Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Депутаты Н.Сабильяновтың Шығыс Қазақстан облысы Аягөз, Жарма және Үржар аудандары тұрғындарымен 2011 жылғы тамыз айында өткізген кездесулері.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновтың Шығыс Қазақстан облысы Аягөз, Жарма және Үржар аудандары тұрғындарымен 2011 жылғы тамыз айында өткізген кездесулері

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновтың Шығыс Қазақстан облысы Аягөз, Жарма және Үржар аудандары тұрғындарымен 2011 жылғы тамыз айында өткізген кездесулері.

 

15 тамыз 2011 ж.: Аягөз ауданы

11:00 – Қарағаш ауылы;

16:00 – Бозай ауылы. 

 

16 тамыз 2011 ж.: Аягөз қаласы

8:30 – орталық аурухана;

11:00 – Аягөз қаласының тұрғындарымен кездесу;

18:30 – әскери қалашықта кездесу.

 

17 тамыз 2011 ж.: Үржар ауданы

11:00 – Таскескен ауылы, (Ы.Алтынсарин атындағы мектептің залында)

15:00 – Айтбай ауылы.

 

18 тамыз 2011 ж.: Жарма ауданы

11:00 – Қаратөбе ауылы;

16:00 – Ауезов кенті.

 

-------------------------------------------------------------------------------------------

 

ҚазАқпарат

25.08.2011 / 10:14

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов шығысқазақстандық сайлаушылармен кездесті

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов жуырда Шығыс Қазақстан облысының бірқатар елді мекендерінде болып, сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, депутат Аягөз ауданының Қарағаш, Бозай ауылдарында, Аягөз қаласында, Жарма ауданының Қаратөбе, Кентарлау ауылдарында және Әуезов кентінде, Үржар ауданының Таскескен және Айтбай ауылдарында болды.

Депутат Аягөз қаласында аудандық ауруханада, қала тұрғындарымен, әскерилермен, өнер мектебінде кездесулер өткізіп, күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан аудандық аурухананы, Аягөз қаласының көшелерін, жаңадан салынған саябақты аралап көрді. Сонымен қатар Алакөл жағасында Аягөз ауданының мектеп оқушыларымен де кездесу өткізді. Сондай-ақ Аягөз қаласына келген «Менің Қазақстаным» пойызын қарсы алу іс-шараларына қатысты.

Кездесулер барысында депутат Н.Сабильянов үстіміздегі жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауының негізгі бағыттары, Парламент Мәжілісінің қызметі мен төртінші сессия барысында қабылданған заңдар, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы және атқарылып жатқан жұмысы туралы хабардар етті. Депутат мемлекетіміздің Үдемелі Индустриялық-инновациялық бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасына толығырақ тоқталып өтті.

Сайлаушылар тарапынан Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарға зейнеткерлікке шығу жасын төмендету, медициналық көмектің көлемін арттыру, әлеуметтік жәрдемақылар, «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң қабылдау, азық-түлік пен жанар-жағармай бағасының көтерілуі, тұрғын үй, жолдарды жөндеу, жас мамандарды қолдау, жеңілдікпен несие алу жөнінде сұрақтар қойылды. Сондай-ақ Қарағаш, Айтбай, Кентарлау ауылдарында жаңа мектеп салу, Аягөз қаласында, Әуезов кентінде, Таскескен, Қаратөбе, Шалабай, Қарағаш, Тарбағатай, Алтыншоқы ауылдарында халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету, Әуезов кентінде көп қабатты үйлерді және Таскескен ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу, Ақтүбек ауылындағы бастауыш мектепті жаппау, Бозай ауылында мектепке дейінгі балалар орталығын ашу және т.б. мәселелер көтерілді.

Депутат сайлаушылардың сауалдарына толық жауап берді. Көптеген азаматтар өз өтініштері бойынша депутаттың жеке қабылдауында болды, өтініштерін табыс етті. Барлық кездесулер ашық түрде өтті.

Кездесулерде Аягөз, Жарма, Үржар аудандарының тұрғындары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Семей ядролық полигонын жауып, оның зардаптарын жоюға тікелей қолдау көрсетіп, мелекетіміздің және аталған облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту  жолындағы атқарып отырған жұмыстары үшін өз ризашылықтарын білдіріп, тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтап, алғыстарын айтты.

