http://www.bnews.kz/kk/news/post/127196/
04.03.2013.
Н.Сәбилянов Экономика министрінен 10 млрд доллардың қашан қайтарылатынын сұрады
АСТАНА. 4 наурыз 2013, 12:31. BNews.kz
Бүгін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты экономикалық өсуді және жұмыспен қамтамасыз ету үшін дағдарысқа ден қою шаралары» атты тақырыппен Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында «жұмбақ жолмен» жоқ болып кеткен 10 млрд доллар тағы да жоқталды. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндамасын аяқтаған соң депутаттар сауал жолдауға көшті.
«Дағдарысқа ден қою» шаралары туралы
өтіп жатқан Үкімет сағатында сол
дағдарыстың алдын алу үшін бөлінген ақшаның
қайда кеткенін білуге асықпаған халық қалаулыларының
арасынан төменгі палата депутаты Нұртай Сәбилянов «10 млрд
АҚШ доллары қашан қайтарылады» деген сауал қоя отырып,
экономика министрін састырғанға ұқсайды.
«2009 жылы дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында
Ұлттық қордан 10 млрд АҚШ доллары бөлінген
болатын. Осы 10 млрд АҚШ долларының қайтарылымы туралы айтып
берсеңіз. Қай уақытта, қандай мерзімде бұл
ақша республикалық бюджетке түсіп, одан кейін
ұлттық қорға қайтарылмақ? Себебі, бұл
халықтың ақшасы. Содан кейін, кезінде бөлінген 10 млрд
доллар 1 трлн екі жүз млрд теңге болып есептелген. Девальвация
болғаннан кейін қазіргі ақшамен есептегенде, ол 8 млрд доллар
болып қалды. Сондықтан, менің ойымша, оны ( әлгі 10
млрд $ - агенттік) ұлттық қорға қайтарған
кезде 2009 жылы болған девальвация мен сол аралықтан бастап
қайтарылатын уақытқа дейінгі инфляция мөлшерін есепке
ала отырып қайтару керек»,- деді депутат.
«Бұл сұрақ алғаш рет көтеріліп жатқан
жоқ. Елбасының қаңтарда өткен жиналыста берген
тапсырмасы бар. Біріншіден, айтып отырғанымдай, ендігі жылдың
бірінші қаңтарына дейін Елбасы «Самұрық -Қазына»
қорына үш банктің капиталына шақсын деген болатын.
Олар, білесіздер – «Банк Тұран Әлем», «Альнс» және «Темірбанк».
Сол банктердің сатылған акцияларынан қанша ақша
түседі, ең алдымен республикалық бюджетке түседі. Соны
күтіп отырмыз. Бірақ, жұмыс енді ғана басталған.
Самұрық-Қазына қорымен бірге әзірлеген жоспарымыз
бар»,- деген министр депутаттарға осы мәселеге қатысты
барлық құжаттарды көрсетеміз деген уәдесін берді.
«Сіздерге есеп керек болса, қағаздарымызды, кеңестің
шешімдерін түгел дайындап, сіздерге жібереміз. Қазір орынбасарыма
тапсырма беремін»,- десе де Е.Досаев ақшаның нақты қай
мерзімде қайтарылатынын дөп басып айта алмады.
Кенжекей Тоқтамұрат