Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ж.А.Досқалиевке
24

 

24.02.2010 ж.                                                          Қазақстан Республикасы

жарияланды                                                      Денсаулық сақтау министрі

Ж.А.Досқалиевке

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Жақсылық Ақмырзаұлы !

 

                2010 жылғы 8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында сайлаушылармен кездескенде маған Аягөз қаласының тұрғыны Аманғайша Таурбаева төмендегідей мазмұндағы хатын берді.

                Хат иесі: «...денсаулығымның күннен-күнге төмендегенін, оң жақ-сол жақ тізе ірі буындарының ауырғаны тобыққа түсіп, аяғымды алып жүруім қиындап таяқпен әрең жүремін. Денсаулық сақтау министрлігінен хатыма берген жауаптарында шығарып салма, тосыңыз болды, шақыртамыз деп үміттендірумен келеді. Астана қаласындағы травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында кезекке тұрғаныма 3 жылға аяқ басты.», - деп жазған.

А.Таурбаеваның тізе буындарына эндопротездеу операциясын жасау туралы менің тарапымнан 2007 ж., 2008 жылғы 29 мамырда, 2009 жылғы 7 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігіне хаттар жолданған.  

2008 жылғы 29 мамырдағы №4-9-1109/Т-332,1 хатқа министрліктен келген жауап хатта «А.Таурбаеваның операциялық емдеу мәселесі 2008 жылдың ІV тоқсанның басымдығы бойынша шешілетін болады» деп жауап берілген. Ал, Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтынан А.Таурбаеваға 2008 жылғы 14 ақпанда берілген жауап хатта «А.Таурбаева операция жасау кезегіне 2008 жылғы 18 қаңтарда қойылды және операция жасау шамамен 1 жылдан кейін мүмкін болады»  деп жауап берілген. Министрліктің департамент директоры А.Айдарханов 2009 жылғы 17 қыркүйектегі жауап хатында «Ірі буындарды эндопротездеу кезекке қойылғаннан кейін екі жылдың ішінде жасалуы тиіс» деп жазған.       

Осыған байланысты Сізден 2 жылдан артық уақыт кезекте тұрған А.Таурбаеваға тізе буындарына эндопротездеу операциясын жасау мәселесін қарастыруды сұраймын.

                Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруіңізді сұраймын.

                Қосымша 11 бет.

 

Депутат                                                                                  Н.Сабильянов

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің депутаты

Н.С.Сабильяновқа

 

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

                Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Сіздің азаматша А.Тәуірбаеваның емделуіне көмек көрсетуге қатысты өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.

          1957 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз қаласының тұрғыны, 3 топтағы мүгедек, Аманғайша Тәуірбаеваның «4-дәрежелі қос тізе гонартрозы. Қос тізе буынының аралас сіресімі» деген диагнозбен «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында тегін, жеңілдікпен ірі буындарға эндопротездеу жасау үшін 2010 жылдың 3-ші тоқсанына кезекте тұр.

Денсаулық сақтау басқармасына тиісті тапсырма берілді.

 

 

          Министрдің

          міндетін атқарушы                                                Б. Садықов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.: Тұрсынбекова Ж.Ж.

             тел 743185