«Жас Қазақ Үні» газеті
27 мамыр, 2012 //
ҚАЗАҚҚА ҚАЙРАТ ЕТКЕН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ
Осынау өмір-дерекке
көз жүгірткенде ең алдымен байқайтыныңыз,
бүгінде ердің жасы – елуге толып отырған Нұртай
Салихұлының өмірі кез-келген қазаққа
үлгі етуге тұрарлық. Оның
еңбекқорлығы, білімпаздығы, ізденімпаздығы,
Отанға адалдығы мен отбасына жауаптылығы бірден
менмұндалайды.
Шенеуніктер арасында орден-медальден, мақтан-марапаттан кенде еместері
толып жатыр. Әрқайсысынң өмірбаянына
үңілсеңіз, салақұлаш «жетістіктер» мен
«табыстардан» көзіңіз сүрінеді. Бірақ, соның
бәріне лайықтылары көп деп айту қиын. Ал Нұртай
Салихұлы жоғарыда аталған табыстың бәріне адал
еңбек, маңдай терімен, білімі мен білігінің арқасында
жеткендігіне ел куә, сондықтан да оның табысын қаншалықты
тізбектесек де, көзге ерсі көрінбейді. Өйткені оның
сондай адам екенін бәрі де мойындайды. Досы – ізгі көңілмен
ыстық ықыласын танытса, дұшпаны – табалай отырып, амалсыз
мойындайды. Оған қайбір жылы ел қалаулысын сотқа
сүйреп, жоқ жерден пәле іздегендердің іс-әрекеті
дәлел. Сол шулы оқиғадан кейін, «біреуге ор қазба –
өзің түсерсің» деген халық даналығына
тағы бір көз жеткіздік.
«Халық қалаулысы» деген мандатқа ие болып жүрген 107
депутаттың оншақтысы ғана халықпен үздіксіз
кездесіп, өз сайлаушыларының мұң-мұқтажына
ортақтасып жүреді, ал қалғандары
қашандағыдай, есектері судан өткенше «сайрағандар». Ал
Нұртай Салихұлы қашан қарасаң ел ортасында
жүргені – ауылға, туған жерге, өскен ортаға,
ұшқан ұяға жиі атбасын бұрады, кем-кетігін толықтырады,
жылағанға жұбаныш, мұңайғанға
қуаныш бола білетін, сөзжәрдем, ісжәрдем беруге
қашанда дайын жомарт жүректі жан. Оны ел де тегіннен тегін «Атымтай
жомарт» атамаса керек. Қазақ жігітіне лайық жомарттық,
ер-азаматқа лайық мәрттік Нұртай Сабильяновтың
шынайы болмыс-бітімі. Айта жүрсін деп істемейді, мақтасын деп
жасамайды, қандай жақсылық істесе де – адами міндетім,
перзенттік борышым деп жасайды. Бұл оның ішкі
мәдениетінің жоғары екендігін, адами болмысының
тазалығын көрсетсе керек. «Сіз туралы бір ауыз айтайық,
істеген ісіңізді үлгі етіп жазайық» десең, керісінше,
ат тонын ала қашып, барынша тасада қалуды жөн санайды.
Бұл да қарапайымдылықтың бір көрінісі емес пе?
