АЯГӨЗ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
аудандық қоғамдық-саяси газет
1 маусым 2011 жыл №45 (10022)
Мамыр айының 30-күні Шыңғожа ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Аталмыш ғимараттың ашылу рәсіміне Аягөз ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов, жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Салихұлы Сабильянов, аудан әкімінің орынбасары Сейілбек Әбиұрұлы Ысқақов, аудандық медицина бірлестігінің директоры Жайық Амангелдіұлы Жұмаханов қатысты. Дәрігерлік амбулаторияның іші толық жаңадан алынған жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі заман талаптарына сай келеді. Бұл Елбасымыздың халыққа Жолдауында айтылғандай халықтың денсаулығын сақтау саласына аса көңіл бөліп отырғанының айқын көрінісі.
Ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатын Нарын ауылдық округінің әкімі Ә.Тоқбаев кіріспе сөзбен ашып, алғашқы құттықтау сөзді аудан басшысына ұсынды.
Алғашқы сөз алған аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов ауыл тұрғындарын, ауылдық медицина қызметкерлерін жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының пайдалануға берілуімен құттықтады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында ашылып отырған жаңа дәрігерлік мекемесінің ұжымына адамдар денсаулығын сақтау жолындағы еңбектеріне табыстар тіледі. Мұнан басқа да Шыңғожа ауылында жол жөндеу, көшені жарықтандыру жұмыстарының басталғанын айтқан аудан басшысы ауыл тұрғындарын көшені тазалауға, көгалдандыруға, абаттандыруға шақырды. Осының бәрі де мемлекетіміз бен үкіметіміздің көмегі деп білуіміз керек.
Мұнан кейін сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі, осы ауылдың тумасы Нұртай Сабильянов жерлестерін дәрігерлік амбулаторияның ашылуымен құттықтап, жаңа ғимараттың толық жабдықталып, пайдалануға берілуіне көмек көрсеткен аудан басшыларының еңбектеріне рахмет айтып, ризашылығын білдірді. Осы жылдың ішінде Шыңғожа ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жедел жәрдем автокөлігі болып қалатынына да сенім білдірді. Аудандық медицина бірлестігінің директоры Жайық Жұмаханов көпшілікті құттықтай отырып, ауылдық дәрігерлік мекемесінің пайдалануға берілуіне ат салысқан аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханұлына, Нұртай Салихұлына және басқа да азаматтарға рахмет айтып, ризашылығын білдірді.
Мұнан соң жаңа ғимараттың есігіне айқара керілген көгілдір лентаны қию құрметіне осы ауылдың тұрғындары, еңбек ардагерлері Қапау Аушанова апамыз, Елеусіз Әміренов ақсақал, аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі, жерлесіміз Нұртай Сабильянов ие болды.
Лента қиылған соң шашулар шашылып, ауыл тұрғындары жаңа ғимараттың ішін аралап көрді.
Б.Сайлаубайұлы.
По плану, разработанному отделом внутренней политики, утвержденным акимом Аягозского района А.Мухтархановым и в соответствии с положением о проведении районных молодежных марафонов-эстафет 30 мая в 11.00 часов на площади города Аягоз состоялся эстафетный марафон молодежи «Процветание аула – процветание Казахстана», посвященный 20-летию независимости республики. Целью данного мероприятия стало патриотическое воспитание подрастающего поколения: любовь к родной земле, к малой родине, к нашей стремительно развивающейся стране. Подобные мероприятия, разной направленности и разного масштаба, проводятся по поручению Президента по всей республике.
Открыл марафон аким района А. Мухтарханов. Он обратился к участникам, десятиклассникам, с призывом активного участия в общественной жизни города и района. Затем пожелания добрых дел на благо Отечества высказал депутат Мажилиса Парламента Н. Сабильянов. Почетный гражданин города, председатель совета аксакалов А. Сарсембаев выразил уверенность в том, что за сегодняшними десятиклассниками будущее страны, а потому они должны следовать идеалам добра, справедливости, благородства.
Знамя эстафеты марафона аким района А.Мухтарханов передал командиру отряда марафонцев Ержану Амантаеву. Торжественный митинг завершился исполнением песни «Атамекен».
По окончании официальной торжественной части мероприятия все участники прошли по площади к улице Б. Момышулы, где в настоящее время идет ее обустройство, в частности, строительство арыка. Аким сказал, что это лишь одно из добрых дел – обустройство родного города, и уже сегодня от молодых ждут активного включения в работу. В этом году созданы все условия для того, чтобы десятиклассники не только смогли собственноручно в прямом смысле этого слова участвовать в строительстве молодого государства, но также заработать во время летних каникул. Здесь же напутственное слово марафонцам, учащимся 10-х классов, дал ветеран войны и труда Б. Тусупов, который призвал ребят защищать свою Родину, делать все возможное для процветания Отчизны.
Т.Волкова