап, бірнеше кепіл тұтқындардың өлтірілуі жайлы өкініштерін айтты. ЕКПА бұл трагедия халықаралық қауымдастыққа терроризмнің аяқталмас қаупі жайлы еске түсіріп отырғандығы жайлы айтты.
Баяндамашы Карен Волдсеттің (Норвегия) ұсыныстарында негізделген қабылданған құжатта, Малидың солтүстігіндегі радикалды исламисттердің жасап отырған адам құқығының ессіз бұзушылықтары айыпталуда, бірақта сонымен қатар адам құқығының бұзушылығы үкімет қарауындағы аймақтардада орын алатындығына назар аударылынған. Мали әскері және оның одақтастары «мемлекеттің солтүстігіндегі бақылауды қайта орнату барысында қандайда болсын зорлық шаралардан бас тартуы» керек.
Сонымен қатар ЕКПА Малидағы БҰҰ Балалар фондының атқарып отырған жұмысына қолдау көрсетуге үндеп, 2012 жылдың желтоқсан айында қабылданған БҰҰ ҚК Мали жөніндегі резолюциясын тезірек орындауына үндеді.
24 ақпанда Парламент Ассамблеясы бұқаралық ақпараттар құралдар еркіндігі мәселесін талқылап, шешімі бойынша «Еуропадағы медия еркіндігінің жағдайы» туралы резолюцияны қабылдады.
Ассамблея тергеулер жүргізетін журналисстер мен оларға көмек көрмететін адамдарға шаубылдарды айыптады. ЕКПА Хорватия, Ресей және Түркиядағы журналисттердің өлтірулері жайлы факттердін айыпталуларын қолдайды, бірақ осындай өлтірулердің көмекшілерін табу мақсатында, қосымша тергеулер жасау қажеттілігін айтуда. Ресейдегі журналисттердің көптеген өлтірулері мен физикалық шабуылдары бойынша ЕКПА РФ Президенті бақылауында құрылған Тергеу комитетін қолдап, ЕК адам құқығы бойныша Комиссарын, Ресейдің көптеген журналисттер мен құқық қорғаушыларды өлтірушілердің айыпсыз қалмауларындағы жасап отырған жүмысы жайлы баяндама дайындауына сұрады.
Түркияға байланысты, Ассамблея депутаттары, болашақта ұзақ мерзімге тұтқындалуы жайлы ескерте алатын Түркия парламентінің сот реформасының Үшінші пакетінің қабылдануын құптап, бірақ тұқындалған адамдар болса да ұзақ мерзімге қамауда қалатындары жайлы мазалы айта кетті.
ЕКПА Беларусияда жүйелі түрде БҰҚ еркіндігі бұзылатындығы жайлы және осы мемлекеттің үкіметін «Хартия-97» сайтын жасаушы О. Бабанинның өліміне қатысты дұрыс тергеу жұмыстарын жасауға үндеп, О.Баляцкиды дереу түрмеден босату мен басқа да журналисттер мен құқық қорғаушыларды қудалануды тоқтатуға шақырды.
Депутаттар Әзірбайжан, Армения, Болгария, Молдавия және Түркия журналисттеріне қатысты жала жабу жайлы қылмыстық құқықтардың тым іске асуы бойынша өкініштерін білдірді.
Одан басқа депутаттар Венгрия, Италия, Румыния, Сербия, Испания және Украинадағы қоғамдық хабар тарату компанияларына қысым жасалуы жөнінде соңғы хабарлар жайында абыржу білдірді.
Дауыс беру кезінде резолюция жобасына ЕКПА-дағы украиналық делегацияның мүшелері екі жөндеулер еңгізіп, еңгізулер бойынша, Ассамблея Украинадағы жала жабу жөнінде қылмыстық жауапкершілікті қайта орнату жөнінде және әсіресе соңғы парламенттік сайлауларда орын алған 2012 жылда рекордтты журналисттерге жасалған қарсылықтар жайында наразылық танытуда.