 

 

-------------------------------------------------------------------------------------------

 

«Семей таңы» газеті

№60 (18099) 30 ТАМЫЗ, 2011 жыл

 

Мәжіліс депутаты сайлаушылармен кездесті

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов 2011 жылғы тамыз айындаШығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданының Қарағаш, Бозай ауылдарында, Аякөз қаласында, Жарма ауданының Қаратөбе, Кентарлау ауылдарында және Әуезов кентінде, Үржар ауданының Таскескен және Айтбай ауылдарында сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Депутат Аякөз қаласында аудандық ауруханада, қала тұрғындарымен, әскерилермен, өнер мектебінде кездесулер өткізіп, күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан аудандық аурухананы, Аякөз қаласының көшелерін, жаңадан салынған саябақты аралап көрді, сонымен қатар Алакөл жағасында Аякөз ауданының мектеп оқушыларымен де кездесу өткізді. Сондай-ақ, Аякөз қаласына келген «Менің Қазақстаным» пойызын қарсы алып, іс-шараларына қатысты.

Кездесулер барысында депутат Н.Сабильянов үстіміздегі жылы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнағанЖолдауының негізгі бағыттары, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы және атқарылып жатқан жұмысы туралы хабардар етті. Депутат Үдемелі Индустриялық Инновациялық бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасына толығырақ тоқталып өтті.

Сайлаушылар тарапынан Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарға зейнеткерлікке шығу жасын төмендету, медициналық көмектің көлемін арттыру, әлеуметтік жәрдемақылар, азық-түлік пен жанар-жағармай бағасының көтерілуі, тұрғын үй, жолдарды жөндеу, жас мамандарды қолдау, жеңілдікпен несие алу, Қарағаш, Айтбай, Кентарлау ауылдарында жаңа мектеп салу, Аякөз қаласында, Әуезов кентінде, Таскескен, Қаратөбе, Шалабай, Қарағаш, Тарбағатай, Алтыншоқы ауылдарында халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, Әуезов кентінде көп қабатты үйлерді және Таскескен ауылында мәдениет үйін күрделі жөндеу, Ақтүбек ауылындағы бастауыш мектепті жаппау, Бозай ауылында мектепке дейінгі балалар орталығын ашу, Қаратөбе ауылында жеке қосалқы шаруашылық туралы заң қабылдау, Шалабай ауылында жолаушылар пойызына аялдама жасау және т.б. мәселелер айтылды.

Депутат сайлаушылардың сауалдарына толық жауап берді. Көптеген азаматтар өз өтініштері бойынша депутаттың жеке қабылдауында болды, өтініштерін берді. Барлық кездесулер ашық түрде өтті.

Кездесулерде Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз, Жарма, Үржар аудандарының тұрғындары Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына Семей ядролық полигонын жауып, оның зардаптарын жоюға тікелей қолдау көрсетіп, мемлекетіміздің және облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолындағы атқарып отырған жұмыстары үшін өз ризашылықтарын білдіріп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтап, алғыстарын айтты.

 

Эльмира ЖҮРСІНБЕКҚЫЗЫ.

 

 

-------------------------------------------------------------------------------------------

 

«Дидар» облыстық газеті

 №102 (16578) 1 қыркүйек 2011

 

 Сайлаушылар қойған сауал – сан алуан

 

 

 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Сая­си Кеңесінің бюро мүшесі Нұртай Сабильянов 2011 жылғы тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Қарағаш, Бо­зай ауылдарында, Аягөз қаласында, Жарма ауданының Қаратөбе, Кентарлау ауылдарын­да және Әуезов кентінде, Үржар ауданының Таскескен және Айтбай ауылдарында сайлау­шылармен кездесулер өткізді.

Депутат Аягөз қаласында аудандық ауруха­нада, қала тұрғындарымен, әскерилермен, өнер мектебінде кездесулер өткізіп, күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан аудандық аурухананы, Аягөз қаласының көшелерін, жаңадан салынған саябақты аралап көрді, сонымен қатар Алакөл жағасында Аягөз ауданының мектеп оқушыларымен де кез­десу өткізді. Сондай-ақ, Аягөз қаласына келген «Менің Қазақстаным» пойызын қарсы алып, іс-шараларына қатысты.

Кездесулер барысында депутат Н.Саби-льянов үстіміздегі жылы «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы және атқарылып жатқан жұмысы туралы хабардар етті. Депутат Үдемелі индустриялық инновациялық бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасына толығырақ тоқталып өтті.

