ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен үйымдастырылған брифинг (09.09.2014.ж. – тікелей эфир)
___
Қайырлы күн құрметті журналистер,
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен шақырылған азаматтар!
Бүгінгі брифинг аясында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 5-сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің 4-сессиясының ашылуында жария еткен Парламент қызметінің бірқатар басым бағыттарына тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.
Осы орайда өз сөзімді Елбасының: «Бүгінде ашылған «мүмкіндіктер терезесін» ұтымды пайдалану үшін Парламент пен Үкіметтің үйлесімді жұмысы қажет.», - деген сөздерімен бастасам деп едім. Өйткені, расында да, мұндай үйлесімді жұмыс алда тұрған міндеттер мен қоғамда бар мәселелерді мейлінше жылдам және сапалы түрде шешуге мүмкіндік береді.
Парламент Мәжілісі 4-сессиясының бірінші отырысында депутаттар шұғыл деп жарияланған екі заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Бұл – «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары. Қолданыстағы 15 кодекс пен 125 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, соның нәтижесінде Үкіметтен министрліктерге – 1598 мемлекеттік функциялар беріледі, соның ішінде: әлеуметтік салада – 98 функция, ауыл шаруашылығы саласында – 227 функция, көлік, байланыс және коммуникация саласында – 225 функция және т.б. Бүгінгі таңда аталған заң жобаларына депутаттардан 200-ден астам ұсыныстар келіп түсті.
Парламент Мәжілісінің ертеңгі пленарлық отырысында аталған заң жобалары бірінші оқылымда қаралатын болады.
Президенттің Парламент депутаттары алдында айтқан сөздеріне орала келе, оның: «бүгінгі экономикалық жағдайларда Үкімет әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша стратегиялық мәселелерге назар аударуы тиіс. Министрліктерге заңастылық актілерді – түрлі ережелерді, нұсқамаларды және т.б. қабылдау бойынша компетенцияны беру қажет.» деген сөздерін де атап өткім келеді.
Жоғарыда аталған заң жобалары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастырудың негізгі бағыттарын жасау бойынша Үкіметтің өкілеттігін көздейді: соның ішінде, оның қорғаныс қабілетіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен сыртқы саясатты жүзеге асыруға және т.б. мәселелерге қатысты.
Орталық атқарушы органдарға стратегиялық, реттеуші, жүзеге асыру және бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру; стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды жүзеге асыру және т.б. жүктеледі.
Сондай-ақ, министрліктердің тиісті салалардағы нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі өкілеттігін кеңейту көзделуде. Бірақ бұл министрліктердің өз бетінше актілерді оңды-солды қабылдауын білдірмейді. Керісінше, әрбір министр нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын басшылыққа алуға тиіс, яғни, бұл оларға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сонымен қатар, бұл, жалпы алғанда, тиісті актілерді уақытында қабылдауға және мемлекеттік саясатты, заңдарды ұтымды жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Мемлекет Басшысы өз сөзінде, сондай-ақ, «әкімдіктер өңірлер деңгейінде тиімдірек жұмыс істеп тұрған функцияларды беруі қажет. Бұл, бірінші кезекте, жергілікті маңыздағы функциялар.», - деп қадап айтты.
Мысалы, жергілікті атқарушы органдарға сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласын лицензиялау, аттестациялау мен бақылау; пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді анықтау мен мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі өкілеттік берілетін болады. Ал, уәкілетті органдарда осы салалар бойынша жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешімдердің заңдылығын бақылау функциялары сақталады. Бұл тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
2. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «халықтың көші-қон мәселелері туралы заң жобасын да басымдықты түрде қарауды және Үкіметке осы заң жобасын үстіміздегі жылдың соңына дейін Парламенттің қарауына енгізуді тапсырды.».
Бүгінгі таңда ішкі және сыртқы көші-қон аясында қордаланған бірқатар мәселелер бар, олар Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде өз шешімін табуды қажет етеді.
Қазақстан халқының жалпы санының өсуіне қарамастан, жекелеген өңірлерде тұрғындардың саны азайғаны байқалады. Мысалы, соңғы 10 жылда Солтүстік-Қазақстан облысының тұрғындары – 100 мың адамға; Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары – 60 мың адамға; Қостанай облысының тұрғындары – 35 мың адамға, Ақмола облысының тұрғындары – 15 мың адамға азайған.
Тұрғындардың біркелкі емес көшіп-қону және Қазақстанның жекелеген өңірлерінде экономикалық тұрғыда белсенді азаматтардың орны толмау мәселелері жұмыс күшінің тапшылығы, мектептердің жабылуы және соның салдарынан елді-мекендердің жойылуы, ауылшаруашылығы құрылымдарының азаюы сияқты мәселелерді туындатып, жалпы, өңірлердің, кәсіпкерліктің және шаруашылық қызметтің дамуына теріс әсер етеді.
(Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 70-тен астам мектеп жабылған, бұл 70-ке жуық елді-мекен жойылуы мүмкін деген сөз.).
Осыған байланысты, мемлекет тұрақты түрде тұруға келген және мемлекеттік органдармен белгіленген нақты өңірлерге жіберілген оралмандарға қолдау көрсетуге тиіс. Бұл азаматтық алу мен адаптациялау, тұрғын-үймен қамтамасыз ету, көшумен байланысты жол ақысын өтеу, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасау сияқты мәселелерді шешуді білдіреді.
3. Елбасы, сонымен қатар, Үкімет пен Парламент жұмысының келесі бағытын белгілеп берді: - бұл «бизнеспен айналысу үшін мейлінше қолайлы жағдай қалыптастыру, инвестициялар ағымын ынталандыру, кәсіпкерлікті қорғау...», және осыған орай Кәсіпкерлік кодексін қабылдау процесін аяқтау.».
Кәсіпкерлік кодексін қабылдау кәсіпкерлер санасында олардың мемлекеттік саясаттағы маңызды рөлі туралы түсінік қалыптастырады. Бұл олардың жауапкершілік сезімін күшейтіп, кәсіпкерлікті одан ары дамытуға стимул береді.
Сол себептен жасалатын Кәсіпкерлік кодексі мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге, кәсіпкерлік саласындағы заңнамалық базаны жүйелендіруге және жетілдіруге, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай қалыптастыруға, инвестиция ағымын көбейтуге бағытталуға тиіс.
Қазіргі уақытта Парламентке Үкіметтен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті. Бұл заң жобасын әзірлеудегі негізгі мақсат:
- бизнес қатысатын экономика салаларына мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту;
- мемлекеттік компаниялардың еншілес құрылымдарды құруын шектеу және т.б.
Мұның бәрі бәсекелестікті арттыруға және жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға септігін тигізу керек.
Осы орайда бір айта кетейін, кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мәселелерін заңнамалық реттеуді жетілдіруге «Нұр Отан» партиясы мен оның парламенттік фракциясы ерекше назар аударып келеді. Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясында «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша эксперттік топ құрылған.
«Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының төрағасы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның бастамасы бойынша «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы арасында бірлескен жұмыс жоспары бекітілді. Соған сәйкес, кәсіпкерлік аясындағы заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша іс-шаралар өткізілуде.
Көптеген мәселелерді біздің сайлаушыларымыз да көтеруде. Өңірлерге жасалған іс-сапарлар барысында, елді-мекендердің тұрғындары тарапынан ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың тапшылығы және ауыл кәсіпкерлері үшін несиелердің қол жетімді еместігі айтылуда.
(Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында ірі-қара және ұсақ малмен айналысатын көптеген шаруашылықтардың барлығына қарамастан бірде бір ірі ет-комбинаты жоқ).
Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі түрлі Қорлардың құрылғанына және жұмыс істеп жатқанына қарамастан, несие алу кәсіпкерлер үшін қолжетімді болмай отыр. Оның себептері де белгілі: ауыл кәсіпкерлерінде кепілге қоятын мүлік жоқ.
Сондай-ақ, субсидиялауды ұйымдастыру деңгейінің төмендігі мәселелері де бар (Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау көлемі 2014 жылы – 156 млрд. теңге. Қаржы министрлігі арқылы ірі кәсіпорындарды субсидиялау - 29 млрд.теңге, ал «Даму» қоры арқылы субсидиялау 2013 жылы – 27 млрд. теңге).
Сол себептен, кәсіпкерлерге субсидия беретін барлық қорларды бір Қорға біріктіру дұрыс болар еді деп ойлаймын. Мұндай қорды құру ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдаудың ұтымды тетігі болып, субсидиялаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл мәселелер Кәсіпкерлік кодекс аясында реттеле алады.
4. Мемлекет Басшысы Парламент депутаттары алдында атап өткендей: «Мемлекеттік сатып алулар саласында неғұрлым жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сақталуда. Кәсіпкерлер проблемаларын шешу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін 2014 жылдың соңына дейін Үкімет жаңа редакциядағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізуі керек.».
Өз тарапымнан, қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңның жетілмегендігі өңірлерде ерекше байқалып отырғанын айтқым келеді. Онда жекелеген мердігерлердің жауапсыздығынан құрылысы аяқталмаған объектілер көбейді, соның ішінде әлеуметтік объектілер; сапасыз салынған объектілердің саны артуда, сонымен бірге бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану белең алуда.