Тек өз ауылы ғана емес, Қазақстанның кез келген
аймағында Нұртайдың ізі сайрап жатқандай. «Нұртай
Сабильянов Қалбатау, Бірлік, Солнечный ауылдарында, Шар қаласында
сайлаушылармен кездесулер өткізді…», «Жаңадан салынған
балабақша ғимаратын аралап көрді…», «ауруханаға барып,
дәрігерлермен кездесті…», «Нұртай САбильянов мектеп
оқушыларымен кездесті…»
Биік мінберде болсын немесе шағын залда болсын, Нұртай қай
кезде де тек халықтың сөзін сөйлеп жүргені. Оны
толғандыратын дүние аз емес. Әлеуметтік-экономикалық
мәселелер – спорт кешенін салу, дәрігерлік амбулатория ашу,
қысқы уақытта жолдарды тазалау, мәдениет үйі мен
орта мектеп ғимараттарын салу, жұмысқа орналасу,
тұрғын үй, зейнетақы, жәрдемақы төлемдері,
көшелерді жөндеу, тұрғындарды электр қуатымен,
ауыз сумен қамтамасыз ету, жанар-жағармай бағасының
өсуі, еңбек ардагерлерінің, шағын
қалалардың мәртебесі, өзіндік қосалқы
шаруашылық туралы заңды қабылдау, көп балалы
аналарға «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларын
беру, жалғызбасты аналарды баспанамен қамтамасыз ету,
зейнетақы, шәкіртақы, оралмандардың мәселелері,
Семей өңірінде зейнеткерлікке шығу жасын азайту,
балаларға және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар, ауыл жастарының жұмыссыздығы,
несие, банк мәселесі… Тізе берсең, толып жатыр. Оның ар
жағында ұлттық және саяси мәселелер де жоқ
емес. Мәжілісмен сол шаруаның бәріне де үлкен білікпен
атсалысады. Заңды білетін, заңды сыйлай білетін азамат.
Кеше ұлт зиялылары мемлекеттік тілдің тағдырына араша
түсіп, 138-дің хатын жазғанда, парламенттегі бар
депутаттың ішінен Нұртай Сабильянов бастаған
төрт-ақ депутат ұлт мүддесі үшін қолдап
шықты. Кей депутаттардың аты-жөнін ел білмеуі мүмкін,
ал Нұртай Сабильяновты халық жақсы біледі. Азаматтарды
өз өтініштері бойынша жеке қабылдап, мүмкіндігінше
алдына келген адамның мәселесін оң шешіп береді. Бір
сөзбен айтқанда, ол қоғамнан, қазақтан
ешқашан ажыраған емес. Оның өзекті
мәселелердің шешілуіне араласып, халықпен байланысын
үзбей жүргенін байқайсың. Қазақ елі оны
ұлттың жоғын жоқтап, мұңын
мұңдаушы, халық қалаулыларының бірі де бірегейі
деп біледі. Әлеуметтің немесе экономиканың ғана емес,
әдебиеттің, өнер мен мәдениеттің, тіл мен
ділдің қорғаушысы ретінде атқарып жүрген сан
алуан еңбегіңізге ел де куә, журналист ретінде біз де
куә.
Нұртай Сабильянов бір сұхбатында: «Халықпен бірігіп, бірлесіп
жұмыс істеп, елдің ортасында жүріп, әрқашан
қарапайым көпшілікке қолдау көрсету – басты
мақсатым» дейді. Бұл – халық қалаулысының
қағидасына айналған заңдылық… «Мен ғана
жақсы болмауым керек. Менің ғана жақсы болуымнан пайда
жоқ. Менің көршім, менің елім, жұртым жақсы
тұруы керек. Осындай қағиданы әрбір қазақ
азаматы ұстанса, Қазақстан әлемдік деңгейде
ең алдыңғы қатардағы елге айналады. Бір-бірімізді
қолдауымыз, көмектесуіміз керек, үлкенге деген
құрметімізді, халыққа деген ниетімізді
әрқашан білдіріп, халықтың ортасында өмір
сүруімізді жалғастыра беруіміз керек. Ал алдағы мақсатқа
келер болсақ, Парламент Мәжілісі депутаты ретінде,
Қазақ мемлекетінің азаматы ретінде халыққа адал
қызмет ету. Мен ауылда туып, білім алдым, тәрбиелендім, елде
жұмысымды бастадым. Енді алған білімді, көрген тәрбиені
еліме, туған жеріме деген адал қызметпен көрсетуім керек
қой. Міне, осы бағытты алдымызға қойып,
жұмысымызды осыған арнауымыз керек. Осы бағытты жүзеге
асыруымыз керек. Егер халық жақсы болса, ол менің де
жақсы тұрып жатқаным; егер халқымның
әлеуметтік жағдайы төмен болса, онда менің де
төмендігімді көрсетеді. Демек, менің қызметімнің
дұрыс еместігін көрсетеді. Ендеше, қызметте отырып,
қолдан келсе, неге ел-жұрттың жағдайын
жақсартуға атсалыспасқа? Неге ұлтымның
тұрмыс-тіршілігін жақсартуға еңбек етпеске? Жұмыс
адал, дұрыс істелсе, нәтиже болады. Ал қызметті пайдаланып
«Мен пайда табамын. Мен осы арқылы басқа жұмысқа
көтерілемін. Қызмет арқылы халықтың ортасында
үлкен дәрежеге жетемін» деп ойласаң, онда
қателескенің. Ең бастысы – адамның ұстанымы. Ол
өмірде қарапайым болып, халықпен араласып,
халықтың ортасында жүрсе, одан артық еш нәрсе
жоқ…» дейді.
