Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы
фракциясының мүшесі Н.С.Сабильяновтың
2015 жылғы 1 қыркүйек – 2016 жылғы 20 қантар аралығындағы жұмысы туралы
Қысқаша ақпарат
(5-сайланымның 5 сессиясы)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 5-ші сайланымының 5 сессиясында (01.09.2015 ж.-20.01.2016 ж. аралығында) депутат Н.Сабильянов 1 заң жобасы бойынша жұмыс тобына жетекшілік етті және 5 жұмыс тобының құрамында болды. Депутат 7 заң жобасы бойынша ұсыныстарын берді және жұмыс топтарының отырыстарына қатысты. Депутат Н.Сабильянов заң жобаларына барлығы 276 ұсыныс берді.
5 сессияда депутат Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен 2 Үкіметтік сағатқа, Мәжілістің 14 Жалпы отырысына, Парламент Палаталарының 2 бірлескен отырысына қатысты. Сонымен қатар, 5-ші сессияда депутат 11 дөңгелек үстелдер, конференциялар, комиссиялар және тағы басқа іс-шараларға қатысып, ой-пікірлер, ұсыныстар айтты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 5-ші сайланымының 5 сессиясында депутат Н.Сабильяновтың атына азаматтар мен заңды тұлғалардан 127 хаттар мен өтініштер келіп түсті. Хаттар мен өтініштер заңда белгіленген мерзімде қарастырылып, хат иелеріне жауап берілді, хатта көрсетілген мәселені қарастыруға Үкіметке, тиісті уәкілетті органдарға хат жолданды.
Депутат Н.Сабильянов 25 мамыр 2014 жылдан бастап – «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракция жетекшісінің орынбасары және 17 қараша 2014 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті және іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша бюджет қаражатының және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссиясына жетекшілік етеді.
25-27 қараша 2015ж. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі Тұрақты комиссиясының мүшесі ретінде, аталған комиссияның отырысына қатысты (Санкт-Петербург қаласы).
Депутат Н.Сабильяновтың Үкіметтік сағаттарға қатысуы
Күні
|
Баяндаушы |
Тақырыбы |
28.12.2015 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Досаев Ерболат |
«2016-2018 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Үкіметтің дағдырысқа қарсы әрекет жоспары» |
09.11.2015 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Мамытбеков Асылжан |
Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау жүйесінің тиімділігін арттыру туралы |
Үкіметтік сағаттарда депутат Н.Сабильянов сұрақтар қойып, ой-пікірлерін жеткізді.
Депутаттық сауалдар
№ п/п |
Күні |
Кімге жолданды |
Қысқаша мазмұны |
Ескертпе |
1. |
21.10.2015 |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке |
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту мәселелері бойынша
|
|
2. |
11.11.2015 |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке |
«Қазақстан-Семей» телеарнасы бойынша |
|
3. |
11.11.2015 |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке |
Бюджет қаражаты тиімсіз шығындау бойынша |
|
4. |
09.12.2015 |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы бойынша |
|
Депутат Н.Сабильяновтың азаматтарды қабылдауы
«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау |
- |
Парламент Мәжілісінде және өнірлерде азаматтарды қабылдау
|
56 |