Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
"Марғасқа", Семей таңы газеті
МАРҒАСҚА

МАРҒАСҚА

 

«Семей таңы» газеті

1 маусым 2012 ж., №44

 

 

Азаматтың кім екендігін, оның қанша-лықты елжанды екендігін атқарған ісі айқындайтындығы әлімсақтан белгілі. Биік-биік мінберлерден «мен мұндалап» сөйлейтіндердің қарасына көз тойғаны-мен, олардың жеке болмысына қараша халықтың көңілі тола бермейтіні рас. Әсі-ресе, елге тұтқа болар тұлғаны іздеп айтуға келгенде ойланып қалатынымыз тағы бар.

Десек те, игі жақсың кім дегенде, желке қасудың және реті жоқ. Билік пен халық-тың арасына дәнекер болу үшін  депутат-тық мандатты иеленіп, берген уәдесін орындауға тәуекел ететін Парламент Мәжі-лісі мен Сенаттағы халық қалаулылары-ның арасынан азаматтық ұстанымымен басқалардан оқшау көрінетіндер аз емес. Атағынан бұрын абыройын асқақ ұстап, ұлттың сөзін сөйлеп, елдің жайын айтуға әрдайым дайын тұратын, марғасқа деуге лайықты азаматтың бірі Нұртай Сабилья-нов деуге әбден болады.

Нұртай Салихұлының кім екендігін егжей-тегжейлі түсіндіріп отырудың  жалпы жұртшы-лыққа қажеті шамалы. Бірақ, «жақсының жақ-сылығын айт нұры тасысын» дегендей, депу-тат ретінде атан түйеге жүк боларлық атқар-ған істерін атап-атап айтудың жайы қай кезде де артықтық етпесі анық. Әсіресе, Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде өзі сайланған округтен бастап, жалпы қазаққа ортақ мәселе-лердің түбегейлі шешілуі үшін белсене атса-лысып келе жатқаны де жалпақ елдің көз ал-дында.

Енді жүйелеп айтуға көшелік. Төртінші шақы-рылым бойынша депутаттық мандатты иелен-ген кезінде (2007 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың 15-қарашасына дейінгі аралық) заң жобаларын Мәжілісте талқылау барысында әлеуметтік-экономикалық, мәдени салаларға байланысты 800-ге жуық ұсыныстарының қабылданғандығы Нұртай Салихұлының қан-шалықты ысылған, жұртқа жақын екендігін айғақтап тұрғандай.  Сонымен қатар, өзі сай-ланған Шығыс өңірде автомобиль жолдарын жаңадан салу, я болмаса күрделі жөндеуден өткізу үшін түбегейлі мәселе көтеріп, оның түпкілікті шешілуіне түрткі болды.

 Сондай-ақ, осы мерзім аралығында  Н.Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аякөз, Жарма, Зайсан, Күршім, Тарбаға-тай, Үржар аудандарының 130 елді мекенде-рінде 225 кездесу өткізді. Бұл кездесулердің қай-қайсында да жергілікті жұрт көкейіндегі жайларға қанығып, оны Үкіметтік деңгейде көтеріп, әлеуметтік проблемаларға нүкте қою үшін Парламент Мәжілісінің отырысында сөз алып отырғанын да ел жақсы біледі.

Халық қалаулысының азаматтық қырын танытқан тағы бір ерекшелігі – өз туған жерінің патриоты екендігін айқындайтын, Атымтай жомарт деуге тұрарлық қайырымдылық істері. Дәулет-байлығынан пайым-парасаты биік тұратын азаматтың бұл тұрғыдағы істері тіп-тен мол. Атап айтқанда, Нұртай Салихұлының қаржылай көмегімен  Аякөз ауданындағы өзінің туған – Шыңқожа ауылында Мәдениет үйі салынды. Ал, Үржар ауданының Науалы бала-лар үйіне жыл сайын көрсетіп келе жатқан қаржылай-материалдық көмегінен өзге бір микроавтобус, заманауи музыкалық аппара-тура алып бергенін айтсақ та жеткілікті. Жалпы айтқанда, 2007– 2011 жыл аралығында Н.Саби-льянов жалпы сомасы 55 млн. (елу бес мил-лион) теңгені құрайтын қайрымдылық көмек көрсеткен екен.  Айтпақшы, Н.Сабильяновтың осы бағыттағы істері халықаралық деңгейде зор бағаланғанды. Қазақ депутатына Англия астанасы - Лондонда  Елизавета патшайымы-ның арнайы медалі салтанатты түрде тапсы-рылды. Халыққа ерекше қызмет еткені мен ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді жаңғырту ісіне сіңірген еңбегі үшін берілетін бұл марапат Парламент депутаттарының арасынан бірінші болып Нұртай Сабильяновқа табыс етіліп отыр.