Бүгін өзі ел араласа, келесі жолы елден қонақ
шақырып, біресе мектеп ұстаздарына жаңа қаланың
ғажайыптарын көрсетсе, енді бірде бүлдіршіндерге Астананы
тамашалатып жүргені. Олар да Астана туралы әсерін Нұртай
ағаларына шығарма етіп жазып жіберіпті. Ендігі сөзді солар
айтсын…
Қаракөз ҚАЛҚА
Жансая БАЙҒОЖАҚЫЗЫ,
10-сынып оқушысы:
– Астанаға Нұртай Салихұлының шақыртуымен жолымыз
түстi. Тарихи жерлердi аралап, естелiк суреттерге түстiк. Парламент
үйiнде болып, халық қалаулыларымен кездестiк. Ой
бөлiсiп, өз пiкiрiмiздi айттық. Талай тарихи
оқиғаларға куә болған залдарды аралап, танымал
тұлғалардың орындарына отырдық. Жақсының
бәрiн жақсылыққа жорыдық. Бiз де сол
кiсiлердiң орнын басатын боламыз.
Әлiшер ЖАҚСЫБАЙ,
5-сынып оқушысы:
– Елбасымыздың тұңғыш мұражайы маған
қатты ұнады. Ондағы күмiс зал деп аталатын
залдағы Елбасымызға әлемнiң 30 мемлекетiнен берiлген
медальдар мен ордендердiң түпнұсқалары, сонымен
қатар Нұрсұлтан Әбiшұлының бiлiм мен
ғылымды, спотты дамытуға қосқан үлесi үшiн
берiлген марапаттарды өз көзiммен көрдiм. Ал Парламент
Мәжiлiсiндегi халық қалаулыларының жұмыс
бөлмелерiнде болып, жете танысуымызға тiкелей ықпал еткен
Нұртай ағаға деген алғысымды тағы да бiлдiре
кетсем деймiн.
Елдос
НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ, 4-сынып оқушысы:
– Маған Парламент үйi өте ұнады. Әсiресе,
Нұртай Салихұлы «Алматыдан келген алғашқы
оқушылар сендерсiңдер» дегенде тiптi қуанып, марқайып
қалдым. Астанадағы ойын-сауық отаулары керемет екен.
«Думандағы» саяхат кезiнде өзiмдi бiресе мұхит астында
жүзiп жүргендей, сосын джунглиге кiргендей, қалың
орманның iшiнде жүргендей сезiндiм. Мұхитта кездесетiн
iрi-iрi балықтар да, 5D кинотеатрында көрген стереофильм де менi
ерекше әсерге бөледi. Астанаға тағы да келгiм келдi.
