Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке
03

 

 

03.02.2010 ж.                                                  Қазақстан Республикасының

жарияланды                                                                      Премьер-Министрі

К.Қ.Мәсімовке

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы !

 

                2010 жылғы 29 қаңтарда Мемлекет Басшысы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға ба­ғытталғанБалапанарнайы бағдар­ла­ма­сын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырды. Бұл балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді нақты жүзеге асыру.

                Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында және Жарма ауданының Шар қаласында балабақша тапшылығы айқын сезілуде. Бұл халықпен кездескенде жиі көтерілетін мәселе. Аягөз қаласында балабақша кезегінде 1250 бала тұр. Ал, Жарма ауданы Шар қаласында балабақша салу мәселесі туралы Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұсыныс Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне енгізілген. Бірақ республикалық бюджеттік комиссия оны қолдамаған.  

                    Осыған орай Сізден:

1. Алдағы уақытта дайындалатын «Балапан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында және Жарма ауданының Шар қаласында 2010 жылы балабақша салу мәселесін;

2. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың басшыларына, әкімдерге ескі, апаттық жағдайдағы, талапқа сай келмейтін ғимараттарды балабақшаға айналдыруға тыйым салу мәселесін қарастыруды сұраймын.  

Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген талапқа сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.

 

                Құрметпен,

                                                                               Н.Сабильянов

                Қайырбек М.

                74-62-84

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаты

Н.С.Сабильяновқа

 

2010 ж. 3 ақпандағы

№ ДЗ-45 депутаттық сауалға

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі Сіздің «Балапан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз және Шар қалаларында балабақша салу және апаттық жағдайдағы ғимараттарда балабақша ашуға тыйым салуға қатысты депутаттық сауалыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

 

«2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес 012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға, Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жаңа білім беру объектілерін салуға Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік бағдарламасы шегінде 87617,2 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде 2010 жылға – 19826,8 млн. теңге, 2011 жылға – 32799,5 млн. теңге,    2012 жылға – 34990,8 млн. теңге көзделіп, аталған министрлік тарапынан осы қаражатты бөлу туралы Үкімет шешімнің жобасы әзірленуде.

«Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшалар салу да жоғарыда көрсетілген қаржы шегінде жүзеге асырылатын болады.

 

Қазіргі кезде Жарма ауданының Шар қаласында салынуы көзделген балабақша жобасының құжаттары республикалық бюджеттік комиссиясының қарастырылуына тапсырылды.

Ал Аягөз қаласында балабақша салу мәселесі жоғарыда аталған қаржыны бөлістіру жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілетінін ескере отырып, облыс әкімдігі тарапынан ұсыныс түскеннен кейін қарастырылатын болады.

 

Депутаттық сауалда атап көрсетілген апаттық жағдайдағы,  талапқа сай келмейтін ғимараттарады балабақшаға айналдыруға тыйым салу мәселесі облыс әкімдігіне ескертілді.

Бұл орайда ғимараттар мен үй-жайды мектепке дейінгі ұйым ретінде реконструкциялауға рұқсат беру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын қорытындысы бар болғанда ғана жүзеге асырылатынын және ол ғимараттар құрылысын пайдалануға қабылдау Денсаулық сақтау министрінің       2003 жылғы 25 шілдедегі «Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығы негізінде іске асырылатынын хабарлаймыз.

 

 

                                                                    К. Мәсімов