Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке
03

 

03.06.2010 ж.                                                  Қазақстан Республикасының

жарияланды                                                                      Премьер-Министрі

К.Қ.Мәсімовке

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы !

 

                Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында халықпен кездескенде көтерілген мәселелердің бірі – Бұқтырма су қоймасының «Қызыл ту» өткелі арқылы қатынас жолдарының мәселесі.

 37,3 мың халқы бар Күршім ауданы, сонымен қатар Қатон-Қарағай, Зайсан аудандары облыс орталығымен және Қазақстанның басқа да елді мекендерімен Бүқтырма су қоймасының «Қызыл Ту» өткеліндегі «Енисей», «Иртыш» паромдары арқылы қатынас жасайды.

                Аталған паромдар 47 жылдай халыққа қызмет атқарып келеді. Бүгін осы паромдар кәсіпкердің жеке меншігінде. Әбден тозған. Соңғы 30 жылдан бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан жиі істен шығып, тұрақты жұмыс істемейді. Осы себептерден екі жағада да автокөліктер, жолаушылар барар жеріне өте алмай қиналса, паромдардың көптеген техникалық ақаулардан суға кез келген уақытта батып кетуінің қауіпі зор.

                Жолаушыларды тасымалдайтын паромдарға субсидия төлеу қолданыстағы заңдарда қарастырылмаған.

                Осыған байланысты Сізден Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы «Бұқтырма су қоймасы» арқылы паромдардың тұрақты кесте бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бюджеттен субсидия төлеу және «Ішкі су көлігі туралы» заңына өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруды сұраймыз.  

                Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймыз.

               

                Депутат                                                                                  Н.Сабильянов

 

Е.Апсалямов

 

Е.Рахметов

 

                Қайырбек М.

                74-62-84

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына

 

2010 жылғы 4 маусымдағы

 № ДС-327 хатқа

 

Құрметті депутаттар!

 

 

Сіздердің ішкі су көлігімен тасымалдарды субсидиялау мәселесі жөніндегі депутаттық сауалдарыңызды қарап келесіні хабарлаймыз.

«Кейбір заңнамалық актілерге көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 2010 жылғы            9 маусымда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлданып, Парламент Сенатының қарауына енгізілген болатын, оның шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға тасымалдаушылардың өзен көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдар бойынша залалдарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау құқығын беретін норма көзделген.

Бүгінгі күні әлеуметтік мәні бар тасымалдар Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады.

 

 

Премьер-Министр                                                          К. Мәсімов