Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаты - «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильяновтың өңірде атқарған жұмысы туралы есеп
Өңірдің атауы: Атырау облысы, Астана қаласы
Өңірде болған мерзімі: 2013 жылғы 28 қараша – 5 желтоқсан
р/с |
Есептің негізгі көpceткіштеpi |
Мазмұны |
1. |
Сапардың географиясы:
Араланған елді мекендердің саны |
1. Атырау қаласы, Атырау облысының Исатай, Махамбет, Мақат, Индер аудандарының – Аққыстау, Ақжайық, Есбол, Алға, Мақат, Индербор, Елтай ауылдары 2. Астана қаласы 9 |
2. |
1 .Тұрғындармен өткен кездесулер саны 2.Осы кездесулерге қатысушылардың саны |
21 Атырау облысында - 1705 адам. Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетте – 320 адам
Барлығы 2 225 адам қатысты |
3. |
1. Партияның қоғамдьқ қабылдауларында және тұрғылықты жері бойынша қабылданған азаматтар саны 2. Қойылған мәселелерді орнында шешу бойынша қабылданған шаралар саны |
|
4. |
БАҚ-қа шығу, жарияланымдар саны |
1. «Қазақстан» телеарнасы. Жаңалықтар. 29.11.13. 2. Парламенттің ресми сайты, 29.11.2013. 3. «Казинформ», 29.11.2013. 4. «Хабар», бегущая строка новостной программы, 29.11.2013. 5. «Казинформ», 05.12.2013. 6. «1 Первый канал - Евразия» телеарнасы, 05.12.2013. 7. «Қазақстан» телеарнасы. Жаңалықтар. 05.12.13. 8. «Прикаспийская коммуна» газеті, 05.12.13. 9. «Атырау газеті», 05.12.13. 10. «Егемен Қазақстан» газеті, 06.12.2013. 11. «Қазақпарат», 06.12.2013. 12. Парламенттің ресми сайты, 06.12.2013 13. «Қазақстан Заман» газеті, 07.12.13. 14. «Вечерняя Астана» газеті, №147 (3068), 10.12.13. |
5. |
Партияның мәслихаттардағы фракцияларымен өткізілген кездесулер |
1 |
6. |
Партияның облыстық, аудандық, қалалық филиалдарының офистерінде өткізілген кездесулер |
2 |
7 |
Партия активімен, мәслихат депутаттарымен, еңбек ұжымдарымен және ауылдық елді мекен тұрғындарымен кездесулер барысында көтерілген негізгі проблемалар |
Атырау облысында сайлаушылар жұмыспен қамту, тұрғын-үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, су мәселесін шешу, Атырау-Астрахань, Доссор-Мақат авто жолдарын жөндеу және т.б. әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтерді. Астана қаласында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университет студенттерімен өткен кездесуде жастар мәселесі туралы пікір-алмасу болды. |
8. |
Депутатпен, (депутаттық топпен) бірлескен бағдарлама бойынша өңірде атқарылған жұмыс кіммен екені көрсетілуі тиіс |
Депутат М.Айсинамен бірге. Атырау облысындағы кездесулерге «Нұр Отан» партиясы атынан сайланған аудандық және облыстық мәслихат депутаттары да қатысты. |
9 |
Проблемалы мәселелерді шешу бойынша ұсынылған шаралар |
Үкіметке және тиісті мемлекеттік атқарушы органдарға азаматтардың жазған өтініштері бойынша хаттар жолданады |
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты - «Нұр Отан» партиясы парламенттік факциясының мүшесі Сабильянов Н.С.
http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id12846/1/1
29.11.2013
Мәжіліс депутаттары Атырау өңірінде
Астана, 29 қараша. Мәжіліс үйі.
Бүгін Мәжіліс депутаттары «Нұр Отан» партиясы фракция мүшелері Майра Айсина, Нұртай Сабильянов және Жалғас Дүйсенғалиевтар Атырау қаласындағы аграрлық-техникалық колледж ұжымымен және студент жастармен кездесу өткізді.