Әрине, еңбегі дер кезінде лайықты бағаланған депутаттың бұдан өзге де қол жеткізген мара-паттары жетерлік. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен республикаға сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысу-шы мемлекеттер Парламентаралық Ассам-блеясы Кеңесі тарапынан Парламентаралық Ассамблея және оның органдарының қызме-тіне белсене атсалысқаны, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер халықтарының арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Содру-жество» орденімен марапатталғандығының өзі де Нұртайдай азаматтың бүгінде абырой биігіне көтеріліп, кемеліне келгендігін көрсете түс-кендей.

Нұртай Салихұлын Мәжіліс депутаттарының арасынан даралап тұратын тағы бір ісі - еліміз-дің түкпір-түкпіріндегі тұрмысы төмен отбасы-лардың, үздік мектептердің озат оқушылары-ның Астана қаласына, Парламент Мәжілісіне саяхатын ұйымдастыруы.  Ондағы мақсат- әрине, оқушы санасына тәуелсіз елін сүюді, оның жетістіктерімен рухтанып, болашаққа сенімін нығайтуға септігін тигізу екендігі анық.

Мәселен, Астанаға келген Алматыдағы М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия-сының оқушылары еліміздің заң шығарушы органының тыныс-тіршілігімен танысып, елор-даның көрікті жерлеріне саяхат жасағандығы жайында республикалық БАҚ-та жарық көрген мына бір жолдар да көп нәрсені жеткізіп тұр:
«Алматылықтардың Астанаға жасаған сапа-ры туралы оқушыларды бастап келген химия пәнінің мұғалімі Сәуле Сапарова: «Былтыр біз халық қалаулысы Нұртай Сабильяновпен Желтоқсан оқиғасына қатысты кездесу өткіз-дік. Депутат оқушылармен тәрбиелік мәні зор әңгіме қозғады. Өз кезегінде біздің шәкірттер мәртебелі мейманға өнерлерін көрсетіп, ақын Мұқағалидың шығармаларын жатқа айтып берді. Оқушылардың зейін-зердесіне тәнті болған Сабильянов өнерлі өрендерді және мектебімізде жұмыс жасайтын театрды Аста-на қаласына саяхат жасауға шақыртатынын айтты. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Нұртай Сабильянов мектебіміздің директоры Сәния Тілеубайға хабарласып, өзінің бізге берген уәдесін орындауға дайын екенін жет-кізіпті. Осылайша біз Астанаға келдік».
Осы мысалдан-ақ, өз шаңырағында тоғыз баланың  арасынан топ жарып шыққан депу-таттың тек өз туған жеріндегі ғана емес, елі-міздің кез-келген аумағындағы бүлдіршіндерге жақсылық жасауға даяр тұратын азамат-тығын көреміз.  Ол тек жақсылық қана емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі қайраткерлік болмысын насихаттап, Қазақстанымыздың өркендеу үстінде екен-дігіне ұрпақ сенімін нығайта түсу екенін жоға-рыда айттық.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын ел арасында наси-хаттау шараларының да бел ортасынан табы-латын Нұртай Салихұлы  биылғы көктемде  де сайлаушыларымен кездесіп, Аякөз ауданының бірнеше елдімекендерінде болды. Тарбағатай, Ақши, Мамырсу, Малтүгел ауылдарындағы кездесулерде  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары, Пар-ламент Мәжілісінің қызметі, «Нұр Отан» пар-тиясының атқарып жатқан жұмыстары тура-лы нақты түсініктер берді. Сонымен бірге депу-тат сайлаушыларының әлеуметтік жағдай-лардан туындаған кезекті мәселелерімен кеңінен танысып, қойылған сұрақтарға «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты ретінде тиянақты жауап бергендігі жергілікті ақпарат құралдарында жеткілікті баяндалды. Он төрт азамат депутаттың жеке қабылдауында болып, қол жеткізгісі келетін өтініштерінен құлағдар етті.

Әрине, Нұртай Салихұлы туралы әңгіме осы-мен тәмам болмақ емес. Ел құрметтейтін аза-маттың ер жасына келген кезде жазылған осынау мақалада айтылған жайлар оның қайраткерлік болмысының бір парасы ғана. Н.Сабильянов туралы әр жылдары жарық көрген «Намыс найзағайы» (1996 ж.), «Нұртай» (2001 ж.), «Шапағат» (2004 ж.), «Парыз» (2008 ж.), «Ел аманаты» (2008 ж.) кітаптарында да баяндалған мысалдар аз емес екені аян. Ең бастысы, «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол» деген Абай сөзіне сай бет-бейнесі бар депутаттың  алда атқарар іргелі істері де ұлтын ардақтап, елін құрметтеуден туа береріне күмән жоқ.

Сәтжан КӘРІПБАЕВ.