Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
"Семей таңы" газеті: ДЕПУТАТ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ДЕПУТАТ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Семей таңы» газеті

 

ДЕПУТАТ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының Қалбатау, Бірлік, Солнечный ауылдарында және Шар қаласында сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Мәжіліс депутаты Қалбатау ауылындағы жаңадан салынған балабақша ғимаратын аралап көрді. Шар қаласындағы ауруханаға барып, дәрігерлермен  кездесті. Осы қалада жаңадан салынып жатқан балабақша құрылысының жағдайымен танысты. «Омбы-Майқапшағай» республикалық жолының бойында жаңадан салынып жатқан Суықбұлақ-Қалбатау жол учаскесін көріп қайтты.

Кездесулер барысында депутат Н.Сабильянов үстіміздегі жылдағы «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар туралы, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы және атқарылып жатқан жұмысы туралы хабардар етті.

Кездесулерде сайлаушылар тарапынан депутатқа тұрғын үй, әлеуметтік-экономикалық мәселелер туралы сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Солнечный ауылында мынандай мәселелер көтерілді: көп пәтерлік үйлерді жөндеу, тазартпа жүйелерін, спорт кешенін салу, ішкі әскер әскери қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, дәрігерлік амбулатория ашу, қысқы уақытта жолдарды тазалау және де Жаңғыз-Төбе ауылында мәдениет үйі мен орта мектеп ғимараттарын салу. Қалбатау ауылында: жұмысқа орналасу, тұрғын үй, зейнетақы, жәрдемақы төлемдері, көшелерді жөндеу, тұрғындарды электр қуатымен, ауыз сумен қамтамасыз ету, жанар-жағармай бағасының өсуі, еңбек ардагерлерінің, шағын қалалардың мәртебесі, өзіндік қосалқы шаруашылық туралы заңды қабылдау, көп балалы аналарға «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларын беру туралы және басқа да сұрақтар қойылды. Шар қаласында: №2 медициналық бірлестігінің мәселелері, тұрғындар амбулаторлық емделуден өту үшін 10 күнге дейін күтеді екен, шаруа қожалықтарын несиелендіру, ішкі істер органдарының жұмысы және қылмыстардың ашылуының төмен деңгейі, туберкулезге қарсы аурухананың  қалалық аурухана ғимаратында орналасуы, оның санитарлық ережелерге сәйкес келмеуі туралы және басқа да сұрақтар қойылды.  Бірлік ауылында: зейнеткерлікке шыққан адамдардың жастарға жұмыс орындарын босатуы, оралмандардың мәселелері, Семей өңірінде зейнеткерлікке шығу жасын азайту, балаларға және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, ауыл жастарының жұмыссыздығы.   

Депутат Н.Сабильянов сайлаушылардың сұрақтарына толық жауап берді. Көптеген азаматтар өз өтініштері бойынша депутаттың жеке қабылдауында болды. Барлық кездесулер ашық түрде өтті.

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов «Нұр Отан» ХДП-ның атынан Жарма ауданы тұрғындарына үшінші сәуірде бол- ған Президенттік сайлауда Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- қа зор сенімдерін білдіріп, сайлауға белсенділікпен қатысқандары үшін алғысын білдірді.

 

Э.ЖҮрсінбекқызы.