Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
ҚазАқпарат: Мәжіліс депутаты шығысқазақстандық сайлаушылармен кездесті
ҚазАқпарат

ҚазАқпарат

05.05.2011 / 13:00

Мәжіліс депутаты шығысқазақстандық сайлаушылармен кездесті

 

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының Қалбатау, Бірлік, Солнечный ауылдарында және Шар қаласында сайлаушылармен кездесулер өткізді.

 

Мәжіліс депутаты Қалбатау ауылындағы жаңадан салынған балабақша ғимаратын аралап көрді. Шар қаласындағы ауруханаға барып, дәрігерлермен  пікір алмасты. Осы қалада жаңадан салынып жатқан балабақша құрылысының жағдайымен танысты. «Омбы-Майқапшағай» республикалық жолының бойында жаңадан салынып жатқан «Суықбұлақ-Қалбатау» жол учаскесін барып көрді.

 

Кездесулер барысында депутат Н.Сабильянов үстіміздегі жылы «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы және атқарылып жатқан жұмысы туралы хабардар етті.

 

Кездесулерде сайлаушылар тарапынан депутатқа тұрғын үй, әлеуметтік-экономикалық мәселелер, білім, мәдениет, спорт нысандарын салу жайлы сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Депутат сайлаушылардың сауалдарына толық жауап берді. Көптеген азаматтар өз өтініштері бойынша депутаттың жеке қабылдауында болды. Барлық кездесулер ашық түрде өтті.

 

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов «Нұр Отан» партиясының атынан аудан тұрғындарына 3 сәуірде болған Президент сайлауында Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа зор сенімдерін білдіріп, сайлауға белсенділікпен қатысқандары үшін алғысын білдірді.