2016 жылғы 14 сәуірдегі
№ДС-4 депутаттық сауалға
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
депутаттары
Ж.А. Омарбековаға
Құрметті Нұртай Салихұлы, Жанат Ануарбекқызы!
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
(бұдан әрі – Министрлік) Сіздердің ауылдық елді
мекендердегі (бұдан әрі – АЕМ) мектептерді жоғары
жылдамдықты Интернет қызметтерімен қамтамасыз етуге
қатысты 2016 жылғы 13 сәуірде жарияланған
депутаттық сұрауды қарап, келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша бүгінгі күні республикада мектептердің жалпы саны – 7 271 (1 773 қалалық жерде, 5498 ауылдық жерде) құрайды.
Интернетке кіру мүмкіндігі бар мектептер саны - 7 196 (1 748 қалалық жерде, 5448 ауылдық жерде), оның ішінде жылдамдығы 512 Кбит/с Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділігі (бұдан әрі – КЖҚ) бар мектептердің саны – 5 541 (1 732 қалалық жерде, 3809 ауылдық жерде) оның ішінде жылдамдығы 4 Мбит/с Интернет желісіне КЖҚ бар мектептердің саны – 2 024 (1 064 қалалық жерде, 960 ауылдық жерде) құрайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда телекоммуникациялық инфрақұрылым халықты және бизнесті Интернет желісіне КЖҚ қызметтерімен қамтамасыз ететін CDMA/EVDO, FTTH/B, ADSL, 3G, 4G технологиялардың көмегімен дамуда.
Ауылдық жерлерде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтері ADSL, CDMA/EVDO, ал қалалық жерлерде ADSL, FTTН, 3G, 4G технологиялары арқылы ұсынылады.
CDMA/EVDO жобасы Қазақстан Республикасының 97% (7 млн.адам) АЕМ іске асырылған. CDMA/EVDO технологиясы бойынша Интернетке қатынаудың ең жоғарғы жылдамдығы абонент үшін 3,1 Мбит/с құрайды, бұл КЖҚ қызметтері 100 Мбит/с жылдамдықпен көрсетілетін қаламен салыстырғанда төмен көрсеткіш болып табылады.
Ауыл тұрғындарын Интернет желісіне жылдамдығы әлдеқайда жоғары КЖҚ қызметтерімен қамтамасыз ету үшін Министрлік «Қазақтелеком» АҚ және «Транстелеком» АҚ бірлесіп талшықты-оптикалық байланыс желiлерiн пайдалана отырып «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін Интернетке КЖҚ қамтамасыз ету» жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Аталған Жобаны екі кезеңде іске асыру жоспарланып отыр:
1-ші кезең 2016-2018жж. - 1291 АЕМ (2,1 млн. тұрғын, 0,8 млн. үй-шаруашылығы, 1023 мектеп) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетіктері бойынша;
2-ші кезең 2019-2025 жж. – шамамен 4 283 АЕМ (1,9 млн. тұрғын, 0,5 млн. үй-шаруашылығы, 3356 мектеп);
Барлығы – 5 574 АЕМ (4 млн. тұрғын, 1,3 млн. үй-шаруашылығы, 4 379 мектеп).
2019 жылдан бастап 2-кезеңдегі АЕМ КЖҚ қызметтерімен қамтамасыз ету үшін баламалы технологияларды қолдану қарастырылуда, өйткені талшықты-оптикалық байланыс желісін шалғайда жатқан аз тұрғындары бар АЕМ салу экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады.
Бүгінгі күні, 1-ші кезеңдегі 1 291 елді мекендер тізбесі анықталды, бұл ретте, Жобаны қаржыландыру мәселелері шешілмеген.
Жоба сәтті іске асырылған жағдайда АЕМ мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелер, оның ішінде мектептер мен медициналық мекемелер Интернет желісіне жылдамдығы кемінде 10 Мбит/с КЖҚ қызметтерін алатын болады.
Министр Ә. Исекешев
Орынд.: Тажибаев Б.
тел. 74-07-45, 74-10-15
b.tazhibaev@mid.gov.kz