«Егемен Қазақстан »
№54 (27993), 26 қаңтар 2013 ж.
Абай елінен келген оқушылар Астанамен танысты
Парламент Мәжілісінің депутаты, палатаның Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұртай Сабильяновтың арнайы шақыруымен Астанаға Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданынан бір топ мектеп оқушысы саяхаттап келді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Оқушылар мен олардың төрт жетекшісі Астананың
мәдени орындарын, соның ішінде «Бәйтерек» кешенін,
Тұңғыш Президент мұражайын, Бейбітшілік және
келісім сарайын, «Думан» ойын-сауық орталығын аралап, Парламент
Мәжілісінің ғимаратында заң шығару орнымен
танысты. Олар үшін
арнайы экскурсия ұйымдастырылып, депутат Нұртай Сабильянов
заң шығару органының күнделікті қызметі туралы
айтып берді.
Н.Сабильяновтың Шығыс Қазақстан облысының мектеп
оқушылары мен тұрғындары үшін осындай іс-шара
ұйымдастыруы бірнеше жылдан бері дәстүрге айналғандай.
Ол мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларының патриоттық
сезімдерін, рухани келбетін дамыту үшін маңызы зор екенін айтады.
Өйткені, Елбасының тікелей бастамасымен негізі қаланған
Астананы көру, ондағы мәдени орындармен танысу ауылдан келген
мектеп оқушылары мен жастарға айрықша қуаныш
сыйлайтыны сөзсіз.
«Қарауыл» ауылдық ардагерлер кеңесінің
төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім беру
ісінің үздігі Шыңғыс Несіпбай, «Абай елі» қоғамдық-саяси
газетінің бас редакторы Сәуле Нұртазина, 10 сынып оқушысы
Динара Ақатаева, 8 сынып оқушысы Айдана Ернарова және
Шәкәрім атындағы орта мектеп оқушысы Болат Байтас
елорда жайында алған әсерлерімен бөлісіп, жырдан шашу шашты.
21 Қаңтар 2013, 14:41
Депутаттың арнайы шақыруымен келген Абай ауданының оқушылары Астанамен танысты
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұртай Сабильяновтың арнайы шақыруымен елордаға Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданынан бір топ мектеп оқушылары саяхаттап келді.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Киелі Абай өңірінен келген жиырма бір мектеп оқушысы мен олардың төрт жетекшісі Астананың мәдени орындарын, соның ішінде «Бәйтерек» кешенін, Тұңғыш Президент мұражайын, Бейбітшілік және келісім сарайын, «Думан» ойын-сауық орталығын аралап, Парламент Мәжілісінің ғимаратында заң шығарушылар мекемесімен танысты. Олар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, заң шығару органының күнделікті қызметі туралы депутат Нұртай Сабильянов айтып берді.
Депутат Нұртай Сабильяновтың Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары мен тұрғындары үшін осындай іс-шара ұйымдастыруы бірнеше жылдан бері дәстүрге айналғандай. Ол мұндай іс-шара мектеп оқушыларының патриоттық сезімдерін, рухани келбетін дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені Елбасының тікелей бастамасымен негізі қаланған Астананы көру, ондағы мәдени орындармен танысу ауылдан келген мектеп оқушылары мен жастарға айрықша қуаныш сыйлайтыны сөзсіз.
Автор: Қанат Мәметқазыұлы