Сайлаушылар тарапынан Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарға зейнет-керлікке шығу жасын төмендету, медициналық көмектің көлемін арттыру, әлеуметтік жәрдем-ақылар, азық-түлік пен жанар-жағармай бағасы-ның көтерілуі, тұрғын үй, жолдарды жөндеу, жас мамандарды қолдау, жеңілдікпен несие алу, Қарағаш, Айтбай, Кентарлау ауылдарында жаңа мектеп салу, Аягөз қаласында, Әуезов кентінде, Таскескен, Қаратөбе, Шалабай, Қарағаш, Тарбағатай, Алтыншоқы ауылдарында халық-ты таза ауызсумен қамтамасыз ету, Әуезов кен-тінде көпқабатты үйлерді және Таскескен ауы­лында мәдениет үйін күрделі жөндеу, Ақтүбек ауылындағы бастауыш мектепті жаппау, Бозай ауылында мектепке дейінгі балалар орталығын ашу, Қаратөбе ауылында жеке қосалқы шаруа-шылық туралы заң қабылдау, Шалабай ауылында жолаушылар пойызына аялдама жасау және т.б. мәселелер айтылды.

Депутат сайлаушылардың сауалдарына толық жауап берді. Көптеген азаматтар өз өтініштері бойынша депутаттың жеке қабылдауында болды, өтініштерін берді. Барлық кездесулер ашық түрде өтті.

Кездесулерде Шығыс Қазақстан об­лысы Аягөз, Жарма, Үржар аудандарының тұрғындары Елбасы, Қазақстан Респуб-ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев-қа Семей ядролық полигонын жауып, оныңзардаптарын жоюға тікелей қолдау көрсетіп, мемлекетіміздің және облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолын-дағы атқарып отырған жұмыстары үшін өз ризашылықтарын білдіріп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтап, алғыстарын айтты.

 

 

 

 

«Қазақстан» телеарнасы

Жаңалықтар, 18 тамыз 2011 ж.

 

Ауыз суға зәру халық

 

Шығыстағы Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылы ауыз сусыз отыр. Тұрғындар бірнеше жылдан бері суды өзеннен тасып ішеді. Жазда ағын суды пайдаланса, қыста қар суын керегіне жаратады екен.

Шығыстағы Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылы ауыз сусыз отыр. Тұрғындар бірнеше жылдан бері суды өзеннен тасып ішеді. Жазда ағын суды пайдаланса, қыста қар суын керегіне жаратады екен. “Ауыз су” бағдарламасының ауылға шарапаты тимеді. 2 рет қазынадан қомақты қаржы бөлінді деген хабар болды. Бірақ істің арты сұйылып кетті. Тұщы суды сарғая күткен жұрт мемлекеттік органдарға шағынудан еш нәтиже болмаған соң, халық қалаулыларынан көмек сұрап отыр.

  Тарбағатай ауылында 3 мың тұрғын бар. Олар ауыз судың тапшылығын тартып келеді. Тарбағатайлықтардың сұранысын қанағаттандыру үшін ел қазынасынан қомақты қаржы бөлінді де. Алайда нәтиже жоқ. Олар бұл мәселені өңірде сайлаушылармен кездесу өткізіп жүрген Мәжіліс депутатына жеткізгенді жөн көреді. Ауыл тұрғыны, зейнеткер Сапар Өзбековтың сөзінше, елді мекенге бөлінген 200 млн теңгеге жуық қаражат мердігер мекеменің қалтасында кеткен.

 Сапар Өзбеков, Тарбағатай ауылының тұрғыны

  Суға батпайтын, отқа күймейтін не деген бригада ол?! Ал енді Үкіметтің қыруар ақшасы желге ұшып, халыққа пайдасы болмаса, оны ұстап не керек. Мемлекетіміз бұдан зорғы дүниеге қол жеткізіп отырғанда, алақандай ауылды 3,5 км суды осы күнге дейін бермейді. Көрінгеннің байлауында, бидауында кетіп отыр. Ақша далаға шашылып кетті.

  Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбильянов бұл мәселені тиісті органдарға жеткізетінін айтты. Жалпы ауыл мәселесінің «Нұр Отан» партиясы мен Парламент депутатарының назарында отырғанын білдірді.

  Нұртай Сәбильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

  Халықпен кездесу барысында тұрғындар тарапынан Аягөз қаласын ауыз сумен қамту мәселесі, көшелерді жөндеу мәселесі, Қарағаш ауылында мектеп салу, Тарбағатай ауылындағы ауыз су мәселесі, сонымен қатар Боғас-Қарағанды арасындағы республикалық деңгейдегі жолды жөндеу мәселесі көтеріліп, осыған мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді сұрады.

  Аягөз ауданында бюджет есебінен жүргізіліп жатқан  құрылыстар баршылық. Оларды көріп, мән-жайымен танысу оны үкімер назарына ұсыну халық қалаулыларының міндеті, дейді депутат.  Оның пікірінше, Үржар, Жарма аудандарының шалғай ауылдарында да шешімін күткен мәселелер жетерлік.