Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Ә.Құсайыновқа
23

 

23.09.2009 ж.                                                              Қазақстан Республикасы

жарияланды                                         Көлік және коммуникация министрі

Ә.Құсайыновқа

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Әбілғазы Қалиақпарұлы !

 

                2010 жылға арналған республикалық бюджетте «Ресей Федерациясының шекарасы (Омбы қаласына) – Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына шығу) Павлодар, Семей қалалары арқылы» автомобиль жолын қайта жаңартуға 3,5 млрд. теңге қарастырылған. Бірақ осы қаражат нақты қай елді-мекендердің аралығындағы жол учаскілерін жөндеуге жұмсалатыны көрсетілмеген екен.  

                Мен Павлодар-Семей-Қалбатау-Зайсан-Майқапшағай республикалық автожолымен автомашина арқылы жүріп өтіп, осы жолдың қазіргі жағдайымен таныстым. Сонда байқағаным Семей-Қалбатау аралығындағы 150 шақырым автожол жол жүрушілерге қиындықтар туғызуда. Бұл қазіргі кезде халықтың өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұл мәселе менің тарапымнан бірнеше рет көтерілді.     

                Осыған байланысты Сізден:

1.       республикалық бюджетте қарастырылып отырған 3,5 млрд. теңгені Омбы-Майқапшағай республикалық автожолының Семей-Қалбатау жол учаскісін қайта жаңартуға жұмсалуын қарастыруды;

2.       Омбы-Майқапшағай республикалық автожолының қанша шақырымы, қандай елді-мекендер аралығындағы учаскілері толық қайта жаңартудан өткенін, оған 2007-2009 жылдарда қанша қаражат жұмсалғанын хабарлауды сұраймын.

 

Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.

 

Құрметпен,

Н.Сабильянов   

 

М.Қайырбек

74-62-84

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2009 жылғы 24 қыркүйектегі

№ Д/З -381 хатқа

 

 

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты

Н.С. Сабильяновқа

 

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі  (бұдан әрі - Министрлік) Сіздің «Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолын қайта жаңартуға қатысты өтінішіңізді қарап, төмендегіні хабарлайды.

2006-2009 жылдары кезінде қайта жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 11,8 млрд. теңге бөлінді, осының есебінен Павлодар облысының «Песчаное-Ынтымақ-Жаңабет-РФ шекарасы» учаскесінде        133 км қайта жаңартумен қамтылды. 2007 жылы Ынтымақ селосы-Песчаное селосы (309-324 км) арасындағы учаскеде 15 км қайта жаңарту аяқталды. Ағымдағы жылы «Ынтымақ-Тереңкөл-Жаңабет» (248-309 км) учаскесіндегі, сондай-ақ ұзақтығы 78 км «Башмачное-РФ шекарасы» (191-208 км) учаскесіндегі жұмыстар аяқталуда. Келесі жылы ұзақтығы 40 км «Башмачное-Железинка-Жаңабет» (208-248 км) учаскесі тапсырылады.

Келесі жылға өтініммен берілген 4 млрд. теңгенің 3,5 млрд. теңгесін Республикалық бюджет комиссиясы қолдады. Оның ішінде 2010 жылы Павлодар облысы бойынша учаскедегі (208-248 км) жұмыстарды аяқтауға 1,7 млрд. теңге және Семей және Қалбатау қалалары арасындағы ұзақтығы 78 км учаскені (828-906 км) қайта жаңарту бойынша жұмыстарды бастауға 1,8 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Осы жалпы құны 11 млрд. теңге жобаны іске асыру 2010-2012 аралығында көзделген. Бұл ретте 2011 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталған жолдың қалған учаскелерінде жұмыстарды бастау жоспарланып отыр.

 

Құрметпен,

Министрдің

міндетін атқарушы                                                            Д. Көтербеков

010493

Орынд.: Л.Құрмашева тел.: 242047