01.07.2015 ж. Қазақстан Республикасының
жарияланды Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Бұл депутаттық сауалға себеп Қазақстан Даму Банкісінің проблемалық кредиттеріне байланысты жағдай болып отыр.
Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болғандай, 35 проблемалық кредиттер (жобалар) «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-нан «Қазақстан Инвестициялық Қоры» АҚ-на берілген.
«Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы басшылығының аталған даму институттарына осы проблемалық кредиттерге байланысты мәліметтер беру туралы бірнеше рет жіберген сауалдарына жауаптар толық берілмеген.
Осыған байланысты, Сізден «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-нан «Қазақстан Инвестициялық Қоры» АҚ-ға берілген әрбір проблемалық кредит туралы мәліметтерді, қарыз алушы мен жоба атауын, берілген несие, сыйақы және айыппұл сомаларын, Инвестициялық қорға берілу кезінде олардың банк алдындағы қарыз сомасын және қарыздарды беру шарттарын көрсете отырып, беруді сұраймын.
Осы депутаттық сауалға «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес жазбаша түрде белгіленген мерзімде жауап беруді сұраймын.
Құрметпен,
депутат, «Нұр Отан» партиясы
фракциясының мүшесі Н. Сабильянов