Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Ә.Қ.Құсайыновқа
09

 

 

09.09.2009 ж.                                                                   Қазақстан Республикасы

жарияланды                                             Көлік және коммуникация министрі

Ә.Қ.Құсайыновқа

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Әбілғазы Қалиақпарұлы !

 

                2009 жылғы шілде-тамыз айларында Шығыс Қазақстан облысының 20-дан астам елді-мекендерінде болып, сайлаушылармен кездесулер өткізген кезде тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің бірі – жаз айларында Семей-Алматы-Семей бағытында жүретін поездарға билеттің тапшылығы.

                Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жаз айларында поездарға билет алудың қиындығын, тіпті жоқтығын айтып, не себепті қатынап жүрген поездарға қосымша вагондар тіркемеске, қосымша поездар шығармасқа деген мәселелерін көтерген еді.     

                Кезінде жаз айларында қосымша поездар шығарылып, жолаушыларды тасымалдау мәселесі шешілетін. Онда көбінесе студенттер жолсерік болып жұмыс істеп, тәжірибе жинап, өзін-өзі қамтамасыз ететін еді. Міне осындай жақсы бастаманы қазір де жалғастыру керек сияқты. 

                Теміржол көлігі қарапайым халықты тасымалдаудың салыстырмалы түрде қолжетімді түрі екендігін, сонымен қатар Алматы-Защита-Алматы бағытындағы жолаушылар поездының Семей қаласына соқпай, жаңадан салынған Шар-Өскемен теміржолы арқылы жүретінін ескере отырып, Сізден тұрғындардың сұранысына орай:   

1.       Семей-Алматы-Семей бағытында жүретін поездарға, әсіресе жаз айларында, қосымша вагондар тіркеу немесе қосымша поезд шығару;

2.       Семей-Алматы-Семей бағытында жүретін поездарға не себепті жаз айларында билет тапшы болатынын анықтау мәселесін қарастыруды сұраймын.

Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.

 

Құрметпен,

Н.Сабильянов   

М.Қайырбек

74-62-84

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты

Н.С. Сабильяновқа

 

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

                Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің жаз айларында Семей-Алматы-Семей бағытында қатынайтын поездарға билет тапшылығы және қосымша вагондар тіркеу мәселесіне қатысты 2009 жылғы 10 қыркүйектегі № ДЗ-371 депутаттық сауалыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

                Қазіргі таңда Алматы-Семей учаскесінде жолаушылар тасымалы поезының алты жұбы қатынайды:

- № 22/21 Семей – Қызылорда қатынасы, қатынау уақыты күнара;

- № 31/32 Павлодар-Алматы қатынасы, қатынау уақыты күнара;

- № 301/302 Новосибирск-Алматы қатынасы, қатынау уақыты күнара;

- № 325/326 Новосибирск -Алматы қатынасы, қатынау уақыты күнара;

- № 369/370 Ташкент-Новосибирск қатынасы, қатынау уақыты белгіленген күндері;

- № 385/386 Новокузнецк -Бішкек қатынасы, қатынау уақыты 4 күнде 1 рет;

Соның ішінде Семей станциясы бойынша жолаушылар поезына жол жүру билеттерін алдын ала сату үшін келесі орындар мөлшері бекітілген:

                - № 31/32 Павлодар-Алматы қатынасындағы жолаушылар поезына 16 купелі және 12 плацкарттық орынға;

                - №385/386 Новокузнецк-Бішкек қатынасындағы жолаушылар поезына 20 плацкарттық орынға;

                - № 301/302 Новосибирск-Алматы қатынасындағы жолаушылар поезына 20 плацкарттық орын.

                Сонымен қатар соңғы жылдары жолаушылар вагондары құрамының жетіспеуі және тозығы жеткені өзіңізге мәлім. ҚХР жасалған 152 вагон мен Испанияда жасалған 56 жолаушылар вагонын сатып алғаннан басқа, осы

009902

уақытқа дейін соңғы 14 жылда жолаушылар тасымалы вагон паркі жаңартылмаған.

Қазіргі уақытта 500 бірлікке жуық жолаушылар вагоны жетіспейтіндіктен, іс жүзінде барлық поездар толығымен құралмаған. Бұл темір жол көлігімен жүруге жолаушылар сұранысының 12-15 пайызын қанағаттандыра алмайды, ал жаз мезгілінде 30 пайыздық деңгейге дейін жетіп отыр. Алдағы үш жыл көлемінде шамамен 400 жолаушылар вагонын есептен шығаруға тура келеді.

Жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, Министрлік өз кезегінде соңғы үш жыл көлемінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жолаушылар вагондарын сатып алу үшін бюджеттік сұраныс жіберген болатын, бірақ та осы сұраныс кейінге қалдырылып отырды.

Осыған байланысты Семей-Алматы қатынасында жаңа поезды іске қосуға мүмкіншілік жоқ екенін хабарлаймыз.

Дегенмен ағымдағы жылғы 4 қыркүйектен бастап Алматы-Семей бағытында қатынау уақыты күнара болатын қосымша жалғамалы бір плацкарттық вагон қатынайтын болып шешім қабылданды. Алматы станциясынан жөнелтілген кезде № 301 Алматы-Новосибирск қатынасындағы жолаушылар поезының құрамында Семей станциясына дейін және Семей станциясынан жөнелтілген кезде № 21 Семей-Қызылорда қатынасындағы жолаушылар поезының құрамында Алматы станциясына дейін қатынайтынын ақпарат ретінде хабарлаймыз.

 

Құрметпен,

 

Министрдің

      міндетін атқарушы                                                                  А. Бектұров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын: С. Төлепов

тел: 24-27-22