Жылдан жылға анықталған қаржылық бұзушылақтардың саны да азаймай отыр. Қаржылық бақылаудың тексерулері бойынша – бұзушылықтардың жалпы сомасы 2013 жылы – 262,4 млрд. теңгені құраса, соның ішінде 127 млрд. теңге сомасындағы заң бұзушылық мемлекеттік сатып алулар кезінде орын алған.
Мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң жобасы квазимемлекеттік сектордың сатып алулары мәселесін де ретке келтіруге тиіс. Бұл мәселе Парламентте «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында талқыланды.
Сонымен, 5 сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің 4-сессиясының ашылуында Президенттің белгілеп берген басым бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
***
24.kz
Правительство разработает новый проект закона о госзакупках
09.09.2014 14:33
http://
/ru/news/top-news/item/24810-pravitelstvo-razrabotaet-novyj-proekt-zakona-o-goszakupkakh
Наиболее высокие коррупционные риски сохраняются в сфере государственных закупок.
Об этом сегодня в ходе брифинга службы центральных коммуникаций сообщил депутат Мажилиса Нуртай Сабильянов. Для решения проблем предпринимателей и снижения коррупционных рисков до конца года Правительство должно разработать проект Закона о госзакупках в новой редакции. По словам мажилисмена, необходимо установить четкий контроль за использованием бюджетных средств.
Нуртай Сабильянов, депутат Мажилиса Парламента РК:
- По проверкам финансового контроля общая сумма нарушений за 2013 год составила 262 млрд тенге, из них 127 млрд тенге - нарушения, допущенные при проведении государственных закупок.
Депутат также затронул вопросы миграции. Несмотря на общее увеличение населения страны, численность жителей некоторых регионов уменьшилась. Эта проблема может привести к нехватке рабочей силы, закрытию школ и, в целом, негативно отразиться на развитии отдельных областей Казахстана, отметил он.
***
Zakon.kz
http://www.zakon.kz/4651949-na-210-tys.-chelovek-sokratilas.html
На 210 тыс. человек сократилась численность населения 4-х регионов РК за последние 10 лет
9 сентября 2014, 15:42
Неравномерное выбывание и невосполнение экономически активного населения в регионах может привести к нехватке рабочей силы, закрытию школ и населенных пунктов.
Источник: Казахское телеграфное агентство «КазТАГ»
Общая численность населения, проживающего в Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Костанайской и Северо-Казахстанской областях РК, за последние 10 лет сократилась на 210 тыс. человек, сообщил депутат мажилиса РK, член комитета по финансам и бюджету нижней палаты парламента Нуртай Сабильянов, передает агентство КазТАГ.
«Несмотря на увеличение численности населения Казахстана, численность жителей некоторых регионов у нас уменьшилась. Например, за последние 10 лет сократилась численность в Северо-Казахстанской области на 100 тыс. человек, в Восточно-Казахстанской - на 60 тыс. человек, в Костанайской области - на 35 тыс. человек и в Акмолинской области - около 15 тыс. человек», - заявил Н. Сабильянов на брифинге во вторник.
По его словам, неравномерное выбывание и невосполнение экономически активного населения в отдельных регионах РК может привести к возникновению таких проблем, как нехватка рабочей силы, закрытие школ, а затем и населенных пунктов, сокращение числа сельхозформирований, крестьянских хозяйств.
«И это в целом негативно отразится на развитии регионов, на развитии предпринимательства, производственной деятельности регионов», - подчеркнул мажилисмен.
«Например, в Восточно-Казахстанской области за 5 лет было закрыто более 70 школ. Это означает - около 70 населенных пунктов перестанут существовать», - добавил Н. Сабильянов.
Поэтому, утверждает он, государство должно оказывать поддержку тем оралманам, которые приезжают на постоянное место жительства, направляемые государственными органами в регионы.
Асхат Ахметбеков
***
http://www.zakon.kz/4651898-proekt-zakona-o-goszakupkakh-v-novojj.html
ZAKON.KZ
Проект Закона о госзакупках в новой редакции будет внесен в Парламент до конца года
9 сентября 2014, 14:14
Президент РК отметил, что наиболее высокие коррупционные риски сохраняются в сфере государственных закупок.
Источник: МИА «КазИнформ»
Правительство Казахстана до конца 2014 года разработает в новой редакции проект Закона о госзакупках. Об этом сообщил депутат Мажилиса Парламента РК, заместитель председателя парламентской фракции партии «Нұр Отан» Нуртай Сабильянов во вторник, передает МИА Казинформ.
«Президент РК отметил, что наиболее высокие коррупционные риски сохраняются в сфере государственных закупок. Для решения проблем предпринимателей и снижения коррупционных рисков до конца 2014 года Правительство должно разработать и внести в парламент проект Закона о государственных закупках в новой редакции», - сообщил Н.Сабильянов в ходе брифинга в СЦК.
