Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында мамыр айында өткен сот отырысының қорытындысын халыққа түсінікті болу үшін беріп отырмыз.
«Аягөз жаңалықтары» № 31

 «Аягөз жаңалықтары» № 31

3 шілде 2010 жыл.

 

 

Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында мамыр айында өткен сот отырысының қорытындысын халыққа түсінікті болу үшін беріп отырмыз.

 

Аягөз аудандық сотына

Талапкер-жауапкер Сабильянов Нұртай Салиховичтен

Жауапкер-талапкерлер Ахметов Төлеубай Калибековичтен, Файзуллин Серік Баяхметовичтен, Калибеков Емилбай Калибековичтен, Жаканов Жанболат Бейсенгалиевичтен, Буланова Кумысболдан

 

ӨТІНІШ

(бітімгершілік келісімді бекіту туралы)

 

Біздер, талапкер-жауапкер Н.С.Сабильянов және қарсы талап-арыз бойынша жауапкер-талапкерлер Т.К.Ахметов, С.Б.Файзулин, Е.К.Калибеков, Ж.Б.Жаканов, К.Буланова өзіміздің талап-арыздарымыз бойынша дауды бейбіт түрде реттеу мақсатында өзара төмендегідей келісімге келеміз:

Талапкер-жауапкер Н.С.Сабильянов, Т.К.Ахметов, С.Б.Файзуллин, Е.К.Қалибеков, Ж.Б.Жақанов, К.Булановалар менің депутаттық қызметіме ешқандай өкпе наразылығы жоқ болса және бұқаралық ақпараттық құралдарда, мемлекеттік органдарда,  қоғамдық бірлестіктерде іске қатысты мен және менің  депутаттық қызметім туралы шындыққа сай келмей беделімді түсіретін мәліметтер көтерілмей, жалпы осы азаматтық іс туралы ары қарай  ақпараттар таратылмаса осы істі бітімгершілік келісіммен бітіремін.

                  Н.Сабильянов.

                  28.05.2010 ж.

Жауапкер-талапкерлер: Т.К.Ахметов, С.Б.Файзуллин, Е.К.Қалибеков, Ж.Б.Жақанов, К.Буланова өзіміздің талап-арыздарымыз бойынша және Н.С.Сабильяновтың талабы бойынша шартты қабылдап, Н.С.Сабильяновтың қызметіне ешқандай өкпе-наразылығымыз жоқ дей келе, біз де бұқаралық ақпараттық құралдарда, қоғамдық бірлестіктерде, мемлекеттік органдарда іске қатысты Н.С.Сабильянов және оның  депутаттық қызметі туралы шындыққа сай келмейтін, беделін түсіретін мәліметтер көтерілмегенін, жалпы осы азаматтық іс туралы ары қарай ақпараттар таратылмағанын қалаймыз, осы пікірге қосыламыз.

Т.Ахметов, Файзуллин С.Б.,

Е.К.Калибеков, Ж.Б.Жақанов, К.Буланова.

 

Осы өтінішке байланысты біздің өтінішімізді қанағаттандырып бітімгершілік келісімді бекітіп, екі жақтың талап-арыздарымыз бойынша қаралып отырған азаматтық істі өндірістен қысқартуды сұраймыз.

Бітімгершілік келісімді бекітудің ҚР АІЖК-нің 248 бабында  көрсетілген  тәртібі мен салдары бізге түсіндірілді  және түсінікті.

 

Сабильянов Н.С.

 

                  Т.Ахметов.

                  С.Б.Файзуллин.

                  Е.К.Калибеков.

                  Ж.Б.Жақанов.

                  К.Буланова. 

28.05.2010 ж.

 

Осы бітімгершілік келісім Аягөз аудандық сотының 28 мамыр 2010 жылғы ұйғарымымен бекітілді.