27.01.2010 ж. Қазақстан Республикасының
жарияланды Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы !
Бізге Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Солнечный ауылының тұрғындары - Жарма ауданы Солнечный ауылында 2010 жылғы 10 қаңтарда жылу қазандығы жарылып, жылу жүйесі толық істен шыққанын, балалар мектепке бара алмай отырғанын, адамдардың үйлері пана болмай кеткенін, халықтың жағдайы қиын екенін айтып, хабарласты. Бұрын әскери қалашық болған қазіргі Солнечный ауылының 5 қабатты үйлерінде 1,5 мыңдай адам тұрады. Осы ауылда Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты 4 түзеу мекемесі де орналасқан.
Қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысында ауа-райы қолайсыз болып, аяз 40 градустан асып отыр.
Қыстың қатал аязында бүкіл бір ауыл тұрғындарының жылусыз қалуы төтенше жағдайға әкеп соғып отыр.
Жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың Солнечный ауылындағы жылу жүйесін қайта қалпына келтіру жұмысы 15 күн болды еш нәтиже берген жоқ.
Бұл айтылған мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында да жарияланған.
Осыған байланысты Сізден Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Солнечный ауылының жылу қазандығын іске қосуға, жылу жүйесін қайта қалпына келтіруге қосымша қаражат бөлуді, көмек көрсетуді сұраймыз.
Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймыз.
Құрметпен,
Н.Сабильянов
А.Милютин
Е.Әпсәлямов
Қайырбек М.
74-62-84
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
депутаттары Н.С.Сабильяновқа,
А.А. Милютинге,
Е.Н. Әпсәлямовқа
2010 ж. 28 қаңтардағы
№ ДЗ-22 депутаттық сауалға
Құрметті депутаттар!
Қазақстан Республикасының Үкіметі Сіздердің Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Солнечный ауылындағы жылу жүйесінің істен шыққаны себепті болған жағдайға шара қолдану туралы 2010 жылғы 28 қаңтардағы № ДЗ-22 депутаттық сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлайды.
Бүгінгі таңда Солнечный ауылында болған апаттың салдары жойылып, ауылдағы тұрғын үйлер мен мекемелерді сумен, жылумен жабдықтау қалпына келтірілді, электр тасымалдау желілері түзетілді.
Ауыл тұрғындары мен қылмыстық жазасын өтеп жүргендердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің арасында үсу фактілері болған жоқ.
Алдағы уақытта жоғарыда баяндалған жағдайды болдырмау шараларын іске асыру жайлы тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берілді.
К. Мәсімов