Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Жер мәселесі туралы
«Хабар» телеарнасы

«Хабар» телеарнасы

04 мамыр 2016 жылы

http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/54434-auyl-sharuashyly-y-zherlerin-pajdalanu-ata-ba-ylau-a-alynady

 

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

- Шетелдік компаниялар, шетелдіктер егер де бізде қолданылмайтын тыңайтқыштар мен химикаттарды пайдаланатын болса, онда ондай жерді мемлекет қайтара алады. Яғни бұл жерде агрохимия қызметі мемлекеттік мекемесі бар. Солар ол жерді тексереді. Құнарлығын, жарамдылығын тексеріп, ол қорытынды шығарады. Сол қорытынды арқылы мемлекет, атқарушы орган жерді мемлекет иелігіне қайтарады. Зерттеу орталығы берген мәлімет бойынша, өткен жылы республика бойынша 60-тан аса шаруаның жері арнайы тексерілді.  Тең жартысының өнім алып, жұмыс істетіп отырған жерінің топырақ сапасы шектен тыс төмендеп кеткен.  Оларға байланысты Агрохимия орталығы жергілікті құзырлы органдарға арыз жазған.  Қазіргі таңда тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.  Қазақстандағы жер қорының жалпы аумағы 270 миллион гектардан асады. Оның 100 миллионы мемлекеттің қорында.  24 миллион гектарында елді мекендер, қалалар мен аудандар орналасқан. Тағы 100 миллион гектар – ауыл шаруашылығы жерлері. Орман мен тоғайлы алқаптар 20 миллионнан асады, тағы 6 миллион гектар – қорықтар мен парктер, яғни ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Бекболат Базаров

Источник: 
http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/54434-auyl-sharuashyly-y-zherlerin-pajdalanu-ata-ba-ylau-a-alynady

***

«Қазақстан - Семей» телеарнасы

05 мамыр 2016 жылы

http://semeytv.kz/kz/news/society/parlament-mezhilisinin-deputaty-nur-otan-partiyasy-parlamenttik-frakciya-zhetekshisinin-orynbasary-nurtai-sabilyanovtyn-halykpen-kezdesui-zhalgasuda

Оған дейін Семей тұрғындарымен кездесу өткізді. Соның бірі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде болды. Ел тұрғындарының қатарында оқытушылар мен студенттерді де жер сату мәселесі алаңдатады. Осыған байланысты депутат Нұртай Сабильянов қолданыстағы заңға сәйкес, ел азаматтарының ғана жер учаскелерін жекеменшікке сатып алуға құқы бар екендігін айтты. Шекара маңындағы аумақтардағы учаскелерден өзге жерлер  шетелдіктерге жалға беріледі. Қазақстан жерін жалға беру – қоғамда дау туғызып отырған мәселелердің бірі. Бүгінде кейбір шетелдік компаниялар табыс табамыз деп құнығып, жер өңдеуде химиялық тыңайтқыштар қолдану салдарынан жердің құнарлылығы төмендеп кеткені жасырын емес. Бұл тұрғыда жауапты мемлекеттік органдардар жалға берілген жерлердің мақсатты пайдалануын үнемі бақылап отыратын болады,- дейді мәжілісмен. Депутаттың профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесуі ашық диалог түрінде өтті. Студенттер мәжілісменге сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Жиын барысында халық қалаулысы таяуда қабылданған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі мен білім жүйесіне үш тілде оқытуды енгізудің маңыздылығына тоқталды. 



***

 

24 kz телеарнасы  05 мамыр 2016 жылы

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/118517-etti-ata-ba-ylauynda-bolady

 

 

Қазақстандағы жерлер егер шетелдік компанияларға жалға берілетін болса, жер инспекциясы мен агрохимиялық қызметтің қатаң бақылауында болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Семейдегі халықпен кездесуі кезінде айтты. Яғни жердің құнарлылығы мен сапасына қылаудай нұқсан келіп, төмендейтін болса, атқарушы билік заңға сәйкес қайтадан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарып ала алады. Тыйым салынған тыңайтқыштар мен химиялық қоспалар межелі мерзімде тексеріліп отырады. Шығысқазақстандықтармен өткен жоспарлы кездесуде өңірдің өзге де өзекті мәселелері сөз болды. Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Бұл жерде агрохимия қызметі мемлекеттік мекемесі бар.Солар ол жерді тексереді. Құнарлылығын, жарамдылығын тексеріп, ол қорытынды шығарады. Сол қорытынды арқылы мемлекет, атқарушы орган жерді мемлекет иелігіне қайтарады. Яғни бұл жерде агрохимия қызметі мен жер инспекциялары бірігіп отырып жұмыс атқарады. Міне, бақылауды осылай жүзеге асырады.