Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Ауыл тұрғындары "Жол картасы" бағдарламасының алдағы жылдары да жалғасы тапқанын қалайды
Казинформ, 19

 

Казинформ, 19.08.2009.

 

Ауыл тұрғындары «Жол картасы» бағдарламасының алдағы жылдары да жалғасы тапқанын қалайды

 

Ауыл тұрғындары «Жол картасы» бағдарламасының алдағы жылдары да жалғасы тапқанын қалайды

 

                АСТАНА. 19 тамыз. Мәжіліс үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов жуырда Шығыс Қазақстан облысының Аякөз, Жарма және Үржар аудандарының 20-дан астам елді-мекенінде болып, сайлаушылармен кездесті. Мәжіліс депутаты сайлаушыларға Елбасының үстіміздегі жылғы Жолдауы, Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шаралары, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданып жатқан заңдар, «Нұр Отан» партиясының атқарып отырған жұмысы туралы баяндап берді. Басқосуларда «Жол картасы» бағдарламасының маңыздылығы айтылды.

Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан ауданаралық жолдарды жөндеу, жанар-жағар май бағасының қымбаттауы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қолдау жасалуы керектігі алға тартылды. Ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу, жүн мен тері өімдерін қабылдау жүйесін қалыпқа келтіру мәселелері қозғалды.

Мәжіліс депутаты сапар кезінде 150 шақырымдық Семей – Қалбатау автокөлік жолымен өзі жүріп өткенін, бұл жолдың ешқандай сын көтермейтінін айтты.

Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауы мен «Жол картасы» бағдарламасын толық қолдайтындарын жеткізді. Осы бағдарлама аясында көптеген істер атқарылып жатқанын, жаңа жұмыс орындары ашылып, мамандарды қайта даярлау ісі жүзезе асып жатқанын айтқан тұрғындар «Жол картасы» бағдарламасының алдағы жылдары да жалғасы тапқаны жөн екенін мәлім етті.

– Ерекше айтарым, «Жол картасы» бағдарламасы, әсіресе, аудандар мен ауылдар үшін әлеуметтік маңызы зор серпіліс болып отыр. Елді мекендердің екінші тынысы ашылғандай. Елбасының тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамтудың бір жолы да осы екеніне көз жеткіздім»,- деді телефон арқылы хабарласқан Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Үржар ауданындағы Науалы балалар үйінің лагерінде депутат жазғы демалыста тынығып жатқан балдырғандармен кездесті. Бұл жерде еліміздің бүгіні мен келешегі туралы әңгіме қозғалды. Жазғы демалыстың дұрыс ұйымдастырылуы жөнінде сөз болды. Кездесу соңында депутат Н.Сабильянов осы балалар лагеріне толыққанды музыкалық аппаратураны сыйға татты.

Аякөз қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалында депутат 90 адамды өз өтініштері бойынша қабылдап, бірқатар өзекті мәселелердің шешімін табуға атсалысатынын жеткізді.

Жүздесулерге тұрғындар белсенді қатысып, жергілікті маңызы бар мәселелерден бастап, көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселелерді көтерді, сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды. Барлық кездесулер ашық түрде өтті, сайлаушыларға өз сұрақтарын қоюға, мәселелерін айтуға толық мүмкіндік берілді.

 

 (Айбатыр Сейтақ, Мәжілістің баспасөз қызметінен. Тел: 74-63-02. Seitak@parlam.kz Ақпаратты Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты)