Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Доктринада қазақ тіліне басымдық берілген - Мәжіліс депутаты
http://www

http://www.bnews.kz/kk/news/post/166360/

23 қазан 2013,

 

Доктринада қазақ тіліне басымдық берілген – Мәжіліс депутаты

 

АСТАНА. 23 қазан 2013, 14:16. BNews.kz 

 

 «Нұр Отан» партиясының жаңа Доктринасында мемлекеттік тілге басымдық берілген. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңес бюросының мүшесі Нұртай Сабильянов мәлімдеді.

«Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасы жобасын әзірлеуге қоғам қайраткерлері, депутаттар, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Доктринаның жобасы жан-жақты талқыланып, ұсыныстар айтылды. Ол ұсыныстардың барлығы ескеріліп, Доктрина партияның XV съезінде қабылданды. Доктринаның басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін нығайту, Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыруда партияның рөлін айқындау және тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан өзіміздің құндылықтарымызды бекемдеу. Бұл Доктринада біздің жетістігіміз де көрсетілген. Ал біздің басты жетістігіміз, басты құндылығымыз – тәуелсіздігіміз. Мемлекеттің, қоғамның барлық күш-жігері осы егемендікті нығайтуға жұмсалуы тиіс.», - дейді депутат.

Н.Сабильяновтың айтуынша, жаңа Доктринада біздің құндылықтарымыз айқындалған. Ол – адам, адамның құқығы, игіліктері, әділдік, заңның үстемдігі, отбасы мен дәстүр. 

Доктринада болашақта қандай мақсаттар ескерілуі тиіс деген сұраққа мәжілісмен былай деп жауап берді: «Біз дамудың жеті факторын ұсынып отырмыз. Ол – бірлік пен келісім. Ұлтаралық келісімге қол жеткізген ел дамыған демократиялық елдер қатарына жататынын ұмытпау керек. Сонымен бірге, экономика саласына келер болсақ, экономика біз үшін халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы үшін жұмыс істейін, бәсекеге қабілетті сала болуы тиіс. Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске қолдау, бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік сынды мәселелер де Доктринада қамтылды. Сондай-ақ, тұрғын үй, жастар мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Айта кету керек, жалпы, Доктринада тарихымыз бен мәдениетімізге, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне басымдық беріліп отыр. Сондықтан, қазақ тілін білу біздің борышымыз деп ойлаймын». 

Ақмарал ШАҒАТАЙ