Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы О.Н.Өксікбаевқа
08

 

 Астана , Парламент Мәжілісі                                                      Астана, Мажилис Парламента

 

200__  жылғы   “_____”__________                                           «__» ____________200__ года

№ _ДЗ-457_______________                                                                      № ___________________ 

 

 

12.11.2008 ж.                                                                                                           Қазақстан Республикасы

жарияланды                                                                                                        Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау жөніндегі

есеп комитетінің төрағасы

О.Н.Өксікбаевқа

 

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Омархан Нұртайұлы!

 

1. Елбасының бастамасымен қабылданған «100 мектеп пен 100 аурухана» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарақол ауылында 600 орынды құрайтын орта мектеп салуға республикалық бюджеттен 2007 жылы – 211,7 млн. теңге, 2008 жылы – 500,6 млн. теңге, барлығы 712,3 млн. теңге бөлінген. Аталған мектептің құрылысы мен жобаланған жұмыстар толығымен бітпеген.

2. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында 75 төсектік 100 келімге арналған емханасы бар аурухана салуға республикалық бюджеттен 2006-2008 жылдарда 723,5 млн. теңге бөлінген. Бірақ осы аудандық аурухананың құрылысы әлі толық бітпеген. Бұл мәселе Тарбағатай ауданында халықпен кездесулер өткізгенде ауыл тұрғындарының тарапынан көтерілген болатын.

3. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында туберкулезге қарсы 50 төсектік аурухана салуға республикалық бюджеттен 2006-2008 жылдарда 294,7 млн. теңге бөлінген. Бұл аурухананың құрылысы әлі толық бітпеген.

4. Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданы Қосағаш, Мәдениет және Бидайық ауылдарының су құбыры желілерін қайта жаңарту үшін республикалық бюджеттен 2006-2008 жылдарда 344 млн. теңге бөлінген. Аталған су құбыры жұмыстарының сапасы нашар, толық бітпеген.

5. Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданы Тарбағатай ауылындағы су құбырын қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 2007-2008 жылдарда 92,8 млн. теңге бөлінген. Бұл су құбырының құрылысы әлі күнге дейін толық бітпеген.

6. Шығыс Қазақстан облысы Аякөз қаласында су тарту құрылыстары мен су құбыры желілерін қайта жаңартудың екінші кезегіне 2006-2008 жылдарда 349,5 млн. теңге бөлінген.

Осыған байланысты Сізден жоғарыда аталған ауруханалар, мектеп, су желілілерін салуға бөлінген бюджет қаражатының мақсатына сай жұмсалуы мен игерілуін, атқарылған жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттарға сәйкестігін тексеруді сұраймын.

Депутаттық сауалды қарастыру нәтижесі туралы маған жазбаша түрде хабарлауды сұраймын.

 

 

                Депутат                                                                                  Н.Сабильянов  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Исаев А.У.

тел.: 74 62 84