«Тарбағатай» газеті
№36
28 тамыз 2010 ж.
Мәжіліс депутаттары ауданымызда болды
Өткен аптада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің мүшесі Н.Сабильянов пен С.Ферхо ауданымызда болып, биылғы су тасқыны зардабын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
Көктүбек ауылындағы кездесуде ауыл тұрғыны А.Рахембердинов ауылды қақ жарып ағатын Базар өзеніне жаяу жүргінші өтетін көпір салынса, Сәтпаев ауылымен екі ортадағы автокөлік жолы жөнделсе деген ұсынысын айтты.
Халық қалаулылары ауданымызда болған кездсулерде қарапайым тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап беріп, жұртшылық тарапынан жасалған ұсыныстар мен шешілуі күрделі мәселелерді Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдардың назарына жеткізетіндігіне сендірді. Кездесулер кезінде аудан әкімі М.Сапарғалиев, оның орынбсары С.Әзімханов халық қалаулыларымен бірге болды.
К.Ғабдуллина,
«Нұр Отан» ХДП-ның Тарбағатай аудандық филиалы
Төрағасының орынбасары