Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Н.С.Сабильяновтың 2009 жылғы шілде-тамыз айларында Шығыс Қазақстан облысының Аякөз, Жарма, Үржар аудандарында өткізген кездесулерінің КЕСТЕСІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,

«Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Н.С.Сабильяновтың

2009 жылғы шілде-тамыз айларында Шығыс Қазақстан облысының Аякөз, Жарма, Үржар аудандарында өткізген кездесулерінің

КЕСТЕСІ

 

Елді-мекен

Өтетін күні мен уақыты

Қатысқан адамдар

1

Үржар ауданы Алакөл көлі

20.07.2009.

Аякөз ауданы мектеп оқушыларының демалыс орны мен жағдайларымен танысу, ой-пікір бөлісу (60 оқушы).

2

Аякөз қаласы

21.07.2009.

«Нұр Отан» ХДП-ның Аякөз аудандық филиалында азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдау болды (90 адам)

3

Аякөз қаласы

22.07.2009.

Аякөз аудандық мәслихаттың сессиясы мен аудандық атқарушы органның активіне қатысу

(84 адам).

 

 

 

 

 

 

Үржар ауданы

Барлығы: 985 адам

4

Қаратұма ауылы

11.08.2009.

120 адам

5

Көлденең ауылы

11.08.2009

90 адам

6

Көкөзек ауылы

11.08.2009.

135 адам

7

Мақаншы ауылы

12.08.2009.

160 адам

8

Науалы ауылы

12.08.2009.

170 адам

9

Бестерек ауылы

12.08.2009.

70 адам

10

Қазымбет ауылы

13.08.2009.

75 адам

11

Науалы балалар үйінің лагері

13.08.2009.

80 бала

12

Ер Қабанбай ауылы

13.08.2009.

85 адам

 

 

 

 

 

 

Аякөз ауданы

Барлығы: 296 адам

13

Мыңбұлақ ауылы

14.08.2009.

103 адам

14

Қарабұлақ ауылы

14.08.2009.

41 адам

15

Ақшәулі ауылы

15.08.2009.

97 адам

16

Жетіқара (№1 ф.)

15.08.2009.

55 адам

 

 

 

 

 

 

Жарма ауданы

Барлығы: 785 адам

17

Қалбатау ауылы

16.08.2009.

Мәдениет Үйі, 190 адам

18

Жаңғызтөбе кенті

16.08.2009.

135 адам

19

Белтерек ауылы

16.08.2009.

75 адам

20

Шар қаласы

17.08.2009.

Мәдениет Үйі, 250 адам

21

Жайма ауылы

17.08.2009.

55 адам

22

Суықбұлақ кенті

17.08.2009.

80 адам

23

Өскемен қаласы

29.08.2009.

«Абай» ескерткіші мен «Пушкин» бюстінің ашылу рәсіміне қатысу

 

                Барлығы: кездесулерге қатысқан, қабылдауда болған адамдар – 2300

 

                Аякөз ауданы бойынша өткізген кездесулерге барлығы: 530 адам қатысты.

                Жарма ауданы бойынша өткізген кездесулерге барлығы: 785 адам қатысты.

                Үржар ауданы бойынша өткізген кездесулерге барлығы: 985 адам қатысты.

 

                Кездесулер туралы мақалалар: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Страна и Мир», «Дидар», «Алаш айнасы», «Рудный Алтай», «Семей таңы», «Вести Семей», «Уақыт тынысы», «Қалба тынысы», «Шар тынысы», «Аякөз жаңалықтары» газеттеріне, «Казинформ» электронды ақпарат сайтына шықты. Сонымен қатар, «Қазақстан», «Қазақстан-Семей», «Қазақстан-Өскемен» телеарналарынан көрсетілді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Егемен Қазақстан», №273-274 (25671)

21 тамыз 2009 жыл

 

«Жол картасының» алдағы жылы да жалғасқанын қалайды

 

                 Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов жуырда Шығыс Қазақстан облысының Аякөз, Жарма және Үржар аудандарының 20-дан астам елді-мекенінде болып, сайлаушылармен кездесті. Мәжіліс депутаты сайлаушыларға Елбасының үстіміздегі жылғы Жолдауы, Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шаралары, Мәжілістің қызметі мен қабылданып жатқан заңдар, «Нұр Отан» партиясының атқарып отырған жұмысы туралы баяндап берді. Басқосуларда «Жол картасы» бағдарламасының маңыздылығы айтылды.

Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауы мен «Жол картасы» бағдарламасын толық қолдайтындарын жеткізді. Осы бағдарлама аясында көптеген істер атқарылып жатқанын, жаңа жұмыс орындары ашылып, мамандарды қайта даярлау ісі жүзезе асып жатқанын айтқан тұрғындар «Жол картасы» бағдарламасының алдағы жылдары да жалғасы тапқаны жөн екенін мәлім етті.

– Ерекше айтарым, «Жол картасы» бағдарламасы, әсіресе, аудандар мен ауылдар үшін әлеуметтік маңызы зор серпіліс болып отыр. Елді мекендердің екінші тынысы ашылғандай. Елбасының тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамтудың бір жолы да осы екеніне көз жеткіздім»,- деді телефон арқылы хабарласқан Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Үржар ауданындағы Науалы балалар үйінің лагерінде депутат жазғы демалыста тынығып жатқан балдырғандармен кездесті. Бұл жерде еліміздің бүгіні мен келешегі туралы әңгіме қозғалды. Жазғы демалыстың дұрыс ұйымдастырылуы жөнінде сөз болды. Кездесу соңында депутат Н.Сабильянов осы балалар лагеріне толыққанды музыкалық аппаратураны сыйға татты.

Аякөз қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалында депутат 90 адамды өз өтініштері бойынша қабылдап, бірқатар өзекті мәселелердің шешімін табуға атсалысатынын жеткізді.

 

 

«Егемен-ақпарат»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Казинформ, 19.08.2009.

 

Ауыл тұрғындары «Жол картасы» бағдарламасының алдағы жылдары да жалғасы тапқанын қалайды

Ауыл тұрғындары «Жол картасы» бағдарламасының алдағы жылдары да жалғасы тапқанын қалайды

 

                АСТАНА. 19 тамыз. Мәжіліс үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов жуырда Шығыс Қазақстан облысының Аякөз, Жарма және Үржар аудандарының 20-дан астам елді-мекенінде болып, сайлаушылармен кездесті. Мәжіліс депутаты сайлаушыларға Елбасының үстіміздегі жылғы Жолдауы, Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шаралары, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданып жатқан заңдар, «Нұр Отан» партиясының атқарып отырған жұмысы туралы баяндап берді. Басқосуларда «Жол картасы» бағдарламасының маңыздылығы айтылды.

Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан ауданаралық жолдарды жөндеу, жанар-жағар май бағасының қымбаттауы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қолдау жасалуы керектігі алға тартылды. Ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу, жүн мен тері өімдерін қабылдау жүйесін қалыпқа келтіру мәселелері қозғалды.

Мәжіліс депутаты сапар кезінде 150 шақырымдық Семей – Қалбатау автокөлік жолымен өзі жүріп өткенін, бұл жолдың ешқандай сын көтермейтінін айтты.

Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауы мен «Жол картасы» бағдарламасын толық қолдайтындарын жеткізді. Осы бағдарлама аясында көптеген істер атқарылып жатқанын, жаңа жұмыс орындары ашылып, мамандарды қайта даярлау ісі жүзезе асып жатқанын айтқан тұрғындар «Жол картасы» бағдарламасының алдағы жылдары да жалғасы тапқаны жөн екенін мәлім етті.

– Ерекше айтарым, «Жол картасы» бағдарламасы, әсіресе, аудандар мен ауылдар үшін әлеуметтік маңызы зор серпіліс болып отыр. Елді мекендердің екінші тынысы ашылғандай. Елбасының тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамтудың бір жолы да осы екеніне көз жеткіздім»,- деді телефон арқылы хабарласқан Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Үржар ауданындағы Науалы балалар үйінің лагерінде депутат жазғы демалыста тынығып жатқан балдырғандармен кездесті. Бұл жерде еліміздің бүгіні мен келешегі туралы әңгіме қозғалды. Жазғы демалыстың дұрыс ұйымдастырылуы жөнінде сөз болды. Кездесу соңында депутат Н.Сабильянов осы балалар лагеріне толыққанды музыкалық аппаратураны сыйға татты.

