Атом

 

6-11-113

16.09.13г.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары

Е.Т. Орынбаевқа

 

 

Құрметті Ербол Тұрмаханұлы!

 

 

Өзіңізге белгілі елімізде уран және атом өнеркәсібін дамыту стратегиялық маңызы зор. Үстіміздегі жылы үкімет отырысында елбасы Н.Ә.Назарбаев атом электростанциясын салу үшін орын белгілеу туралы тапсырма берген болатын.

Соңғы жылдары уран өндіру және оны байыту қарқынды дамығанымен, бұл өндіріс орындарындағы және жақын орналасқан аймақтардағы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жеткілікті дәрежеде емес. Кейінгі кезде Солтүстік Қазақстан облысындағы уран өндіру орындарымен қатар, Оңтүстік Қазақстан өңірінде ашылған кен орындарындағы жұмысшылар мен ол аймақтардағы халықтың денсаулығына радиацияның кері әсерін болдырмауды, ғылыми тұрғыда алдын алу және жүйелі мониторингтік жұмыстарды жүргізу кезек күттірмейтін мәселелер болып отыр.

Осыған байланысты мемлекеттік қолдау жасалып, зерттеулер жүргізілмесе тұрғылықты халық пен уран өндірісіндегі жұмысшылардың арасында, онкологиялық және де басқаша аурулардың көбею мүмкін.

Кәзіргі уақытта Жапония, Ресей секілді мемлекеттерде аталған мәселемен ондаған ғылыми-зерттеу институттары тұрақты түрде айналысуда.

«Астана медицина университеті» АҚ жанында ашылған Радиобиологиялық зерттеу институты осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіп, жоғары білікті мамандарды дайындауға арналған бірден-бір мекеме. Бірақ, бұл Институттың кәзіргі кезде материалдық жағдайы, атап айтқанда жеке ғимараты және де жеткілікті жабдықталуының болмауы  аталған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді.

Осы тұрғыда Астана қаласының әкімінің 2011 жылғы шешімімен Институттың жаңа ғимаратын салуға арналған жер телімі бөлінгенімен, бюджеттік қаржыландыру жағы шешілмеген.

Құрметті Ербол Тұрмаханұлы! Аталған мәселенің мемлекеттік маңызын ескере отырып, Институттың материалдық базасын, атап айтқанда, жаңа ғимаратты салудың техникалық экономикалық негіздемесін жасап, оны қаржыландыруды 2014 жылдың республикалық бюджетінде қарастыруға  ықпал етуіңізді сұраймын.

 

 

 

О.Рахманбердиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. Дүйсенов Р.Е.

Тел. 747310