Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н.Әбдіхалықоваға
08

 

08.09.2010 ж.                                                          Қазақстан Республикасы

жарияланды                                Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрі Г.Н.Әбдіхалықоваға

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Гүлшара Наушақызы !

 

                2010 жылғы шілде-тамыз айларында Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесу өткізгенде көтерілген мәселелердің бірі – егіз және одан да көп баланы дүниеге әкелген аналар мен балаларды қолдау мәселесі.

                Мысалы, Аягөз ауданы Айғыз ауылының тұрғыны Шынар Шаяхметова маған жазған хатында: «...егіз баланың анасына, егіз балаға жасалатын Үкімет тарапынан ешқандай жағдайдың болмауы. Мен өзім 4 баланың анасымын. Тұңғыштарым егіз Айман мен Шолпан биыл 11-сыныпқа көшіп отыр. Қазір аяғым ауыр бұл да егіз. Жүктілігіме байланысты демалысқа шығайын деп егіз балаға аяғы ауыр адамға қандай жеңілдік бар десем ешқандай жеңілдік жоқ дейді. 2 баланы әйел адам 1 балаға қарағанда ұзағырақ және ауыр көтереді. Егер 1 балаға 1 жасқа дейін ақша төленсе егіз балаға тым құрыса 1,5 жасқа дейін төленбейді. Егіз баланы өсіру өте ауыр... әйел адамның денсаулығы да қатты әлсірейді.», - деп жазған.

                Осыған байланысты Сізден ана мен баланы қолдау мақсатында, демографиялық жағдайды жақсарту үшін егіз және одан да көп баланы дүниеге әкелген аналарға:

1) жүктіклігіне және босануына байланысты демалыстың мерзімін қосымша 40 (қырық) күнге ұзарту;

2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын жәрдемақыны бір жарым жасқа дейін беру, бала күтімі жөніндегі жәрдемақының мөлшерін әр балаға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындау мәселесін қарастыруды сұраймын.

                Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.

                Қосымша 2 бет.

 

                Депутат                                                                                  Н.Сабильянов

 

                Қайырбек М.

                74-62-84

 

 

 

 

 

№ исх: Ш-6856   от: 08.10.2010

 

ҚАЗАҚСТАН ЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МИНИСТЕРСТВО

ТРУДА И СОЦИАЛЬНОЙ

ЗАЩИТЫ НАСЕЛЕНИЯ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

   0100000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8                                                                 0100000, город Астана, ул. Орынбор, 8

   Министрліктер Үйі                                                                                                          Дом Министерств

  Тел.  (7172) 74-28-51, факс (7172 74 36 08                                                                     Тел. (7172) 74-28-51, факс: (7172) 74 36 08              

         

   __________________  №  ___________________                                                                                                 

  __________________  №  ___________________                                                                                     

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің депутаты

Н.С. Сабильяновқа

 

 

09.09.2010 ж. № Ш-6856

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ана мен баланы әлеуметтік қолдау жөніндегі                 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № Ш-6856 депутаттық сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Жүктілігіне және босануына байланысты демалыстың мерзімін               40 (қырық) күнге ұзарту туралы

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, жұмыс істейтін әйелдерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) жүктілігіне және босануына байланысты әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі - ӘТжб) медициналық ұйыммен жүктілігі және босануына орай берілетін уақытша еңбекке жарамсыздық парағының (бұдан әрі – науқастық қағаз) барлық күндеріне төленеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 556 «Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесін бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрық) 36-тармағына сәйкес қалыпты жағдайда науқастық қағаз жүз жиырма алты күнтізбелік күн (босанғанға дейін жетпіс күнтізбелік күн және босанғаннан кейін елу алты күнтізбелік күн) ұзақтығымен жүктіліктің отызыншы аптасында беріледі. Бұйрықтың 38-тармағына сәйкес, екі және одан көп бала туған жағдайда науқастық қағаз әйел босанған денсаулық сақтау ұйымы немесе босандыру орны бойынша демалыстың барлық кезеңіне он төрт күнге созылады. Сонда, босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстың жалпы ұзақтығы жүз қырық күнтізбелік күнге беріледі.

Ал ядролық сынаулар әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге науқастық қағаз жүктіліктің жиырма жеті аптасынан бастап қалыпты жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстың жалпы ұзақтығы жүз жетпіс күнге, екі және одан да көп бала туған жағдайда – жүз сексен төрт күнге беріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 193-бабының 1-тармағына сәйкес әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін екі және одан да көп бала туған жағдайда – жетпіс күнге дейін беріледі.

Осыған орай, Қордан тағайындалатын ӘТжб үшін науқастық қағазын алған күнге дейінгі соңғы он екі айдағы Қорға төлеушімен (жұмыс берушімен және/немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғамен) төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар негізінде анықталатын орташа айлық табыс сәйкесінше:

-    егер науқастық қағаз жүз жиырма алты (126) күнтізбелік күнге берілсе, 4,2 коэффициентіне;

-    егер науқастық қағаз жүз қырық (140) күнтізбелік күнге берілсе,                                4,7 коэффициентіне;

-    егер науқастық қағаз жүз жетпіс (170) күнтізбелік күнге берілсе,                                                         5,7 коэффициентіне;

-    егер науқастық қағаз жүз сексен төрт (184) күнтізбелік күнге берілсе,                                6,2 коэффициентіне көбейтіледі.

