02.09.2010 ж. Қазақстан Республикасы
жарияланды Қаржы министрі Б.Б.Жәмішевке
Депутаттық сауал
Құрметті Болат Бидахметұлы !
2010 жылғы 18 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл кентінде азаматтарды қабылдаған кезде Тарбағатай ауданында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің атынан төмендегідей мазмұндағы хатын алдым.
Хат иелері: «Сізге арыз жазып отырған Зайсан көлінің Тарбағатай ауданына қарасты бөлігінде балық шаруашылығымен айналасып, жұмыс орнын ашып, жүздеген кісілерді жұмыспен қамтамасыз етіп, мемлекетке тиісті салықтарды төлеп отырған жеке және занды тұлғалар өкілдері. Атап айтсақ балық шаруашылығымен шуғылданатын: «Рыбаки - Зайсана» ӨК, «Зайсан - Иртыш» ЖШС, «Айгерім» ШҚ және ауланған балықты өңдейтін «Казрыба» ЖШС.
Біздің адал еңбек етіп отырғанымыз біреулерге ұнамаған болу керек, 2009 жылдың қазан айынан бері Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы қайта-қайта үздіксіз тексерулер ұйымдастырып, салық органдарына қысым көрсетіп бізге ешқандай негізсіз, заңсыз миллиондаған теңгеге салықтар есептетіп төлеуге мәжбірлеп отыр. Егер біз осы заңсыз есептелген салықтарды төлеуге келіссек өндірісіміз мүлдем тоқтайды. Тексеруді ұйымдастырушылардың мақсаты да біздің өндірісімізді тоқтату сияқты.
Заң бойынша бізді бір ай бұрын ескертіп аудандық салық басқармасы тексеруге құқылы. Облыстық прокуратурасы болса бірден облыстық салық комитетінің қызметкерлерін, басқа ауданның салық қызметкерлерін қатыстырып тексерулер жүргізіп, Тарбағатай ауданының салық қызметкерлеріне өздеріне қажетті тексеру актісін жасатқан. Осының нәтижесінде біздің ауланған және өңделіп сатылған балықтың көлемін жасырған, ол ветеринарлық куәліктердің түбіртектерімен дәлелденіп тұр - деген қорытынды шығартып актіде қөрсеткен.
Анығында біз прокуратура көрсетіп отырған ветеринарлық куәліктерді ешқашан алмағанбыз, тіпті ол куәліктерді ешқашан көрген жоқпыз. Заң талаптары бойынша ет және балық өнімдерін өткізерде өнім өткізетін адам не заңды тұлға жазбаша өтініш жазып ветеринарлық куәліктерді арнаулы жорналға қол қойып алады. Біз өткізген балық үшін ветеринарлық куәліктерді дәл осындай жолмен жорналға қол қойып алып отырғанбыз. Ал прокуратура және салық органдары біздің сыртымыздан жазылған, біз ешқашан алмаған ветеринарлық куәліктердің түбіртектері негізінде заңсыз салықтар есептеп отыр. Бұл жалған құжаттар ешқашан салық есептеуге негіз бола алмайды . Осы бойынша прокуратура және салық органдары қарама-қарсы тексерулер жүргізген бірақ ешқандай заңсыздық таппаған.
Осыған қарамастан салық органдары облыстық прокуратура қызметкерлерінің қысымымен және тапсырысымен «Казрыба» ЖШС-не 28 миллион теңге, «Рыбаки - Зайсан» ӨК-не 1 миллион 600 мың теңге, «Зайсан - Иртыш» ЖШС-ге 10 миллион теңге, «Айгерим» ШҚ -на 300 мың теңге заңсыз салықтар есептеп отыр.
