02.09.2010 ж. Қазақстан Республикасы
жарияланды Көлік және коммуникация министрі
Ә.Қ.Құсайыновқа
Депутаттық сауал
Құрметті Әбілғазы Қалиақпарұлы !
2010 жылғы шілде-тамыз айларында Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданының 25 ауылында халықпен кездесулер өткізгенде тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің бірі – автожолдарды күрделі жөндеу мәселесі.
Атап айтқанда, республикалық деңгейдегі Қарағанды-Аякөз-Боғас автожолының Малкелді ауылы - Аякөз қаласы – Тарбағатай жол учаскесіне 17 жылдай болды күрделі жөндеу жүргізілмеген. Бұл қарапайым халыққа, жолаушыларға, жүргізушілерге қиындық туғызуда.
Сонымен қатар, Аякөз-Қарауыл автожолын және Ақтоғай кентінен Өскемен-Алматы республикалық автожолына дейінгі 85 шақырым жолын күрделі жөндеуден өткізу мәселелері көтерілді.
Осыған байланысты Сізден:
- республикалық деңгейдегі Қарағанды-Аякөз-Боғас автожолының Тарбағатай-Аякөз-Малгелді жол учаскесін күрделі жөндеу;
- Аякөз – Қарауыл автожолын жөндеу;
- Аякөз ауданы Ақтоғай кентінен республикалық деңгейдегі Алматы-Өскемен автожолына дейінгі 85 шақырым автожолды жөндеу мәселесін қарастыруды сұраймын.
Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.
Депутат Н.Сабильянов
Қайырбек М.
74-62-84
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ ДС-410 хатқа
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
депутаты
Н.С. Сабильяновқа
Құрметті Нұртай Салихұлы !
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз», «Аягөз – Қарауыл» автожолдарын және «Алматы – Өскемен» автожолы мен Ақтоғай кентінің арасындағы учаскені жөндеу жөніндегі хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» автожолының «Манкент – Аягөз –Тарбағатай» учаскесіне қатысты
Учаскеде қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз ету мақсатында 2005 жылдан бастап ұзақтығы 112 км орташа жөндеу орындалды.
2011-2013 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде Министрлік 003 бағдарламасы бойынша республикалық маңызы бар автожолдарды күрделі жөндеуге 45,5 млрд. теңге көлемінде қаржы мәлімдеді, соның ішінде Республикалық бюджет комиссиясы тек 27 млрд. теңгені қолдады, олар басталған объектілерді аяқтауға және авариялық көпірлерді қалпына келтіруге көзделген.
Қазіргі уақытта жолдарды қайта жаңарту бойынша бөлінген қаржы қаражаттары «Омбы – Павлодар – Майқапшағай» автожолын қоса алғанда, алты негізгі халықаралық дәліздер бойынша жұмыстарды аяқтауға бағытталады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, күрделі жөндеу жүргізілгенге дейін автомобиль жолдарының жай-күйі орташа және ағымдағы жөндеулер есебінен күтіп ұсталатын болады.
«Аягөз – Қарауыл» автожолына және «Алматы – Өскемен» автожолы мен Ақтоғай кентінің арасындағы учаскеге қатысты
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-тармағына сәйкес ауылдық жолдар мен көшелер жергілікті атқарушы органдардың иелігінде және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын коммуналдық меншік болып табылады.
2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 028 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін нысаналы трансферттер» және 012 «Облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарын дамытуға нысаналы трансферттер көзделген.
Айтылғандардың негізінде, облыс әкімдігі келесі жылдары осы автожолдарды жөндеуге тиісті өтінімді ұсынған жағдайда Министрлік республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен бұдан әрі қаржыландыруды қарастыратын болады.
Құрметпен,
Министрдің
міндетін атқарушы Д. Көтербеков
Орын.: Қ. Өтепбергенов
тел.: 24-37-51
На № ДЗ-410 от 03.09.2010 г.
Депутату
Мажилиса Парламента
Республики Казахстан
Сабильянову Н.С.
Уважаемый Нуртай Салихулы !
Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее – Министерство) рассмотрев Ваше письмо по ремонту автодорог «Караганда - Аягоз - Бугаз», «Аягоз - Карауыл», и участка между автодорогой «Алматы - Усть-Каменогорск» и пос.Актогай, сообщает следующее.
Касательно участка «Манкент-Аягоз-Тарбагатай» автодороги «Караганда - Аягоз - Бугаз»
В целях обеспечения безопасного проезда на участке с 2005 года выполнен средний ремонт протяженностью 112 км.
При формировании бюджета на 2011-2013 годы Министерством по программе 003 на капитальный ремонт автодорог республиканского значения заявлены средства в размере 45,5 млрд.тенге, из них Республиканской бюджетной комиссией поддержано только 27 млрд.тенге, которые предусмотрены на завершение начатых объектов и восстановление аварийных мостов.
В настоящее время выделенные финансовые средства по реконструкции дорог направляются на завершение работ по шести основным международным коридорам, включая дорогу «Омск-Павлодар-Майкапчагай».
В связи вышеизложенным до проведения капитального ремонта состояние автомобильных дорог будет поддерживаться за счет среднего и текущего ремонтов.
Касательно автодороги «Аягоз - Карауыл», и участка между пос.Актогай и автодорогой «Алматы - Усть-Каменогорск»
В соответствии с пунктом 5 статьи 4 Закона Республики Казахстан «Об автомобильных дорогах» сельские дороги и улицы находятся в ведении местных исполнительных органов и являются коммунальной собственностью, которые финансируются за счет средств местных бюджетов.
В проекте Республиканского бюджета на 2011-2013 годы, в рамках бюджетных программ 028 «Целевые трансферты на развитие областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на развитие транспортной инфраструктуры» и 012 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам на капитальный и средний ремонт автомобильных дорог областного и районного значения» предусмотрены целевые трансферты на развитие автодорог областного и районного значения Восточно-Казахстанской области.
На основании изложенного, в случае предоставления акиматом области соответствующей заявки в последующие годы на ремонт данных автодорог Министерством будет рассмотрено дальнейшее финансирование за счет трансфертов из республиканского бюджета.
С уважением,
И.о. Министра Д. Кутербеков