Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "НҰР ОТАН" партиясы фракциясының мүшесі Н.С.Сабильяновтың ҚР Парламенті Мәжілісінің 5 шақырылымының 4-сессиясындағы жұмысы туралы қысқаша ақпарат (01.09.2014 - 15.07.2015)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы

фракциясының мүшесі Н.С.Сабильяновтың

2014 жылғы 1 қыркүйек – 2015 жылғы 15 шілде аралығындағы жұмысы туралы

 

Қысқаша ақпарат

(5-сайланымның 4 сессиясы)

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 5-ші сайланымының 4 сессиясында (01.09.2014 ж.-15.07.2015 ж. аралығында) депутат Н.Сабильянов 2 заң жобасы бойынша жұмыс тобына жетекшілік етті және 11 жұмыс тобының құрамында болды. Депутат 28 заң жобасы бойынша ұсыныстарын берді. Депутат Н.Сабильянов заң жобаларына барлығы 667 ұсыныс берді.

4 сессияда депутат Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен 9 Үкіметтік сағатқа, Мәжілістің 40 Жалпы отырысына (1 Жалпы отырысқа іс-сапарда болғандықтан қатыспады), Парламент Палаталарының 3 бірлескен отырысына, 1 Парламенттік тыңдауға қатысты. Сонымен қатар, 4-ші сессияда депутат 60 дөңгелек үстелдер, конференциялар, комиссиялар және тағы басқа іс-шараларға қатысып, ой-пікірлер, ұсыныстар айтты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 5-ші сайланымының 4 сессиясында депутат Н.Сабильяновтың атына азаматтар мен заңды тұлғалардан 312 хаттар мен өтініштер келіп түсті. Хаттар мен өтініштер заңда белгіленген мерзімде қарастырылып, хат иелеріне жауап берілді, хатта көрсетілген мәселені қарастыруға Үкіметке, тиісті уәкілетті органдарға хат жолданды. 

Депутат Парламент Мәжілісінің 5 - сайланымының 4-сессиясында Астана қаласында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Семей қалаларында, Аягөз, Жарма, Зайсан, Күршім, Үржар аудандарының 30 елді-мекенінде халықпен 47 кездесу өткізді және азаматтарды қабылдады.

09.09.2014ж. және 14.02.2015ж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен ұйымдастырылған брифингтерге қатысты.

Депутат Н.Сабильянов «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті және іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша бюджет қаражатының және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссиясына жетекшілік етеді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі Тұрақты комиссиясының мүшесі ретінде, аталған комиссиясының отырысына қатысты (Санкт-Петербург қаласы).

 

Депутат Н.Сабильяновтың Үкіметтік сағаттарға қатысуы   

 

Күні

 

Баяндаушы

Тақырыбы

22.09.2014

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі МҰХАМЕДИҰЛЫ Арыстанбек

«Қазақстан Республикасы театр және музей салаларының өзекті мәселелері»

 

13.10.2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі СӘРІНЖІПОВ Аслан Бәкенұлы

  «Оқушыларды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету проблемалары мен шешімдері туралы»

20.10.2014

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі ҚАСЫМОВ Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

 «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесінің жай-күйі және одан әрі дамыту перспективалары»

 

17.11.2014

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі МАМЫТБЕКОВ Асылжан Сарыбайұлы

 «Өсімдік шаруашылығы: әртараптандыру және механикаландыру проблемалары»



22.12.2014

Қазақстан Республикасы Әділет министрі ИМАШЕВ Берік Мажитұлы

 «ДСҰ-ға және ЕАЭО-ға кіру жағдайында Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау»

26.01.2015

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ШКОЛЬНИК Владимир Сергеевич

 

 «Электр энергетика және көмір: қорытындылар және перспективалар»

16.02.2015

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ЫДЫРЫСОВ Ерлан Әбілфайызұлы

 

 «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру»

18.05.2015

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі СӘРІНЖІПОВ Аслан Бәкенұлы

 

 «Оқулықтардың сапасы және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету туралы»

25.05.2015

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ИСЕКЕШЕВ Әсет Өрентайұлы

 «Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту туралы»

Үкіметтік сағаттарда депутат Н.Сабильянов сұрақтар қойып, ой-пікірлерін жеткізді.

 

 Депутаттық сауалдар

 

п/п

Күні

Кімге жолданды

Қысқаша мазмұны

Ескертпе

1.

17.09.2014

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

"Алакөл" туристтік еркін экономика  аумағын құру туралы

 

Депутаттармен бірге

2.

17.09.2014

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Энергетикалық кешен кәсіпорындарының қызмет бағасының өсуі және олардың қызметінің ашық еместігі туралы

Депутаттармен бірге

3.

17.09.2014

Қазақстан Республикасының                                                                      Бас прокуроры

А.Қ.Дауылбаевқа

 

Энергетикалық компаниялардың  қызметіне тексеріс жүргізу туралы

Депутаттармен бірге

4.

26.11.2014

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Отандық авиатасымалдаушылардан қосарланған салықты алып тастау туралы

 

5.

14.01.2015

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

ШҚО Зыряновск ауданының "Серебрянский завод неорганических производств" ЖШС-нің  хаты бойынша

Депутаттармен бірге

6.

03.06.2015

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Экологиялық залалды аймақтардағы топырақ пен өсімдіктің биологиялық , химиялық т.б. өзгерістерін тұрақты тексеретін ғылыми орталық құру туралы

 

 

Депутаттармен бірге

7.

10.06.2015

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Елдегі тұрғын үй қорына қызмет көрсету мәселелері туралы

Депутаттармен бірге

8.

01.07.2015

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Қазақстан Даму Банкісінің проблемалық кредиттері туралы

 

9.

08.07.2015

Қазақстан Республикасының                                                                      Бас прокуроры

А.Қ.Дауылбаевқа,

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Қ.Н.Қасымовқа

 

Авиарейстердің техникалық себептермен кешіктірілуіне байланысты ішкі істер органдары тарапынан «Эйр Астана» Акционерлік қоғамының қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізудің құқықтылығы туралы

 

 

 

Депутат Н.Сабильяновтың азаматтарды қабылдауы

 

19 ақпан 2015 жылы «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау

19 адам

 

Парламент Мәжілісінде және өнірлерде

азаматтарды қабылдау

 

275 адам