Прокуратура мен салық органдары 2009 жылдан бері қарсы тексерулер жүргізіп біздің тарапымыздан ешқандай зансыздық таба алмаған. Соған қарамастан салық төлетуге негіз болмайтын, құқық бұзушылық туралы дәләлдеме болмайтын, жалған құжаттарды (ветеринарлық куәліктерді) пайдаланып, біздің құқығымызды бұзып, келешекте кәсіпкерлік пен айналасуға кедергі келтіріп отыр. Біз тексеру үйымдастырып отырғандарды мемлекет мүдесі емес, біз балық аулайтың Зайсан көлінің бөлігі қызықтырып отыр - деп ойлаймыз. Себебі, прокуратура құқық қорғау органы болғандықтан өз жұмысында заң талаптарына сәйкес нақтылы дәләлдемелерге сүйенуге тиіс. Егер біреулер заң талаптарын бұзса оның кінәсі заң шеңберінде дәлелденуі керек. Біз өткен қыста қар қалың болғандықтан, көктемде су тасығандықтан балық аулай алмай зиян шектік. Жаз шыққаннан бері тексеруден көз ашпай келеміз.
Елбасымыздың саясатының арқасында кәсіпкерлікпен айналысып, пайда тауып өзімізге, салық төлеп мемлекетке, жұмыс орнын ашып жұртқа тиімді кәсіпкерлікпен айналасып жүрген азаматтармыз. Елбасымыз Жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысы халық берген бағамен бағалануға тиіс-деген. Облыстық прокуратура болса заңсыз салықтар төлетіп жалған көрсеткіші үшін біздің бизнесімізді құрбандыққа шалмақшы.
Сізден заңсыздықты тоқтату үшін «Нұр Отан» партиясы, облыстық әкімшілік, ҰҚК-нің өкілдерін, облыстық маслихат депутаттарын қатыстыра отырып, комиссия құрып арызымызды тексертсеңіз. Тексеру кезінде бізді заңсыз тексергендердің көптеген заңсыз әрекеттері ашылатына сенімдіміз. біздің қолымызда олардың теріс әрекеттерін әшкерелейтін құжаттар бар.», - деп жазған.
Осыған байланысты Сізден «Рыбаки - Зайсана» ӨК, «Зайсан - Иртыш» ЖШС, «Айгерім» ШҚ және «Казрыба» ЖШС жетекшілерінің хатында көрсетілген – оларға заңсыз салық салу мәселесін қарастыруды сұраймын.
Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.
Қосымша 115 бет.
Депутат Н.Сабильянов
Қайырбек М.
74-62-84
№ исх: НК-07/14620 от: 28.09.2010 |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сабильяновқа Н.С.
Құрметті Нұртай Салихұлы!
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының балық шаруашылықтарына жүргізілген салық тексерулеріне қатысты Сіздің 03.09.2010 жылғы № ДЗ-404 сауалыңызға мынаны хабарлайды.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-1-бабы 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан адамдардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілгені не зиян келтіру қатері туралы ақпарат пен өтініштер алу;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 36-бабы 5-тармағына сәйкес қылмыстық iзге түсу органының заңға сәйкес қойылған талаптарын барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар орындауға мiндеттi. Аталған талаптарды орындамау заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Шығыс Қазақстан облысы Прокуратурасының 04.05.2010 ж. № 7-5-1350-09 тапсырмасына байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 627-бабы 9-тармағына сәйкес кейбір табиғат пайдаланушыларға, оның ішінде «Рыбаки Зайсана» ӨК, «Зайсан-Иртыш» ЖШС, «Казрыба» ЖШС, «Әйгерім» шаруа қожалығы үшін жоспардан тыс салықтық тексерулерін жүргізуді тағайындады.
Салықтық тексерулердің нәтижесінде көксерке (судак) балығын лимиттен жоғары аулау, сондықтан салық салу объектінің көлемін жасыру бөлігінде салық заңнамасын бұзу деректері анықталды.
Заңды тұлғалар балықты лимиттен жоғары аулаған, сонымен бірге ветеринарлық куәліктерін алу барысында алынатын ілеспе құжаттарын алғашқы бухгалтерлік құжаттарында және салық есептілігінде көрсетпеген.