Толқынай ӘЛIМЖАНҚЫЗЫ, 11-сынып оқушысы:
– Алған әсерiмдi сөзбен жеткiзе алмайтын сияқтымын. Нұртай ағай ұлтқа, халыққа қызмет етудiң озық үлгiсiн көрсеттi. Бiзге де үлгi болды-ау деп ойлаймын. Астананың келбетi, табиғаты маған керемет ұнады. Үш күн демалып, бүгiн жолға шықтық. Бойымда бiр қимастық сезiм бар…
Нұртай Сабильяновтың
сайтына да ел өз тілектерін толассыз жолдап жатады. Олардың бір
парасы төмендегідей мазмұнда…
Құрметті Нұртай Салихұлы! Біз балапан басымен,
тұрымтай тұсымен кеткен заманда оқу бітірдік, содан беріде
далада қалған ұрпақ біз болдық. Жатақханаларды
бұрынғы тұрғындары жекешелендіріп алды, пәтер
алуға айлығымыз жетпеді. Өзіміз аяққа
тұрайық деп тұрмысқа да шықпадық,
сөйтіп жүріп жас өтіп кетті. Бүгінде жасымыз
қырықтан асты, енді бала да жоқ, баспана да жоқ,
біздің жалақымен несие де бермейді. Баспана болмаған
соң өзім үшін бала туып алуға да батыл жетпеді.
Қоғамда әлеуметтік жағынан
қорғалмаған бір топ бар, ол – кәрі қыздар.
Кәрі қыздардың мәселесін көп әйел алумен
шешуге болады дейтін әріптестеріңіз қателеседі. Өз
басым қалталы біреуге тоқал да, көңілдес те бола
алмаймын, қолымнан келмейді. Және қалталылар бізді
қайтсін?! Мына қоғамда мен секілді оң босағада
отырып қалған қыздар өте көп және отырған
қыздардың көбі оқыған қыздар, арлы
қыздар. Нұртай аға, сіз үнемі халықтың
көкейіндегі мәселені қозғайсыз, сыртыңыздан
тілеулеспіз. Өтініш, енді кәрі қыздарды баспанамен
қамту туралы мәселені қарастырсаңыздар екен.
***
Уважаемый господин Сабильянов, прочитала в интернете
(http://www.zakon.kz/kazakhstan/4472079-vpervye-za-20-let-zakon-o.html) о том,
что «впервые за 20 лет закон «О Семипалатинском ядерном полигоне» будет
рассматриваться на уровне Парламента». Надеюсь на Ваше действенное участие в
этом обсуждении и в частности улучшении социального обеспечения людей,
пострадавших от взрывов на полигоне. На данный момент те немногие льготы,
которые определены законом можно получить только при условии проживания в
районах радиационного поражения. Т.е. как только ты выезжаешь например из ВКО,
то уже никаких льгот, у пенсионеров отбирают надбавку к пенсии и т.д. Хотя Вы
ведь понимаете, что радиация к сожалению продолжает воздействовать на человека,
и у наших родителей куча болезней из-за нее. Заранее благодарю Вас.
***
Құрметті Нұртай Салихұлы! Сізді Ұлттық
мейраммен Күршім балалар музыка мектебінің оқушылары,ата
аналары, мұғалімдері атынан құттықтаймын! Осы
жылғы Қажылық атқарғанда Сіздің
отбасыңызға денсаулық және жақсылық
тіледім! Біздің мектептің отыз оқушысы мен он
мұғалімді қалтаңыздан миллион теңге
шығарып, Астана қаласының мерекелік той сахналарында концерттер
қоюға жеткізгеніңіз Күршіде аңыз болып айтылады!
Жасаған ағалық қамқорлығыңыз
балалардың жүрегінде сайрап тұр! Дәм тартып
ауылымызға келгенде мектебімізді аттап кетпейді деп сенеміз. Сіздей
қазақ тілінің туын тік көтеріп жүрген,
ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлетін
ағасының сөзі, шәкірттеріміздің патриоттық
сезімдеріне гүлге күннің шуағындай әсері болады.
Сіздің қаржыландыруыңызбен Астанаға барған
мектептер тізімінде біз көрсетілмеппіз. Ал миллион теңге
демеушілігіңізді аудандық, облыстық баспасөзде,
республикалық «Егемен Қазақстан» газеті де жазған.
