Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Депутат Н.Сабильяновтың ҚР Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымының 1-ші сессиясындағы жұмысы туралы қысқаша ақпарат (20.01.2012 ж. - 29.06.2012 ж.)
Отчет о работе

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның депутаттық

фракциясының мүшесі Н.С.Сабильяновтың

2012 жылғы 20 қаңтар – 29 маусым аралығындағы

жұмысы туралы

 

Қысқаша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 5-ші шақырылымының 1 сессиясында (20.01.2012 ж.-29.06.2012 ж. аралығында) депутат Н.Сабильянов бір Заң жобасы бойынша жұмыс тобына жетекшілік етті және 4 жұмыс тобының құрамында болды. Депутат 15 заң жобасы бойынша ұсыныстарын берді, жұмыс топтарына қатысты. Ол ұсыныстардың 121 қабылданды.

1 сессияда депутат Н.Сабильянов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен барлық 12 Үкіметтік сағатқа, Мәжілістің 18 Жалпы отырысына, Парламент Палаталарының 3 бірлескен отырыстарына қатысты. Сонымен қатар, 1-ші сессияда депутат 24 дөнгелек үстелдер, конференциялар және тағы басқа іс-шараларға қатысып, ой-пікірлер, ұсыныстар айтты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 5-ші шақырылымының 1 сессиясында (20.01.2012 ж.-29.06.2012 ж. аралығында) депутат Н.Сабильяновтың атына азаматтар мен заңды тұлғалардан 366 хаттар мен өтініштер келіп түсті. Хаттар мен өтініштер заңда белгіленген мерзімде қарастырылып, хат иелеріне жауап берілді, хатта көрсетілген мәселені қарастыруға Үкіметке, тиісті уәкілетті органдарға хат жолданды. 

Депутат Н.Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының 8 елді-мекенінде халықпен кездесулер өткізді және азаматтарды қабылдады. 


 Депутат Н.С.Сабильяновтың жолдаған депутаттық сауалдары

 

Күні, №

Кімге жолданды

Қысқаша мазмұны

1.        

03.02.2012

№ДЗ-2

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Балалар үйлеріне азық-түлік, киім-кешек сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды қолданбай жүзеге асыру мәселесі туралы.

2.        

02.02.2012 ДЗ-3

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Зайсан көлінің балықшыларының хаты бойынша ШҚО прокуратурасы тексеріспен бүкіл облыстағы балықшылары мен өндеушілеріне 2007-2009 жж. 28 млрд. тг салық жасырған деп 64 қылмыстық іс қозғағаны туралы

3.        

08.02.2012 ДЗ-28

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Шығыс Қазақстан облысы шағын қалаларының шешімін таппаған мәселелері туралы

4.        

16.02.2012 ДЗ-48

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

А.С. Мамытбековке

Ы.Биболовтың хаты бойынша. Қазақстан бойынша 161 несие серіктестігінің қарыздары туралы, олардың қаржылық жағдайы туралы, бөлінетін қаражат туралы мәлімет беру мәселесін қарастыру туралы

5.        

23.02.2012 ДЗ-77

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Ең төменгі зейнетақы алып жүрген азаматтардың зейнетақы мөлшерін қайта қарау, көтеру мәселесін қарастыру туралы

6.        

15.03.2012 ДЗ-127

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

ШҚО Абай ауданы Саржал ауылындағы тұрғындардың хаты бойынша әлеуметтік жағдайларды қарастыру туралы

7.        

15.03.2012 ДЗ-132

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Тұрғын үй кезегінде тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы

 

Басқа депутаттармен бірігіп жолданған сауалдар

 

1.        

01.03.2012

ДЗ-98

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

Депутат Қ.Сұлтановпен бірігіп жолдаған сауал: Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы туралы

2.        

20.04.2012 ДЗ-153

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке,  Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

А.Қ.Дауылбаевқа

Депутат Б.Смағұл және басқа да депутаттармен бірігіп жолдаған сауал: Мемлекеттік рәміздерді пайданалу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті арттыру.

3.        

21.06.2012

ДЗ-202

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

О ситуации вокруг группы выпускников СШ - участников международной олимпиады в Греции, не сумевших воспользоваться своими правами и выбрать вместо ЕНТ государственные экзамены в соответствии с ЗРК "Об образовании"


Депутат Н.Сабильяновтың Үкіметтік сағаттарға қатысуы   

Күні

 

Баяндаушы

Тақырыбы

 

2012 жылғы 20 ақпан

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Зекенқызы Қайырбекова

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы»

2012 жылғы 5 наурыз

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев

«Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы» және «Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету»

2012 жылғы 19 наурыз

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Нокин Серік Кеңесұлы

«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы қызметінің қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері»

2012 жылғы 2 сәуір

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Асханұлы Смайылов

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының дамуы: 2011 жылдың қорытындылары және 2012 жылғы перспективалар»

2012 жылғы 16 сәуір

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Мағауияұлы Оспанов

«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметінің негізгі бағыттары»

2012 жылғы 23 сәуір

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ержан Хозеұлы Қазыханов

«Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары: міндеттер және болашақ»

2012 жылғы 28 сәуір

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев

«Инфо-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту нәтижелері туралы»

2012 жылғы 14 мамыр

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Жәмішев Болат Бидахметұлы

«Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және квазимемлекеттік борышты басқару»

2012 жылғы 4 маусым

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Орентайұлы Исекешев

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы»

2012 жылғы 11 маусым

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров

«Экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары»

2012 жылғы 18 маусым

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов

«Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы мен білім және ғылым жүйесінің алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы»

Барлық Үкіметтік сағаттарда депутат Н.Сабильянов сұрақтар қойып, ой-пікірлерін жеткізді.
Депутат Н.Сабильяновтың 2012 жылғы 5-8 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында сайлаушылармен болған кездесулері

 

 

Кездесулер болған елді мекендердің атауы мен саны 

Малтүгел, Актүбек, Тарбағатай, Ақши, Қарағаш, Мамырсу, Майлин ауылдары және Аягөз қаласы, барлығы -  8

Халықпен өткізген кездесулер саны

 

12

 

 

Осы кездесулерге қатысушылардың саны

741 адам

Депутаттың жеке қабылдауында болғандар

14 адам

 

Депутат Н.Сабильяновтың азаматтарды қабылдауы

 

13 наурыз 2012 жылы «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау

24 адам

 

Парламент Мәжілісінде азаматтарды қабылдау

 

93    адам