Аякөз қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалында депутат 90 адамды өз өтініштері бойынша қабылдап, бірқатар өзекті мәселелердің шешімін табуға атсалысатынын жеткізді.

Жүздесулерге тұрғындар белсенді қатысып, жергілікті маңызы бар мәселелерден бастап, көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселелерді көтерді, сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды. Барлық кездесулер ашық түрде өтті, сайлаушыларға өз сұрақтарын қоюға, мәселелерін айтуға толық мүмкіндік берілді.

 

 (Айбатыр Сейтақ, Мәжілістің баспасөз қызметінен. Тел: 74-63-02. Seitak@parlam.kz Ақпаратты Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты)

 

 

 

 

Казинформ, 19.08.2009.

«Семей таңы», №35(17970)

 3 қыркүйек 2009 ж.

              

Депутат сайлаушылармен бірге

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі  Нұртай Сабильянов 2009 жылғы шілде-тамыз айларында Шығыс Қазақстан облысының Аякөз, Жарма және Үржар аудандарының 20-дан астам елді-мекенінде болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесулер барысында Мәжіліс депутаты Елбасының үстіміздегі жылғы Жолдауы, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданып жатқан заңдар, Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шаралары, «Нұр Отан» партиясының атқарып отырған жұмысы туралы баяндап берді. Кездесулерде «Жол картасы» бағдарламасының маңыздылығы айтылды.

Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауы мен «Жол картасы» бағдарламасын толық қолдайтындықтарын жеткізді. Осы бағдарлама аясында көптеген істер атқарылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, мамандарды қайта даярлау ісі жүзезе асып жатқанын айтқан тұрғындар «Жол картасы» бағдарламасының алдағы жылдары да жалғасын тапса екен деген ұсыныс айтты.

- «Жол картасы» бағдарламасы, әсіресе, аудандар мен ауылдар үшін әлеуметтік маңызы зор серпіліс болып отыр. Елді мекендердің екінші тынысы ашылғандай. Елбасының тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамтудың бір жолы да осы екеніне көз жеткіздім»,- дейді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Депутат Алакөл көлінде демалып жатқан Аякөз ауданының мектеп оқушыларының жағдайымен танысып, олармен пікір алмасты. Үржар ауданындағы Науалы балалар үйінің лагерінде депутат жазғы демалыстағы балдырғандармен кездесті. Бұл жерде еліміздің бүгіні мен келешегі туралы әңгіме қозғалды. Кездесу соңында депутат Н.Сабильянов осы балалар лагеріне толықкомплектілі музыкалық аппаратураны сыйға тартты.

Үржар ауданындағы кездесулер Мақаншы, Үржар, Ерқабанбай, Бестерек, Қазымбет, Көкөзек, Қаратұма, Көлденең, Науалы ауылдарында болды. Аталған ауыл тұрғындары тарапынан да көптеген мәселелер көтерілді. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық дамуы туралы стратегияға сәйкес бұрынғы шекаралық Мақаншы ауданын қайта ашу, Мақаншы ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөдеуінің аяқталмауы, әкімдердің жылдық есеп бергенде олардың ашық және жариялы түрде өтуі, Қаратұма ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа мектеп салу, Бестерек ауылдық округінде егінге субсидия беру, Қазымбет ауылында мектепті жаппау, Науалы ауылында мал ауруының алдын алу шараларын жүзеге асыру  және ауыз суға бөлінген бюджет қаражатын қатаң бақылауға алу, Ерқабанбай ауылында ауыл ортасындағы көпірді қайта салу, Көкөзек ауылында ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, оралмандар және т.б. мәселелер көтерілді.        

