08.07.2015 ж. Қазақстан Республикасының
жарияланды Бас прокуроры
А.Қ.Дауылбаевқа
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Қ.Н.Қасымовқа
Депутаттық сауал
Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!
Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы!
Бұл депутаттық сауалға көліктегі ішкі істер органдары қызметкерлерінің авиарейстердің техникалық себептермен кешіктірілуіне байланысты тексерулер жүргізуі туралы «Эйр Астана» Акционерлік қоғамынан келген хат себеп болып отыр.
Компания прокуратура органдарына хабарласқанда, 22.10.2014 жылы бас көлік прокуроры осындай тексерулерге ресми түрде негіз болған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-ші бабының 4-ші бөлігі жаңа Кодекске енбегенін, осыған орай, ол күшіне енген соң, салдары ауыр болмаған авиациялық жағдайлар бойынша тергеуді Азаматтық авиациялар комитеті жүргізеді деп хабарлаған.
04.03.2015 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Р. Жақыпов заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты, көліктегі Ішкі істер департаментіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар жағдайлардан басқа, әуекомпанияның қызметіне араласуға жол бермеу туралы бұйрық жіберілгенін хабарлаған.
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы жоқ және техникалық себептер бойынша рейстердің кешіктірілуі тергеу нысаны болуын жалғастыруда. Мысалы, 22.01.2015 жылы Астана қаласындағы әуежайдағы полиция техникалық себептермен рейстің кешіктірілу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады және жүргізілген процессуалдық әрекеттерден соң іс тоқталған.
12.04.2015 жылы техникалық себептермен әуе кемесін ауыстыруға байланысты, экипажды рейске дайындау кезінде, авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзып, Алматы қаласы әуежайының полиция қызметкері экипажды рейске дайындауды бөгеп, әуе кемесінің бортында тексеру жүргізген.
20.04.2015 жылы Астана қаласы әуежайында техникалық себептер бойынша ұшуды тоқтату фактісіне сотқа дейінгі өндіріс аясында байланысты шаралар жасалған.
Техникалық себептер бойынша рейстің кез келген кешіктірілу оқиғасын ақпараттарды есепке алу кітабына міндетті түрде тіркеу және әрбір хабарламаға тексеру материалдарын жинақтау, жедел тергеу тобының баруы міндетті екенін полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сілтеме жасаған.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігің пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес егер қандай да бір жағдай орын алған болса, оларға Азаматтық авиация комитеті тергеу жүргізеді.
Жоғарыда жазылғандарға байланысты, Сізден «Эйр Астана» Акционерлік қоғамының хатында көрсетілген авиарейстердің техникалық себептермен кешіктірілуіне байланысты ішкі істер органдары тарапынан «Эйр Астана» Акционерлік қоғамының қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізудің құқықтылығы туралы мәселені қарастыруды сұраймын.
Осы депутаттық сауалға «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес жазбаша түрде белгіленген мерзімде жауап беруді сұраймын.
Қосымша: 2 бет.
Құрметпен,
депутат, «Нұр Отан» партиясы
фракциясының мүшесі Н. Сабильянов