Депутаттық сауал

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

С.Н. Ахметовке

Құрметті Серік Нығметұлы!

 

Менің бұл депутаттық сауалыма, Оңтүстік Қазақстан облысы, Облыстық мұрағат басқармасының басшысының жолдауы негіз болып отыр.

Халқы тығыз орналаскан 3000 - нан астам ірі кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар кіші және орта бизнес ошактары шоғырланған Шымкент қаласы аумағында мәдени-әлеуметтік, саяси, экономикалык, тарихи маңызы бар қалыптасқан құжаттардың мемлекеттік есепке алынуын, жинақталып сакталуын, пайдалануын камтамасыз етудің мемлекет пен коғам игілігі үшін маңызы шексіз екендігі белгілі.

Бұл шараны іске асырып отырған Шымкент қалалык мұрағатына арнайы ғимарат салу мәселесі көптеген жылдар бойы шешімін таппай келеді. Бүгінгі таңда 960 шаршы метрлік ынғайластырылған, жалға алынған мұрағат қоймаларының шектен тыс толып, құжат кабылдауға мүмкіндігі болмауы кұжаттардың мерзімінен бұрын тозу, бүліну және біржолата жарамсыз күйге түсу қаупін туындатып отыр.

Жоғарыда айтылған мұрағаты салу үшін Шымкент кала әкімдігінің тиісті жер актісі бөлінген.

Сонымен қатар «Оңтүстікмемсараптама» - мекемесінің 2011 жылғы                    3 қазандағы № 19-0666/11 қорытындысымен бекітілген жобаның сметалык кұжаттары дайындалған.

Осыған орай, Құрметті Серік Нығметұлы! аталмыш қорытындының іске асыру мерзімінің 2014 жылы аяқталатынын және мұрағат ғимаратының кұрылысы аса маңызды екенін ескере отырып, 2014 жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен нысаналы трансферттер аркылы қаржыландырылатын облыстык басымды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне Шымкент калалык мұрағатының құрылысына кажетті                              525 млн. теңге көлеміндегі каржының енгізілуіне ықпал жасауынызды сұранамын.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық  Заңның 27-бабы, 4-тармағына сәйкес жазбаша түрде жауап беруіңізді өтінемін.

Құрметпен,

 

Сенат депутаты

                                                                             

          О. РАХМАНБЕРДИЕВ

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. Дүйсенов Р.Е.

Тел. 74-73-10