Қазақтың өнеріне демеуіңіз бар
қазаққа үлгі болғай. Сіздей ұлттық
мүддені алға қоятындар көбейсін! Ізгі тілекпен мектеп
директоры Мүбәрәк Шәкір
***
Уважаемый, Нуртай Салихулы. Прошу Вас оказать помощь в спасении моего сына
Серикбосын Жаркын 1986г.р. Диагноз-аденома гипофиза. С февраля 2011 года мой
сын по сей день ждет операцию по удалению аденомы гипофизы. Не буду подробно
рассказывать, как нам пришлось трудно сдавать анализы в Алматы, Семей,
Усть-Каменогорске, Астане. Многократные анализы и поездки стоят огромных денег.
Затем мы с большим с трудом добились квоту. Но ему так и не сделали операцию,
так сказали что нужно проличить нос и приехать через 10 дней. Что мы и сделали,
но операцию опять отложили до осени, назначили соматуллин в инъекциях, которых
стоят 260000 тенге 1 ампула, а их нужно 4 ампулы на 2 месяца, а самое главное
препарата нет в Казахстане. Тем времени болезнь прогрессирует. Что теперь нам
делать? Пусть сын умирает- ни лекарств, ни операции. Как быть? С материнской
просьбой и последней надеждой прошу помогите пожалуйста моему сыну. Мы
проживаем: ВКО, Жарминский район, ст.Жангиз-Тобе, 9 квартал 38 дом. Социальный
статус безработная, имею 3 детей, кормильцем является только муж.
***
Сәлеметсіз бе, құрметті Нұртай Салихұлы! Мен,
Жанабаева Мадина Оралханқызы, Еуразия Ұлттық
университетінің, Халықаралық қатынастар
факультетінің 4-ші курсында оқимын. Өзім Шығыс
Қазақстан облысы, Зайсан қаласының тумасымын.
Менің Сізге хат жазу себебім төмендегідей: Оқуға
түскен бірінші курстан бастап Еуразия Ұлттық
Университетінің №5-ші Студенттер Үйінде тұрып келдім.
Студенттер үйлерінің директоры Игорь Викторович Несеннің
айтуы бойынша 2011-2012 оқу жылында қабылданған студенттер
саны өте көп. Біздің университетте 6 жатақхана бар
және осы жатаханалар студенттерге жетіспегендіктпен, тек 1-ші, 2-ші, 3-ші
курс студенттері ғана орналаспақ. Сондықтан сендерді осы жылы
тұрғыза алмаймыз дейді. Сонда біз,4-ші курс студенттері, қайда
тұруымыз керек? Беретін жатақханасы жоқ болғандықтан
ақша береміз дейді. Ал компенсация ретінде беретін ақшалары 5-10
мыңнан аспайды. Ондай ақшамен Астанада пәтер жалдап
тұру мүмкін емес. Ата-анамның бүкіл қаражаты пәтер
жалдап тұруыма жетпейді. Онымен қоса туған бауырым да
ақылы бөлімде оқитын студент. Окуға
қабылдаған жылдан бастап екі адамдық бөлмеде алты адам
тұрып,бәріне шыдап келдік. Осы оқу жылынан бастап
жатақхананы босатуды талап етіп отыр. Сонда мен қайда
тұрамын? Осы университетке грантқа түскенде бізге
барлық жағдай жасалады, жатақханада тұрасыңдар
деп уәде берген еді. Берген уәделері босқа айтылған
сөз болып қалды ма? Осы мәселені кеш болмай
тұрғанда, шешіп берсеңіз деп өтініп Сізге хат жолдап
отырмын. Өйткені жатақханаға жоғары курс студенттерін
орналастыру 25-ші тамыздан басталып, 28-ші тамызда аяқталады…
***
Уважаемый, Нуртай Салихулы, по просьбе участника ВОВ Майлыханова Оразхана и
Битенбаевой Айгуль Оразхановны, проживающих в поселке Акжал, Жарминского
района, ВКО, позвольте выразить Вам огромную благодарность за оказываемые поддержку,
участие и внимание, а также за поздравление с Днем Победы! Мы высоко ценим Вашу
деятельность и искренне желаем Вам крепкого здоровья, мирного неба над головой,
благополучия и успехов в Вашей государственной деятельности во имя процветания
народа Казахстана!