Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Т.Сұлтановқа
04

 

 

04.11.2009 ж.                                                          Қазақстан Республикасы

жарияланды                                                       Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрі

Б.Т.Сұлтановқа

 

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы !

 

                2009 жылғы 2 қазанда Сізге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданына қарасты Қарағаш ауылында жаңа мектеп салу мәселесі туралы осы ауыл тұрғындарының хаты негізінде хат (№4-8-1663/Ұж-4801) жолдаған едім.

                Осы хатқа Сізден Қарағаш ауылының тұрғындарына берілген жауап хатта: «2010-212 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу барысында Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданы Қандағаш ауылында жаңа мектеп салуға өтінім берілген жоқ. Министрлікке заңнамамен белгіленген тәртіпте көрсетілген мектеп құрылысын жүргізуге қажетті құжаттар ұсынылмағандығын ескере отырып, қазіргі кезде оның құрылысына шығындар қарастыру мүмкін болмай отыр.», - деп жазылған.

Біріншіден, бұл жердегі ауылдың аты Қандағаш емес Қарағаш ауылы.

Екіншіден, Қарағаш ауылында жаңа мектеп салуға өтінім берілген жоқ деген сөздерге айтарым:   

                Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен маған келген жауап хатта: «Министрлік белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына Аягөз ауданы Қарағаш ауылындағы Ж.Жабаев атындағы 180 орындық орта мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 223,614 млн. теңге сомасында қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізді. (ҚР БҒМ 2009 жылғы 28 тамыздағы №3652-2-1804-Д/08-4).», - деп жазылған.    

                Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы №884 Қаулысымен бекітілген «Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердің есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2006-2008 жылдарға арналған тізбесінде» Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Қарағаш ауылында Ж.Жабаев атындағы 180 орындық орта мектеп салуға 2008 жылы 94,140 млн. теңге бөлу көзделген болатын.           

                Қазіргі уақытта Аягөз ауданы Қарағаш ауылындағы мектеп апатты жағдайда. Мектептің сметалық жобасы, қажетті құжаттары дайындалғанына биыл үш жыл болады.

Осыған байланысты Сізден хаттарға жауап дайындағанда министрлік қызметкерлерінің жауапкершілікпен қарауын сұраймын.

                 Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Қарағаш ауылында жаңа мектеп салуға республикалық бюджеттен қажетті қаражат бөлу мәселесін қайта қарастыруды сұраймын.

                Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.

                Қосымша 7 бет.

 

 

                Депутат                                                                                  Н.Сабильянов   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Қайырбек М.

                74-62-84    

 

 

 

 

2009 жылғы 1 желтоқсан № 14-3-4/ке-т-409-1

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

Депутаты

Н.С. Сабильяновқа

 

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сіздің Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданы Қарағаш ауылында жаңа мектеп құрылысына қатысты 2009 жылғы 5 қарашадағы № ДЗ-464 сұрауыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексіне сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін келесілер негіз болып табылады:

- техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;

- бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысының;

- тиісті бюджет комиссиясының ұсынысының болуы.

Сонымен бірге, берілген жоба бойынша экономикалық сараптама жүргізу үшін тиісті құжаттамалар ұсынылған жоқ.

Сонымен қатар, 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Халқына Жолдауында Елбасымен жаңа білім беру объектілері құрылысын кейінге қалдыра тұру тапсырылғандығын ескеру қажет.

Одан басқа, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                 К.Қ. Мәсімовтің тапсырмасына сәйкес (2009 жылғы 17 тамыздағы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовте болған № 20-5/007-778 селекторлық мәжіліс хаттамасы) белгіленген тәртіпте тиісті құжаттамалармен қамтамасыз етілмеген инвестициялық жобалар қарастырылмайды.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес және әлемдік қаржы дағдарысына байланысты ел экономикасында орын алған белгісіздікті ескере отырып, берілген мәселені қарастыруды бюджеттік заңнамамен белгіленген тәртіпте 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу барысында қарастыруды орынды деп санаймыз.

 

 

Министрдің м.а.                                                                    Л. Кармазина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын. Күзенбаев Е.

Тел. 743978