Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Ұстаздарын ұлықтаған депутат, "Жас Қазақ" газеті
Ұстазын ұлықтаған депутат

«Жас Қазақ» газеті

№41 (353) 21 қазан 2011 жыл

 

 

Ұстаздарын ұлықтаған депутат

 

 

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген сөз бар. Осы аптада мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов өзінің бір топ ұстаздарын Парламентке шақырып, құрмет көрсетті. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Шынқожа батыр ауылынан келген 10 мұғалім кезінде депутатқа тәлім-тәрбие берген білім беру ісінің ардагерлері екен. «Бұған дейін Астанаға соғыс және еңбек ардагерлерін, теміржолшыларды, жетім балаларды шақырсам, бұл жолы өзіме дәріс беріп, қанатымды қатайтқан ұзтаздарым келді. Ұстазға құрмет көрсету – халыққа адал қызмет етумен бірдей», - деді кездесуде Нұртай Салихұлы.

Ауыл мұғалімдері Астананың көрікті жерлерін аралап, тұңғыш президент мұражайында, «Бәйтерек» кешенінде, «Думан» ойын-сауық орталығында, «Хан шатырында», Бейбітшілік және келісім сарайында болды. Ал, Мәжілістегі кездесуде Нұртай Салихұлы оларға Парламенттің құрылымы, заң шығару қызметі туралы әңгімелеп берді. Әсерлі жиында сөз алған Айтқазы Исатаев, Қапау Аушанова, Биторы Жалбағааев, Қайырбек Қарымбаев, Әбдіқадір Оспановтар өз шәкіртіне, мемлекет басшысына деген жылы лебіздерін жеткізді.

 

 

Т. Тілеубай.