Салық кодексінің 639-бабы 1-тармағына сәйкес салық қызметі органдары есеп жүргізу тәртібінің бұзылғанында және есеп құжаттамасының жоғалу немесе жойылу жағдайында салық салу және (немесе) салық салуға байланысты объектілерін жанама әдістер негізінде анықтайды.
Салық кодексінің 641-бап нормалары салық салуға байланысты объектілерін тексеруге жататын салық төлеушінің қызмет түріне, сипатына, жағадайына байланысты жанама әдістер негізінде анықтау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарының, мемлекеттік емес органдарының, жергілікті атқарушы органдарының мәлеметтерін пайдалана алатынын қарастырған.
Салық кодексінің 666-бабына сәйкес салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерулердің нәтижесі жайындағы хабарлауна салық қызметінің жоғары тұратын органына немесе сотқа шағымдануына болады деп қосымша хабарлаймыз.
Қазір жоғарыда аталған салық төлеушілер салықтық тексерулердің нәтижесі туралы хабарлама Шығыс Қазақстан Салық департаментіне шағым берілген.
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрі Б. Жәмішев
Орын. Сатвалдинов Е
Депутату Мажилиса Парламента Республики Казахстан
Сабильянову Н.С.
Уважаемый Нұртай Салихұлы!
Министерство финансов Республики Казахстан на Ваш запрос от 03.09.2010 года № ДЗ-404 относительно налоговых проверок рыбных хозяйств Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области, сообщает следующее.
Согласно подпункту 2 пункта 7 статьи 37-1 Законома Республики Казахстан «О частном предпринимательстве» основанием внеплановой проверки субъектов частного предпринимательства является получение информации и обращений, в том числе от государственных органов о причинении либо угрозе причинения существенного вреда жизни, здоровью людей, окружающей среде и законным интересам физических и юридических лиц, государства.
В соответствии с пунктом 5 статьи 36 Уголовно-процессуального Кодекса Республики Казахстан требования органа уголовного преследования, предъявленные в соответствии с законом, обязательны для исполнения всеми государственными органами, организациями, должностными лицами и гражданами.
Так, согласно поручению Прокуратуры Восточно-Казахстанской области от 04.05.2010 года № 7-5-1350-09 Налоговым департаментом по Восточно-Казахстанской области в соответствии с пунктом 9 статьи 627 Кодекса «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) назначены внеплановые налоговые проверки ряда природопользователей, в том числе ПК «Рыбаки Зайсана», ТОО «Зайсан-Иртыш», ТОО «Казрыба», к/х Айгерим.
По результатам налоговых проверок установлены факты нарушения налогового законодательства, в части сверхлимитного вылова рыбы судака и, соответственно, сокрытие объекта налогообложения.
Указанные налогоплательщики производили отлов рыбы сверх установленного разрешением лимита, при этом сопроводительные накладные предоставляемые при получении ветеринарных свидетельств не отражались в первичных бухгалтерских документах и, как следствие, в налоговой отчетности.
В соответствии с пунктом 1 статьи 639 Налогового кодекса в случае нарушения порядка ведения учета, при утрате или уничтожении учетной документации органы налоговой службы определяют объекты налогообложения и (или) объекты, связанные с налогообложением на основе косвенных методов.
Нормами статьи 641 Налогового кодекса предусмотрено, что для определения объектов связанных с налогообложением, на основе косвенных методов органы налоговой службы в зависимости от обстоятельств, характера и рода деятельности проверяемого налогоплательщика могут использовать сведения уполномоченных государственных органов, негосударственных организаций, местных исполнительных органов.
Дополнительно сообщаем, что в соответствии со статьей 666 Налогового кодекса налогоплательщик (налоговый агент) вправе обжаловать уведомление о результатах налоговой проверки в вышестоящий орган налоговой службы или в суд.
В настоящее время, указанными налогоплательщиками, уведомления о результатах налоговых проверок обжалованы в Налоговый департамент по Восточно-Казахстанской области.
Министр финансов
Республики Казахстан Б. Жамише
исп. Сатвалдинов Е.
Тел. 71-78-53