Астана , Парламент Мәжілісі Астана, Мажилис Парламента
200__ жылғы “_____”__________ «__» ____________200__ года
№ ДЗ-410___________________ № ___________________
08.10.08 ж. Қазақстан Республикасы
жарияланды Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігінің төрағасы
С.С.Қалмырзаевқа
Үндеу
Құрметті Сарыбай Сұлтанұлы !
Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданының сайлаушыларымен кездесулер өткізгенде тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің бірі – Қосағаш, Мәдениет, Бидайық ауылдарындағы ауыз су мәселесі.
Қосағаш, Мәдениет, Бидайық ауылдарының су құбыры желілерін қайта жаңарту үшін республикалық бюджеттен 2006-2008 жылдары 344 млн. теңге бөлінген болатын.
Аталған су құбырларын қайта жаңартуға бөлінген қаржы игерілгенімен, атқарылған жұмыстардың сапасы нашар, толық бітпеген. Бұл мәселе жоғарыда айтылған ауылдардың тұрғындарының алаңдаушылығын туғызуда. Өйткені 10 жылдан асты осы ауылдарға ауыз су автокөлікпен басқа жақтан тасып жеткізілуде.
Осы салынып жатқан су құбырларының жай-күйімен өзім үш рет барып танысып, жүргізілген жұмыстардың сапасыздығын байқадым.
Осыған байланысты Сізден Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданындағы Қосағаш, Мәдениет, Бидайық ауылдарының су құбыры желілерін қайта жаңартуға бөлінген бюджет қаражатының мақсатына сай пайдаланылуын, атқарылған жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттарға сәйкестігін тексеруді сұраймын.
Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.
Депутат Н.Сабильянов