Аякөз қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалында депутат 90 адамды өз өтініштері бойынша қабылдап, бірқатар азаматтарға қолдауын көрсетті. Сондай-ақ, өзекті мәселелердің шешімін табуға атсалысатынын жеткізді. Н.Сабильянов Аякөз аудандық мәслихатының кезекті сессиясына да қатысып, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасты. «Жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан Аякөз аудандық аурухананы, қалалық жылу жүйесін аралап көрді.     

Жалпы, Аякөз ауданына қарасты Мыңбұлақ, Қарабұлақ, Ақшәулі, Жетіқара (№1 ферма) ауылдарында халықпен кездескенде сайлаушылар тарапынан жер, ауыз су, несие, мал ауруларының көбеюі және оның алдын алу шаралары, Ақшәуліден республикалық автожолға дейінгі аралықты жөндеу, Мыңбұлақ ауылында жаңа мектеп ғимаратын салу, Тарбағатай ауылының ауыз су мәселесі, бюджет қаражатын бақылау мәселелері, ал, Аякөз қаласында болған жеке қабылдауда Аякөз қаласының ауыз суы, қала көшелерін жөндеу, тұрғын үй және т.б. мәселелер өзекті екені айтылды.  

Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылы мен Шар қаласында, Жаңғызтөбе, Суықбұлақ кенттері мен Белтерек, Жайма ауылдарының тұрғындарымен Мәжіліс депутаты кездескенде сайлаушылар тарапынан мынадай мәселелер көтерілді: жаз бойы жолаушыларға поезға билет болмағандықтан Семей-Алматы-Семей бағытында қосымша поезд жүргізу, Шар қаласында кәсіптік техникалық оқу орнында оқып жүрген жетім балаларға жұмыс пен үй беру, тыл ардагерлерін қолдау, жергілікті кадрларды ротациялау, тұрғын үй, Қалбатау ауылындағы Спутник кинотеатрын жергілікті атқарушы органның қарамағына беру, Жаңғызтөбе мектебіне автобус бөлу,  халыққа медициналық көмек көрсету сапасы мен деңгейін арттыру, ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген Семей-Қалбатау республикалық маңызы бар автожолын күрделі жөндеу және т.б. Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Семей-Қалбатау автожолы туралы жолданған депутаттық сауалына жауап берген Көлік және коммуникация министрінің хатында  2010 жылдан бастап бюджет өтінімінде Қалбатау ауылынан Семей қаласына дейінгі автожол учаскісіне республикалық бюджеттен 10,9 миллиард теңге бөлу қарастырылғандығы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, осы болған кездесулерде тұрғындар тарапынан ауданаралық жолдарды жөндеу, жанар-жағар май бағасының күрт қымбаттауы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қолдау жасау, ірі елді-мекендерде жүн-тері өңдейтін және ет пен сүт кәсіпорындарын ашу, кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына несие беру, ауыз су, электр жарығы, телефон, жер, ең төменгі зейнетақы мәселесі, балаларға берілетін және әлеуметтік жәрдемақылар; мүгедектікке шығару, Семей полигонының зардабын және экологиялық жағдайды ескере отырып зейнеткерлікке шығу жасын төмендету, сот шешімдерін орындау, азық-түлікке бағаны қадағалау, пошта қызметі, жас мамандардың, мұғалімдік мамандығы бар жастардың жұмысқа орналасуы және т.б. мәселелер көтерілді, басқа да көптеген сұрақтар қойылды.

Кездесулер барысында сайлаушылар қойған барлық сұрақтарға депутат тарапынан толық жауап берілді. Сайлаушылар Елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын атап өтіп, толық қолдайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, депутат Нұртай Салихұлына шалғайдағы елді-мекендерге келіп, ашық кездесулер өткізіп, көкейдегі сауалдарына жауап бергеніне ризашылықтарын білдірді.

 

А.Убин,

Аякөз аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының орынбасары

 

Ж.Садыкова,

 «Нұр Отан» ХДП-ның Жарма аудандық филиалының өкілі

 

Т.Батылғазин,

Мәжіліс депутатының Үржар ауданы бойынша қоғамдық көмекшісі