                Сонымен қатар, Заңға сәйкес, Қор қаржысы есебінен бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем (бұдан әрі - ӘТбк) мөлшері жұмыс істейтін әйелдің бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде жұмыс берушімен Қорға төленген әлеуметтік аударымдары негізінде анықталатын орташа айлық табысының 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады. Заңның 23-2-бабының 2-тармағына сәйкес, екі және одан да көп бала туған кезде ӘТбк әр балаға жеке тағайындалады, немесе балалар бір жасқа толғанға дейін ай сайын соңғы екі жылдағы орташа табысының 80 пайызын  алып отырады.

    Бала күтіміне байланысты төлемдер жүргізу кезеңін ұзартудың мақсаттылығы туралы мәселені шешкенде бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысын жоғалту жағдайына Қордан тағайындалатын әлеуметтік төлемдер төлеу туралы құқықтық норма бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақы туралы құқықтық нормаға ұқсас екендігін ескерген жөн. Бала күтімі үшін төлем жүргізу кезеңін ұзарту Қорға төленетін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін арттыру қажеттігін тудырады.    

                Нақты өтініш білдіруші Ш. Шаяхметова Шығыс Қазақстан облысында, яғни ядролық сынаулар әсеріне ұшыраған өңірде тұратын болғандықтан, оған жүктіліктің жиырма жеті аптасынан бастап жүз жетпіс күнтізбелік күнге және екі баланы туғаннан кейін қосымша он төрт күнге науқастық қағазы беріледі. Сол себептен жүкті әйел жүктіліктің жиырма жеті аптасында жалақысының алты айдан артық мерзімдегі мөлшерін алдын-ала бір реттік әлеуметтік төлем түрінде Қор есебінен алады.

                Бала бір жасқа толған күнді қоса алғандағы оның күтіміне байланысты тағайындалатын республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақының мерзімі мен мөлшерін көбейту мәселесі туралы

                Қазақстанда балалы отбасыларды қолдау «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымда қабылданған Заңының аясында жүзеге асырылады. Аталмыш Заң төлемдердің бірнеше түрін қамтиды: отбасының табысын есепке алмай тағайындалатын бала туғанда берілетін жәрдемақы және бала бір жасқа толғанға дейін оның  күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы, сонымен қатар, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінің     60 %  болған жағдайда, он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы.

Балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, оларды әлеуметтік қолдау  мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарына жатады. Сонымен  бірге тұрмыс сапасын көтеру мен өскелең ұрпақты қорғау, әйел-ана мен мықты отбасының беделін, мәртебесін нығайту басты міндет ретінде қойылып отыр. 

Осыған орай 2010 жылдан бастап балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту келесідей қолдау тапты:

-    төрт және одан кейінгі бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 30 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін артты (38880 теңгеден 70650 теңгеге дейін);

-    бала бір жасқа толық толған күнді қоса алғандағы оның күтіміне байланысты тағайындалатын ай сайынғы жәрдемақы мөлшері артты, оның ішінде: бірінші балаға - 5,0-тен 5,5 АЕК-ке (6480 теңгеден 7772 теңгеге дейін);                екінші балаға - 5,5-тен 6,5 АЕК-ке (7128 теңгеден 9185 теңгеге дейін); үшінші балаға - 6,0-дан 7,5 АЕК-ке (7776 теңгеден 10598 теңгеге дейін); төртінші және одан кейінгі балаға - 6,5-тен 8,5 АЕК-ке (8424 теңгеден 12011 теңгеге дейін);

            - қолданыстағы заңнамада «Алтын алқа» белгісімен марапаттау үшін олар туған және тәрбиелеген бала саны оннан жетіге, ал «Күміс алқа» - сегізден алтыға дейін азайтылды;

            - «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, «Батыр ана» атағына ие көп балалы аналарға отбасының табысына қарамастан төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 3,9-дан 6 АЕК-ке дейін көбейтілді (5055 теңгеден 8478 теңгеге дейін).

Сондай-ақ, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан жоғары баласы бар көпбалалы отбасыларға 3,9 АЕК немесе 5511 теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Материалдық жағдайы қиын аз қамтылған балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек (жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен болған жағдайда) және тұрғын үй көмегі (коммуналдық қызметтерге кететін шығындар осы мақсаттағы рұқсат етілген шекті көлем шығындарынан асқан жағдайда) көрсетіледі.

Сіздің ана мен баланы әлеуметтік қолдауды күшейту бойынша берген  ұсынысыңыз назарға алынғанын, алайда әлеуметтік сипаттағы мәселелер, оның ішінде қолданыстағы жәрдемақылардың мөлшері мен мерзімін арттыру елдің экономикалық даму қарқынына сай мемлекеттік бюджеттің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілетіндігін  хабарлаймыз.

   

 

    Министрдің міндетін

атқарушы                                                                                                                           Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орынд. Сыдықова Ж., 743342