По словам депутата, из-за недобросовестных подрядчиков в Казахстане сложилась ситуация, когда в республике все ещё имеются не завершенные объекты строительства, в особенности соцобъекты, практикуется некачественное строительство, разворовываются бюджетные средства. Мажилисмен считает, что настало время установить эффективное использование бюджетных средств, а также установить четкий контроль за их использованием, в том числе и в строительстве.
«Из года в год не уменьшается количество выявленных финансовых нарушений. По проверкам финансового контроля - общая сумма нарушений за 2013 год составила 262,4 млрд тенге. Из них 127 млрд тенге нарушения, допущенные при проведении госзакупок. И поэтому нужен Закон о государственных закупках, который также должен урегулировать вопросы закупки квазигосударственного сектора» - сказал он.
Также депутат отметил о необходимости принятия нового Предпринимательского кодекса РК. Данный кодекс должен быть направлен на регулирование взаимоотношений между госорганами и бизнес-сообществом, систематизацию и усовершенствование законодательной базы в сфере предпринимательства, защиту прав предпринимателей, а также способствовать созданию благоприятньк условий для ведения бизнеса предпринимателями и притока инвестиций, добавил депутат.
Автор: Мурат Жакеев
***
Мажилисмен Нуртай Сабильянов: "В казахстанской глубинке скоро некому будет жить и работать"
http://kostanai.biz/news.php?item.2555.10
Среда 10 Сентябрь 2014 - 10:52:10
Аул! Есть кто живой?
Мажилисмен Нуртай Сабильянов опасается, что в казахстанской глубинке скоро
некому будет жить и работать. Отток населения из некоторых регионов республики
может обернуться закрытием школ и вымиранием сел. Превращение когда-то обжитых
мест в дикое поле неумолимо продолжается. При этом в супермаркетах покупателям
предлагают в основном заморские фрукты и овощи.
Депутат проследил миграционные потоки населения в стране.– Сегодня в сфере внутренней и внешней миграции накопился ряд проблем, которые требуют своего решения, – поделился итогами своего анализа Нуртай Сабильянов на вчерашнем брифинге в Службе центральных коммуникаций. – Несмотря на увеличение населения, численность жителей некоторых регионов у нас уменьшилась.Так, по его данным, за последние 10 лет число жителей Северо-Казахстанской области сократилось на 100 тысяч человек, Восточно-Казахстанской – на 60 тысяч, Костанайской – на 35 тысяч, Акмолинской – на 15 тысяч человек.
Исход людей из родных мест чреват непоправимыми последствиями. – Проблема неравномерного выбывания и невосполнения экономически активного населения в отдельных регионах республики может привести к нехватке рабочей силы, закрытию школ, а затем и населенных пунктов, сокращению числа сельхозформирований, крестьянских хозяйств, – прогнозирует парламентарий. – И это в целом негативно отразится на развитии региона, предпринимательства и производственной деятельности.
Воскресить вымирающие аулы, по мнению Сабильянова, смогут
оралманы. Поэтому государство, считает он, должно оказывать поддержку
приезжающим на постоянное место жительства переселенцам и направлять их в
пустеющие регионы.
Светлана АБДРАШИТОВА, Экспресс К
***
14:58 9 сентября 2014
yk-news.kz
http://yk-news.kz/novost/iz-za-ottoka-naseleniya-v-vko-zakrylos-70-shkol-deputat-n-sabilyanov
Из-за оттока населения в ВКО закрылось 70 школ - депутат Н. Сабильянов
Проблему оттока населения из сельской местности поднимает депутат Мажилиса Парламента РК, заместитель председателя парламентской фракции партии «Нұр Отан» Нуртай Сабильянов, передаёт МИА Казинформ.
Он отмечает, что численность населения Казахстана растет, но отток населения из регионов не прекращается.
По его данным, за последние 10 лет сократилось население Северо-Казахстанской области на 100 тыс. человек, Восточно-Казахстанской - на 60 тыс. человек, Костанайской - на 35 тыс. человек, Акмолинской - на 15 тыс. человек.
«Проблема неравномерного выбывания и невосполнения экономически активного населения в отдельных регионах республики может привести к возникновению таких проблем, как нехватка рабочей силы, закрытие школ, а затем и населенных пунктов, сокращению числа сельхозформирований, крестьянских хозяйств. И это в целом негативно отразится на развитии региона, предпринимательства и производственной деятельности в регионах», - сказал Н.Сабильянов в ходе брифинга в СЦК.
По его словам, только в Восточно-Казахстанской области за 5 лет было закрыто более 70 школ. «Это означает, что около 70 населенных пунктов перестанут существовать. Поэтому государство должно оказывать поддержку тем оралманам, которые приезжают на постоянное местожительство в направляемые госорганами регионы», - считает Н.Сабильянов.
Мурат Жакеев
YK-news.kz