03.03.2010 ж. Қазақстан Республикасы
жарияланды Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
Б.Т.Сұлтановқа
Депутаттық сауал
Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы !
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қаратұма ауылында жазда кездесу өткізген кезде көтерілген өзекті мәселелердің бірі –Қаратұма ауылындағы орта мектепке жаңа ғимарат салу. Бұл мәселе 6 жылдай көтеріліп келеді.
Қаратұма орта мектебінің ғимараты 1954 жылы салынған. Ұзақ жылғы төбеден аққан қар суы мен жаңбыр суының әсерінен қабырғалары мүжіліп, опырылып құлап жатыр. Мектептің көптеген бөлмелерінің төбесі майысып, иіліп құлағалы тұр. Оларға тіреулер қойылған. Кез келген уақытта мектеп ғимаратының төбесі құлап қалуы мүмкін. Мектеп оқушылары апатты жағдайдың әсерінен еріксіз 3 ауысымда оқуға мәжбүр болып отыр.
Мектептің жобалық-сметалық құжаттары дайындалған, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар.
Осыған байланысты Сізден Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қаратұма орта мектебіне жаңа ғимарат салуға бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыруды сұраймын.
Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.
Депутат Н.Сабильянов
Қайырбек М.
74-62-84
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
Депутаты
Н.С. Сабильяновқа
Құрметті Нұртай Салихұлы!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Сіздің Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қаратұма аулындағы 320 орындық орта мектеп құрылысына қосымша қаржы бөлуге қатысты 2010 жылғы 4 наурыздағы №ДЗ-131 сұрауыңызға келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы №160 қаулысымен Парламентке енгізілген «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін және Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы шегінде Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қаратұма аулындағы 320 орындық орта мектеп құрылысына қосымша 389 567 мың теңге қарастырылған.
Министр Б. Жәмішев
Орын. Жақиянова А.
Тел. 743978