Мәжіліс депутаты Майра Айсина жастарға бесінші шақырылымның үшінші сессиясында атқарылған депутаттық жұмыстар жайында және Мемлекет Басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында нақтыланған міндеттерді орындауды заңнамамен қамтамасыз етуі туралы айтып берді.
«Елдегі жасалып жатқан игі істер бәрімізге де ортақ. Болашақ жастардың қолында. Біздің жастарымыз білімді, парасатты. Олар болашақта тек өз еңбегінің арқасында биік мақсаттарға жете алатындықтарын түсіне білулері керек. Біз қалыптасқан бір тұтас елміз. Дамыған тіліміз де, дәстүрлі дініміз де бар. Білім алып, ертең елге иелік ету жолында барлық жағдай жасалып жатыр. Сол мүмкіндіктерді пайдалануға деген ұмтылыс пен жігер, белсенділік болу керек, - деп кездесуге қатысушыларды ашық пікір алмасуға шақырды.
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов пен «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әзмұханов та өз пікірлерін ортаға салды.
Кездесудің соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Майра Айсина кездесуге келген депутаттар атынан алғыс білдіріп, колледж оқытушысы, бастауыш партия ұйымының атқарушы хатшысы Асия Искалиева мен жастар комитетінің мүшесі АйсанаСапарғалиеваға «Алғыс хат», белсенділік танытқан студенттерге Парламент белгісі бар төсбелгілер және жақсы ұсыныс-пікір білдірген Санат Сабырұлына естелік сыйлық табыс етті.
Кездесу «Берік біздің іргеміз, Елбасымен біргеміз!»- деген қанатты сөздермен аяқталды.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
29 Ноября 2013, 16:43
Депутаты Мажилиса встретились с молодёжью Атырауской области
АСТАНА. 29 ноября. КАЗИНФОРМ - В Атыраускую область для встреч с избирателями прибыли депутаты Мажилиса, члены фракции партии «Нур Отан» Майра Айсина, Нуртай Сабильянов и Жалгас Дуйсенгалиев, сообщила пресс-служба аппарата Мажилиса Парламента РК.
Оживленный разговор состоялся у парламентариев со студентами и преподавателями Атырауского аграрно-технического колледжа.
Депутаты рассказали о своей работе в текущей парламентской сессии, о законодательном обеспечении задач, поставленных Главой государства в Стратегии «Казахстан-2050».
Обращаясь к молодежи, депутат М. Айсина отметила, что будущее в
руках молодых, и только своим трудом можно достичь высоких целей в будущем. «Мы
- единая страна. У нас созданы все условия для получения знаний и дальнейшего
карьерного роста. Необходимо обладать стремлением и решительностью и активно
использовать все эти возможности» - призвала молодых парламентарий.
Поздравив атыраусцев с наступающим праздником - Днем Первого Президента
РК, депутаты вручили наиболее отличившимся преподавателям и студентам благодарственные
письма и памятные подарки.
05 Декабря 2013, 17:26
В Атырау депутаты Мажилиса интересовались проблемами региона
АТЫРАУ. 5 декабря. КАЗИНФОРМ - Находящиеся в Атырауской области депутаты Мажилиса Нуртай Сабильянов и Майра Айсина встретились с акимом региона Бактыкожой Измухамбетовым.
Б.Измухамбетов рассказал депутатам о проводимой в регионе работе, остановившись на проблемах. По словам руководителя области, основные заботы исполнительной власти направлены на обеспечение продовольственной безопасности, решение вопроса с реанимированием рыбоперерабатывающего предприятия «Жайик балык». Еще одна проблема - состояние дорог.
Автор: А. Соколов
http://www.egemen.kz/kz/bilik-2/30087-khaly-alaulylary-el-irlerinde
«Егемен Қазақстан»
06.12.2013 ж.
Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Майра Айсина, Нұртай Сабильянов және Жалғас Дүйсенғалиев Атырау қаласындағы аграрлық-техникалық колледж ұжымымен және студент жастармен кездесу өткізді.
Депутаттар жастарға бесінші шақырылымның үшінші сессиясында атқарылған депутаттық жұмыстар жайында және Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында нақтыланған міндеттерді орындауды заңнамамен қамтамасыз етуі туралы айтып берді.
«Казинформ»
http://www.inform.kz/kaz/article/2611728
06 Желтоқсан 2013, 11:54
Мәжіліс депутаттары М. Айсина мен Н. Сабильянов Атырау өңірінде сайлаушылармен бірнеше кездесу өткізді
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшелері Майра Айсина және Нұртай Сабильянов Атырау қаласында,
Атырау облысының Исатай, Махамбет, Мақат және Индер аудандарында сайлаушылармен 20 кездесу өткізді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.
Депутаттардың Атырау қаласындағы кездесулері студент жастармен, Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларымен, еңбек ардагерлерімен өтсе, Исатай ауданында «Жайықмұнайгаз» кәсіпорнының жұмысшыларымен, Аққыстау ауылдық округі тұрғындарымен жүздесті. Ал, Махамбет ауданында Ақжайық, Есбол, Алға ауылдарының тұрғындарымен, Мақат ауданында Мақат кентінің тұрғындарымен, теміржолшылармен кездесу болды. Индер ауданында Индер кентінің және Елтай ауылдық округінің тұрғындарымен, музыка мектебінің ұжымымен және «Индер Гипс» мекемесі жұмысшыларымен жүздесті.
Атырау облысында өткен кездесулерде сайлаушылар жұмыспен қамту, тұрғын-үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, су мәселесін шешу, Атырау-Астрахань, Доссор-Мақат көлік жолдарын жөндеу және т.б. әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтерді.
Сайлаушылармен өткен кездесулер барысында Майра Айсина мен Нұртай Сабильянов Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясына кеңінен тоқталып, «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жұмысы және Парламент Мәжілісі тарапынан мақұлданған негізгі заң жобалары туралы жан-жақты айтып берді.
http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id12900/1/1
06.12.2013
Мәжіліс депутаттарының Атырау өңіріндегі іс-сапары
Қазақстан Республикасы Паламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшелері Майра Айсина және Нұртай Сабильянов Атырау қаласында, Атырау облысының Исатай, Махамбет, Мақат және Индер аудандарында сайлаушылармен 20 кездесу өткізді.
Депутаттардың Атырау қаласындағы кездесулері студент жастармен, Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларымен, еңбек ардагерлерімен өтсе, Исатай ауданындағы кездесулер барысында «Жайықмұнайгаз» кәсіпорнының жұмысшыларымен, Аққыстау ауылдық округі тұрғындарымен жүздесті. Ал, Махамбет ауданында Ақжайық, Есбол, Алға ауылдарының тұрғындарымен, Мақат ауданында Мақат кентінің тұрғындарымен, теміржолшылармен кездесу болды. Индер ауданында Индер кентінің және Елтай ауылдық округінің тұрғындарымен, музыка мектебінің ұжымымен және «Индер Гипс» мекемесінің жұмысымен танысты, жұмысшылармен кездесті.
Атырау облысында өткен кездесулерде сайлаушылар жұмыспен қамту, тұрғын-үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, су мәселесін шешу, Атырау-Астрахань, Доссор-Мақат авто жолдарын жөндеу және т.б. әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтерді.
Сайлаушылармен өткен кездесулер барысында Майра Айсина мен Нұртай Сабильянов Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясына кеңінен тоқталып, «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жұмысы және Парламент Мәжілісі тарапынан мақұлданған негізгі заң жобалары туралы айтып берді.
Кездесулердің бәрі ашық түрде өтіп, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға депутаттар тарапынан жауаптар берілді.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)